Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1337/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1333   1334   1335   1336   1337   1338   1339   1340   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

XVIIІ Т А Р А У
ИММУНДЫТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Иммунитет
– антигендік гомеостазды қамтамасыз ету және қолдау жолы. Ішкі
ортаның антигендік тұрақтылығы, яғни организмде тек «өзінікі» болуы өз
жасушаларының қабілетін реттеу үшін қажет (өзге бақылаудан «қашу»). «Өзгені»
инфекциялық агент немесе оның өнімдері, аллогендік жасушалар (құйылған қан,
трансплантат), вирус, химиялық-физикалық заттарды бойдан шығару немесе жою өзіндік
гомеостазының «тазалығын» қамтамасыз етудің шарты. Осылайша инфекция, қатерлі ісік,
аутоагрессиядан қорғану іске асып отырады.
«Өзінің» тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, оны танитын тетік кажет,
яғни «өзін өзі тану», бұл үшін жасушаларда гистосәйкестіктің басты кешенінің (ГБК,
МНС-Маjог histomcopatibiliti соmрlех немесе НLА-Нuman lеuсосуtе antigen) молекулалары
бар. Өзін өзі тану тетігінің қалыптасуы антенатальды кезеңде тимуста жүреді; бұл Т-
лимфоциттер клондарын таңдаудан (селекциядан) тұрады, соңғылар НLА – қатынасы
арқылы өз жасушаларымен жарасымды қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Иммундық жауаптың кез келген түрі (иммунитет, толеранттылық, аллергия,
иммундық жад т.б.) спецификалық: антигеннін (АГ) қарсыденемен (спецификалық
иммуноглобулин молекуласының комплементаралық бөлігімен, немесе Т-клеткалық
рецептор – ТКР) әрекет-қатынасқа түсуі; және спецификалық емес: адгезия,
цитокиндер, екіншілік жасушаішілік «қосушы» молекулалардың араласуы, антиген-
антидене реакциясының іске асуы мен реттелуі үшін қан мен дәнекер тіндердің түрлі
жасушаларының жұмысқа қосылуы.
«Өзгені (бөтенді) жоюдың тәсілдері әртүрлі:
1.
Спецификалық (Jеll мен Сооmbs бойынша аллергия жіктелуінің П-типі) және
спецификалық емес цитолиз (ІІІ-тип-иммунокомплекстік), бұлар антиденелер және
комплемент жүйесі протеазаларының қатысуымен жүреді.
2.
Қарсыденелер, спецификалық емес киллер-жасушалар, олардың Ғс-рецепторлары
және жасушаішілік протеазалар экзоцитозы араласуымен жүретін спецификалық
цитолиз (қарсыденелерге тәуелді жасушалық цитотоксикалық – КДТЖЦ).
3. 
Спецификалық жасушалық цитолиз (IV-тип) ТКР цитотоксикалық Т-лимфоциттер
(ЦТЛ - Т-киллерлер) араласуымен;
4.
Табиғи киллерлер жұмысымен жүретін спецификалық емес клеткалық цитолиз (NК –
Natural killer cells).
787


5. Опсонинденуге ұшыраған клеткалардың фагоцитозы және олардың лизосомальдық
ферменттер мен әсіресе тотықты радикалдар көмегімен жасушаішілік жойылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1333   1334   1335   1336   1337   1338   1339   1340   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет