Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты толық клиникалық-лабораториялық
сауыққанға дейін оңашалау керек. Қатынаста болғандар оңашалағанан бастап, 10 күн
карантинде болуы керек. Қатынаста болғандарға күнделікті термометрия жүргізіліп,
бақыланып отырады. Менингококкты инфекцияның инвазивті түрлерінде (менингит,
менигококкцемия) химио-профилактика жүргізіледі: 2 күн рифамицин немесе бір рет
цефтриаксон. Қатынаста болғандарға, араға 3-7 күн салып, 2 рет мұрынжұтқыншақ
кілегейінен жұғынды алынады, күнделікті ылғалды жинау және желдендіру жүргізіледі.
Вакцинация.
Ауру эпидемиясында қауіпті топтағы балаларға (аспления, 2 жасқа
дейінгі балаларға, алғашқы иммунодефицит байқалатын балаларға менингкокктық A, C,
Y- вакцина енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |