Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі 3 күннен 18 күнге дейін созылады. Ауру
жалпы интоксикация белгілерінен, қызбамен (дене қызуы 38-40
о
С) жедел басталады.
Клиникалық көрінісі полиморфты сипатты болады және бірнеше синдромдармен білінеді.
Тері-эпителиальды синдром: беттің, алақанның, аяқ басының ісінуі және гиперемиясы
(«тұмақ» және «көзілдірік»), кеуде де, шынтақ қыртыстарында, қолтық астында, шап
аймағында, іш бетінде, дененің қапталында және аяқ-қолдарында ұсақ дақты бөртпе
байқалады. Бөртпелер семгеннен кейін ұсақ кебек немесе пластинка тәріздес түлеу,
конъктива гиперемиясы, склера тамырларының инъекциясы (қызаруы), мұрын бітуі,
жұтқыншақтың артқы бетінің қызаруы. Диспепсиялық синдром: жүрек айну, құсу,
илеоцекальлды аймақта қорылдау және ауырсыну, 3-4 күн бойына тәулігіне 3-5 рет сұйық
нәжіс. Гепатолиенальды синдром. Артралгиялық синдром: артралгиялар немесе артриттер
(негізінен қол басы, шынтақ, фалангааралық буындар). Полилимоадения. Гепатит дамуы
мүмкін: оң жақ қабырға астының ауруы, тері мен кілегей қабатының сарғаюы, бауырдың
ұлғаюы, гипербилирубинемия, қан сарысуындағы трансаминаза деңгейінің артуы.
Диагностикасы.
Шеткі қан анализіндегі өзгерістер: лейкоцитоз, таяқшаядролы
ығысулы нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ артуы.
Зәр анализіндегі өзгерістер:
альбумнурия, микрогематурия, цилиндрурия.
Серологиялық әдіс:
псевдотуберкулез антигенімен РНГА (диагностикалық титр 1:100
және одан жоғары).
843
Иммуноферментті анализ:
Аурудың жедел фазасында арнайы IgM анықтау.
Имунофлюоресценция әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |