М-иммуноглобулин мөлшері
жоғары гипогаммаглобулинемия
.
Аутосомды-рецессивті де, Х-хромосомасымен қиылыса да берілуі ықтимал. Ұл балаларда
іріндік бактериальдық инфекциялардың ауыр ағымымен көрініп, нейтропения,
тромбоцитопения, гемолитикалық, гипопластикалық анемия және сепсиспен қосарласу
бейімділігімен ерекшеленеді
. Саңырауқұлақ, пневмоциста, көк-жасыл ірің таяқшаларға
байланысты инфекциялық құбылыстар тән. Лабораториялық көрсеткіштері: М-иммуно-
глобулині қалыпты немесе жоғары болумен қатар, қанда А мен G-иммуноглобулиндер
денгейі өте төмен, изогемаглютининдер титрі аз.
Болжамы
қолайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |