Мемлекеттер тұрпаты жағынан: аграрлық,индустриялдық және постиндустриялдық болып бөлінеді.Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі. Қоғамдық өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады.Әдетте,қоғамдық өмір аяларын экономикалық,әлуметтік.саяси мәдени деп төртке бөліп қарастыруға қабылданған. Мемлекет пен кұкық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4—5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын коныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үңдістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандык туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізіңде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мемлекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкеңдердің, туысқаңдардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды.