В-лимфоцигттердің жетілуі соңында әр плазматикалық клетка тек белгілі изотипті
және өзіндік иммуноглобулин түзіп, шығара алады. Иммуноглобулиндер – тетрамерлер, 2
жеңіл және 2 ауыр тізбектерден тұрады. В-клеткалар беткейінде олар антигендер үшін
рецептор
рөлін атқарады, ал түзілген қарсыденелер гуморальдык иммундық жүйенің
эффекторлары болады.
Иммундық жауаптың реттелуі мен іске асуында (яғни эффекторлық фаза) ерекше
орынды цитокиндер мен олардың рецепторлары алады. Бұл еритін медиаторлардың үлкен
тобы: интерлейкиндер, колониестимулдаушы факторлар (КСФ), интерферондар, бұларды
негізінен Т-лимфоциттер мен моноциттер түзеді. Бұлардың кабілеті кең түрде, мысалы,
бір цитокин түрлі қабілетті болып, олар әртүрлі жасушаларға арналса; және де түрлі
цитокиндердін эффектісі бірдей болуы да мүмкін.
ИЛ-1, -6, -8 жедел фазалық реакцияны ынталандырады және де иммундық жауап
этаптарына да қатысады: ИЛ-1 СД 4 Т-лимфоциттерді (хелперлер) белсендіреді, соңғылар
ИЛ-2 түзеді. ИЛ-6 В лимфоциттердің жетілуі мен қарсыденелер түзуін ынталандырады.
Цитокиндер әсерінің спектрі кең:
пролиферацияны бақылау, лимфоидты
клеткалардың жетілуі, иммуноглобулиндер кластарын түзу (мысалы, ИЛ-4 мен ИЛ-13 Іg Е
түзілуіне жауапты) ж.б., демек, біржола иммунитет, қабыну және гемостаз
құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Иммунды компонентті клеткалар, олардың рецепторлары (оның
ішінде
иммуноглобулиндік), цитокиндер мен оның рецепторлары және адгезия молекулаларын
(селектин- мен интегриндер) қалыптастыруға қатысатын гендер түрлі хромосомада
орналасқан; НLА жүйесінің гені 6-хромосоманың қысқа иығында. Іg-дердің ауыр тізбегі
және ТСR-дің α, ß, g тізбектері 14-хромосоманың гендерімен кодталады. Іg-дің женіл
тізбектері 2 және 22-хромосомалар гендерімен кодталады. Иммундық жауаптың гендік
байқауы Х-хроморомада орналасқан
біраз гендерге қатысты, бұл біріншілік
иммундытапшылық синдромы - ИТС-дардың Х-қиулас тұқым қуалауында байқалады.
ИТС-тың түрлі дерттермен байланысы
138 кестеде
көрсетілген.
138 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: