Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1373/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1369   1370   1371   1372   1373   1374   1375   1376   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Созылмалы гранулематоз
рецессивті, X хромосомасымен қиылыса
(аурулардың 60 % -да) беріледі.
Аутосомды-рецессивті типпен берілетін отбасылар (33 %)
да болады. Аурулар арасында ұлдар көп (7:1). Қыз балаларда кесел женіл жүреді.
Басталуы, әдетте, 2 жасқа дейін экзема, ірінді рецидивті тері инфекцияларымен көрінеді.
Бұлардың соңынан лимфоаденопатиялар, ірінді лимфоаденит пайда болып, кейін – сүйек,
өкпе іріңді инфекциялары, конъюктивит, стоматит, ұзақ созылатын диареялар, отит, ринит,
сплено- және гепатомегалия араласады.
Бактериальдық инфекциялар, әдетте, стафилококк және Грам теріс флораға қатысты,
ал стрепто- және пневмококктік инфекциялар сирек кездеседі. Бактериальдық
инфекциялардан басқа саңырауқұлақ, паразитарлық инфекциялар қосылуы сирек емес.
Ауыз төңірегіндегі инфекциялар жиі кездеседі. Сепсис, сепсистік жағдай – созылмалы
гранулематоздағы инфекциялық құбылыстардын заңды эволюциясы байқалады.
Гамма- және иммуноглобулиндер мөлшері қанда қалыпты немесе жоғары. Т-, В-
лимфоидтық жүйесінің қатысы жоқ. Диагнозы гексозомонофосфаттық шунт ферментте-
рінің төмен белсенділігі мен нейтрофильдердің аса тотық қосындылар шығару кемістігін
(нитрокөк тетразолий сынағы көмегімен) анықтауға сүйенеді. X хромосомасының
қиылысуы типті аурулар нейтрофильдері реактивті қошқыл-көк формазанға ауыстыра
алмайды, себебі ß-цитохромы кеміс. Әдіс қоюға өте онай, мұны скрининг-сынақ (10
минут ішінде) ретінде бактериальдық инфекциялар диагностикасында пайдаланады. Аса
тотық қосындылардың шамалы түзілісі нейтрофильдердің бактерияларды қорыта
алмауына әкеледі, яғни фагоцитоз соңына дейін жүрмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1369   1370   1371   1372   1373   1374   1375   1376   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет