А-иммуноглобулинінің секреторлы қ компонентінің тапшылы ғы . Берілу жолы мен клиникасы жоғарыда көрсетілген кеселден еш айнымайды, бірақ А- иммуноглобулин концентрациясы қанда қалыпты, секреторлық компонентінің жоқтығынан секреттерде оның димері жок . Ең айқын көріністері: созылмалы диарея
мен рецидивті бронх-өкпелік инфекциялар, бронх демікпесі. Кенеттен қайтыс болу
сиңдромына бейімділігі байқалады.
М-иммуноглобулинінің селективті тапшылы ғы аутсомды-рецессивті типпен беріліп, бактериальдық инфекииялардың тез өрбуі және онын өте ауыр ағымымен ерекшеленеді (әсіресе пневмококк пен менингококтік инфекция Уотерхаус –
Фридериксен синдромына соқтырады);
шеткі лимфа түйіндері үлкейіп, спленомегалия кездеседі; атопиялық әсерлер мен регионарлық энтериттерге бейімділік байқалады. Болжамы көмескі, бірақ үмітсіз емес. Бұл аурудың жүре пайда болуы спленэктомиядан
соң алғашкы жарты жылда байқалады.