Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖЕДЕЛ ДИАРЕЯЛЫҚ АРУЛАРДА БАЛАЛАРҒА БІРІНШІЛІК ОРАЛЬДЫ



Pdf көрінісі
бет1474/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1470   1471   1472   1473   1474   1475   1476   1477   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖЕДЕЛ ДИАРЕЯЛЫҚ АРУЛАРДА БАЛАЛАРҒА БІРІНШІЛІК ОРАЛЬДЫ
РЕГИДРАТАЦИЯ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГЛЮКОЗОТҰЗДЫ
ЕРТІНДІЛЕРДІҢ ШАМАЛАНҒАН КӨЛЕМІ 
(мл)
Баланың салмағы,
кг
Жасы
Сусыздану дәрежесі
Жеңіл
Орташа ауыр
3-4
5-6
7-8
9-10
11-12
1-2 ай
3-4 ай
6-9 ай
1-2 жас
2-3 жас
120-200
200-300
300-400
400-500
450-600
300-400
500-600
700-800
900-1000
1000-1100
Біріншілік регидратацияны сусздану белгілері толық жойылғанға дейін жүргізеді.
Регидратацияның жеткілікті екенін көрсететін белгілер:
- терінің тургорының қалыптасуы;
- зәр шығаруының қалыптасуы;
- көңіл- күйінің жақсаруы;
- дене салмағының қалыптасуы.
Қолдаушы регидратация гипертермия, ентігу салдарынан жойылып жатқан және
құсу және іштің өтуінен жалағасып жатқан сұйықтықты толықтыруға бағышталған.
Біріншілік регидратациямен бірге, диареялық синдром біткенше және су мен тұздың
тепетеңдігі толық қалыптасқанша жүргізіледі. Сусыздану белгілері қайтадан байқалса,
қалыптаструшы (біріншілік) регидратацияны қайта бастап жүргізу қажет. 
Диспепсияның айқындылығына байланысты және екі әдіспен анықталады:
857


1. 2 жасқа дейінгі балаға әр болған нәжістен кейін 50-100 мл, 2 жастан асқан балаларға
100-200 мл-ден глюкозотұз ертіндісін беру ұсынылады.
2. 6 сағат бойына, осының алдындағы 6 сағат бойына нәжіспен және құсықпен жоғалтқан
сұйықтық мөлшеріндей, глюкозотұз ертіндісін ішкізу ұсынылады.
Организмнің су балансы алғашқы 6 сағат ішінде қалыптаса бастауы маңызды болып
келеді. Егер олай болмаса, парентеральды регидратацияны бастау керек. 
Парентеральды регидратация .
Венаға орташа молекулярлы плазмаалмастыру-
шылар (реополиглюкин) немесе плазма 10-20 мл/кг есебінен алғашқыда ағымды, содан
соң тез тамшылатып жібереді. 
Содан соң натрий хлоридтің изотониялық ертіндісі глюкозаның 5% ертіндісіне
араластырылып (1 жасқа дейін 1:3, 1 жастан балаларға 1:2 қатынаста), сағатына 30 мл/кг
есебінен жіберіледі. 
Диурез қалыптасқаннан кейін (сағатына 0,5 мл-ден артық), барлық енгізілетін ертін-
ділерге бірдей бөліп, тәулігіне 1,5 мл/кг есебінен 7,5% калий хлорид ертіндісін қосады.
Инфузиялық ем 
кезінде әрбір 20 сайын қан қысымын, пульс жиілігін және дене
қызуын бақылап отырады. Науқастың жағдайы жақсарса регидратацияны ішкізу тәсілімен
аяқтауға болады. 
Реалиментацияны баланың жасын және тамақтану түрін еске ала отырып
қалыптастырады. 
Табиғи тамақтануда:
- біріншілік регидратация кезінде науқас баланы, қосымша тағамды емшек сүтімен ал-
мастыра отырып, немесе емшек сүтін бейімделген қоспамен жартылай сұйылтып,
емізе береді;
- 1-2 күн бойына, қосымшы тамақты алмастырған қоспаның сұйылтқан бөлігін, азайтады
- емдеудің 2-ші және 3-ші күндері, ауырмастан бұрын қабылдаған қосымша тамағын
қайта бере бастайды;
Жасанды тамақтандыруда :
- біріншілік регидратация кезінде баланы тамақтандырмайды, берілмеген тамақ мөлше-
рін сусын алмастырады;
-
біріншілік регидратацияны аяқтағаннан кейін барлық тамақтандыруда, ауырғанға дей-
ін ішкен қоспасын, үйреншікті режимде береді. Емдеудің бірінші күні әр тамақтанды-
руға, әдеттегі мөлшердің 1/3 бөлігін, қалған мөлшеріне (немесе сұйылтып) сусын
ішкізеді;
-
соңғы 2-3 күнде әр тамақтандыруда қоспаның мөлшерін біртіндеп, физиологиялық
мұқтаждығын сусынмен толтыра отырып, көбейтіп қалыпты деңгейге дейін жеткізеді;
-
3-4 күні әдеттегі үйренген қосымша тамағын береді. 
Белгілеріне сәйкес ем
бұзылған функциялар сипатына байланысты жүргізіледі.
Жеңіл және орташа ауыр түрлерінде қолданылады:
- микроб жасушаларын, олардың токсиндерін және метаболикалық өнімдерін активсіз-
дендіретін және оларды байланыстыру қабылеті бар энтеросорбенттер (смекта, поли-
фепан, лактофильтрум) береді. Көрсетілген сорбенттердің, арнайы емес сорбенттер
(карболен, ионалмастыратын смолалар) қарағанда, ортада дизентерия, сальмонеллез
және кампилобактериоз қоздырғыштар концентарциясын селективті азайту қабылеті
бар және ішектің қалыпты флорасына ингибирлеуші әсер етпейді. Смектаны ½ - 1
пакеттен күніне 3 реттен 3-5 күн бойына қолданады;
- пробиотиктер, көпіршік басушылар, ферменттер, фитотерапия қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1470   1471   1472   1473   1474   1475   1476   1477   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет