Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1088/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1084   1085   1086   1087   1088   1089   1090   1091   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

113 сурет.
Ісік синдромы
.
5. Гематурия – бұл ЖГН-тің маңызды диагностикалық белгісінің бірі.
Микрогематурия /бірең-сараңнан – 30-40 эритроциттерге дейін/ макрогематуриядан 2
есе жиі кездеседі, яғни эритроцитердің диапедез арқылы зақымдалған шумақтардан
зәрге өтуі. Микрогематурия жайлы белгі, бірақ, ол ұзақ байқалатын протеинуриямен
қосарлануы жәйсіз болады.
6. Лейкоцитурия – ЖГН-те 20-30-дан аспайды. Лейкоцитерде зәрге эритроциттер сияқты
диапедез бойынша өтеді.
7. Цилиндурия – ісік синдромында жиі кездеседі. Олардың пайда болуы бүйректің
зақымдалуын көрсетеді және олардың пайда болу себебі – белок несепте қышқыл
реакцияда бүйрек түтікшелерінде оралады, олардың пішінің қабылдайды, сүйтіп
гиалинді цилиндрлер пайда болады. Оған эритроциттер қалдықтары жабысса, дән
тәрізді цилиндрлер пайда болады, ауыр жағдайда эпителиалды және воск тәрізділері
байқалады. Жедел гломерулонефритте эритроцитарлы және гемоглобинді, сиректеу
лейкоцитарлы түрлері анықталады.
Биохимиялық өзгерістер: 
1. Қандағы азот пен мочевина деңгейі шумақтардың зақымдалу дәрежесіне байланысты
өседі.
2. Шумақтық сүзілудің төмендеуі. Дерттің беті қайтуына байланысты оның деңгейі өседі.
3. Қандағы белоктың өзгеруі - ісіну синдромдағы гипопротеинемия, λ
2
және G
глобулиндердің артуына байланысты пайда болатын дисглобулинемия.
4. Холестерин мөлшерінің өзгеруі
5. Қанның электролит құрамының өзгеруі /әсіресе гиперкалиемия/
669


6. Стрептококктық антиденелердің титрі жоғарлауы
7. Стрептококктардың 12, 4, 25 типтеріне М-антиденелердің болуы
8. Комплименттің және оның фракцияларының деңгейінің төмендеуі.
9. Қандағы өзгерістер: анемия, лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ-ның артуы /30-40 мм
дейін/ қан ұйыту жүйесінің бұзылуы мүмкін. 
Аурудың үш кезеңі болады:
Бірінші – айқын клиникалық көріністер немесе бастапқы кезең.
Екінші – кері даму кезеңі.
Үшінші – толық клиникалық- лабораториялық сауығу (ремиссия) кезеңі.
Бастапқы кезеңде төрт клиникалық синдром білінеді: жедел нефритикалық синдром,
нефротикалық синдром, жекеленген несептік синдром, гипертензиямен және
гематуриямен қосарланған нефротикалық синдром.
Нефритикалық синдром басталғанда – ісік, артериялық гипертензия, несеп синдромы
байқалады. Көбіне артериялық гипертония және гематуриямен шектеледі. Егер таза
нефротикалық синдром болса – ісік және гематурия байқалады. Гипертензия болуы шарт
емес. Кейде ЖГН жасырын басталуы мүмкін. Мұндай жағдайда диагноз қою қиынға
соғады. Себебі: аурулар, тек несебінің түсі «ет жуындысы» сияқты өзгерген кезде ғана,
дәрігерге қаралады. Аурудың алғашқы сатыларында бүйрек қызметі сақталады. Оны
қалдықты азот, мочевина және креатининге қарап ажырату қиынға түседі. Кей науқастарда
қалдықты азот көбеюі мүмкін, ацидоз, электролиттік бұзылыстар байқалып, бүйректің
концентрациялық және фильтрациялық қабілеттері төмендейді. Бұл 2-4 аптаға созылады.
Нефротикалық синдромға тән: таралаған айқын ісіктер, протеинурия (3 г жоғары),
гипопротеинемия (55г/л төмен), гипоальбуминемия (40% төмен), альфа 2
гиперглобулинемия, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия, ЭТЖ жоғарлауы,
Гипертензия және гематурия болмайды. Көбіне ерте жастағы балаларда дамиды.
Жекеленген несеп синдромына тән: аздаған интоксикация белгілері, ісіну. Несептің
түсі өзгереді және мөлшері азаяды. Несеп тұнбасында макро- және микрогематурия,
аздаған протеинурия аныталады. 
ЖГН-тің белгілерінің кері даму кезеңінде – гипертония, ісіктер жоғала бастайды. 3-6
айдан кейін бүйректің қызметі қалпына келіп, несеп синдромы жойыла бастайды.
Жекеленген белгілердің сақталып қалуы ЖГН-тің ауыр түрлеріне тән. Егер І-жылдан
асқан соң сол белгілері қалатын болса, ол созылмалы түріне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1084   1085   1086   1087   1088   1089   1090   1091   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет