Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Туа болған жүрек ақаулары бар науқастарды емдеу



Pdf көрінісі
бет886/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   882   883   884   885   886   887   888   889   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Туа болған жүрек ақаулары бар науқастарды емдеу
І-ші сатысы қолайсыз дамығанда және консервативті ем көмектеспейтін жүрек
шамасыздығы дамығанда, ерте жасында хирургиялық ем қолдану керек.
Хирургиялық ем туа болған жүрек ақауларының ІІ-ші сатысында 3-12 жаста жасалуы
керек. Терминальды сатыда жасалған хирургиялық ем нәтиже бермейді, өйткені жүректе,
өкпеде, бауырда, бүйректе дистрофиялық және дегенеративті өзгерістер пайда болады.
Туа болған жүрек ақау бар балаларға таза ауада ұзақ болуды, мүмкіншілігіне қарай
қозғалыс жасауды /дене тәрбиесі/ қамтитын күн тәртібін жасау керек. Баланы шынықты-
рып, иммунитетін жоғарлатуға, жұқпалы аурулардан қорғауға қызмет қылу керек.
Туа болған жүрек ақауы анықталғаннан кейін өмірінің алғашқы 2 жыл бойына
міндетті түрде 3-4 айда 1 рет /І-ші сатысында/, одан соң жылына 1-2 рет жүйелі түрде
рентгенологиялық, электрокардиографиялық тексерістер жүргізіп, қан қысымын өлшеп,
дәрігер-кардиолог диспансерлік есепке алып, бақылап отыруы керек.
Туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдеу екі мәселені шешуге бағытталған болуы
керек: 1. Жалпы ауыр жағдайда жедел көмек көрсету. 2. Әртүрлі асқынулары және ілеспелі
аурулары бар науқастарды емдеу. Бұлардың ішінде жедел немесе жеделдеу жүрек
шамасыздығын емдеу бірінші орында тұрады /жүрек шамасыздығын қара/.
Оттегі жетіспеушілігінің айқын белгілері байқалса, глуматин қышқылын береді.
Аэротерапияны және оттегімен емдеуді кең қолдану керек. 
Сол қарыншаның жедел шамасыздығында қарсы ем /15-20 минут бойы 20% спиртпен
ылғандандырылған оттегі/ қолданылады. Өкпе гипертензиясы немесе кіші қан
538


айналымында гипертониялық криз дамығанда, венаға 2,4% эуфиллин жіберіп,
раувольфин /серпазил және резерпин/ препараттарын қолдану керек
Кіші айналым шеңберінің азаюымен дамитын туа болған жүрек ақауларында,
қайталанатын және темірге зәру анемияда ауырлау болатын, гипоксемиялық ұстамалар
байқалады. Осыған орай реңдік көрсеткіш 0,8 төмен болса, құрамында темір бар
дәрілер /ферроцеррон, ферракаль/ қолдану, ал ауыр жағдайларда венаға /феррумлек немесе
фербитол/ жіберу керек болады. Бұл дәрілерді гемоглобин мөлшері 150-160 г/л-ге дейін
көтерілгенше қолдану керек.
Гипоксемиялық ұстамада ақыл-есі сақталған болса, оттегімен демалдырып, тыныш-
тандыратын дәрілер /димедрол, пипельфен, промедол/, кардиамин тағайындау керек
(87
кесте).
87 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   882   883   884   885   886   887   888   889   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет