135 сурет.
Ерте жастағы балалардағы сусыздануда (эксикозда) регидратация
жүргізу жобасы.
Парентеральды регидратация жүргізуге көрсеткіштер:
1. балада гиповолемиялық шок белгілері байқалатын сусызданудың ІІІ, сонымен қатар ІІ
дәрежесі;
2. эксикоздың кезкелген ауырлық дәрежесінің ауыр токсикозбен қосарлануы;
3. оральдық регидратация жүргізгенде жойылмайтын
олигоурия, анурия;
4. тіптен асқазанынын жуғаннан кейінде
тоқтамайтын құсу;
5. тәулік бойына жүргізілген оральды регидратацияның тиімсіздігі;
6. оральды регидратация басталғаннан кейін 2 тәулік бойына нәжістің мөлшерінің артуы.
Оральды регидратация құрамына біріншілік (толықтырушы), екіншілік (қолдаушы)
және тағам жетіспеушілігін компенсациялау кіреді.
Біріншілік регидратация емдеуді бастау кезінде
байқалатын су мен тұздың
жетіспеушлігін жоюға бағышталады.
Регидратация үшін балаға глюкозатұзды ертінділерді жиі-жиі, аз-аздан бөліктен беріп
отырады. Емшек жасындағы балаларға 2-3 шай қасықтан (немесе емізік арқылы) 3-5
минут сайын береді, бірақ бала 20 минут бойына 100 мл-ден артық сусын ішпеуі керек.
Бұдан ересектеу балаларға 1-2 ас қасықтан 3-5 минут сайын береді. Егер баллада құсу
байқалса 5-10 минут ертінді бермейді де, содан қайта бастайды.
Егер бала сусынды
ішуден бас тартса назогастральды зонд арқылы енгізеді немесе венаға жібереді.
Біріншілік регидратацияның көлемі және ұзақтығы баланың дене салмағына, жасына
және сусызданудың ауырлық дәрежесіне сәйкес анықталады
(150 кесте):
- жеңіл түрінде - 40-50 мл/кг 4
сағат ішінде;
- орташа ауыр дәрежесінде 60-90 мл/кг 6 сағат ішінде;
- ауыр дәрежесінде - 100-120 мл/кг 8 сағат ішінде.
150 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: