Сауығуының негізгі критериялары: - дене қызуының қалыптасуы;
- интоксикация белгілерінің болмауы
; - емдеу аяқталғаннан кейін 2-3
күнде нәжісінің қалыптасуы;
- копрограмманың қалыптасуы;
- бактериялық себулердің нәтижелерінің теріс болуы.
Этиологиясы анықталмаған жедел ішек инфекцияларында (бактериялық себудің
нәтижелері теріс болғанад) сауығуын бактериялық себумен дәлелдеу қажет емес.
Этиологиясы дәлелденген ішек инфекцияларында балалар мекемелеріне баруға тек толық
клиникалық сауығу байқалғанда және нәжістің бактерялық себу нәтижелері теріс болғанда
рұқсат етіледі.
Ішек инфекцияларының алдын-алу жалпы гигиеналық және эпидемияға қарсы
шараларды қамтиды:
- инфекция ошағын анықтау және оқшаулау;
- күнделікті (ағымды) және қортынды дезинфекция;
- инфекцияны қабылдауын төмедету.
Науқасты және бактрия тасымалдаушыны үйде немесе ауруханада 14 күнге дейін
оқшаулайды, қатынаста болғандарды 7 күн бақылайды (дене қызуын өлшеу, нәжісін қарау,
нәжісін бактериялық себу).
Ағымды (күнделікті) дезинфекцияны туысқандары барлық ауру кезеңінде жүргізеді.
• Ыдыстар мен күтуге қолданылатын заттар бөлек бекітіліп беріледі және басқа от басы
мүшелерінің ыдыстарынан бөлектеп өңдейді. Ыдыстарды ағымды суда жуып, 15-30
минут бойына қайнатады немесе 1 сағатқа хлорлы известтің түссізденген 1%
еритіндісіне батырып қояды. Тамақ ішетін стөлді де осындай ертіндімен өңдеп, содан
соң ыссы сумен жуады.
• Ойыншықтар мен күтуге қолданылатын заттарды залалсыздандыру үшін күніне 2 рет
30-60 минутқа 1% түссіздендірілген хлорлы известь ертіндісіне немесе 3% хлорамин
ертіндісіне батырып қояды да кейін жуып, қайнатады.
• Нәжіс пен зәрді құрғақ хлорлы известь 1:5 қатынасында сеуіп, бір сағатқа қалдырады.
Содан соң канализацияға немесе әжетқанаға жібереді.
• Түбекті 3% хлорлы известь ертіндісімен өңдейді.
• Бөлмеде күнде ылғалды жинақтау жүргізеді. Еденді жуғанда суға хлорлы известтің
түссізденген ертіндісін немесе 3% хлорамин ертіндісін қосады.
Қортынды дезинфекцияны науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін немесе науқас
толық сауығып кеткеннен кейін жүргізеді. Сонымен қатар жүргізіледі:
• төсек-орынды және іш киімді залалсыздандыруды 30 минут бойына сабын ертіндісіне
немесе хлораминнің 3% ертіндісіне батырып қояды.
• Сыртқы киімді жазылып кеткеннен кейін камералық дезинфекциядан өткіген дұрыс.
859