Химиялық немесе физикалық әсерлер:
сәулелі зақымдалулар (ионизациялық
радиация); токсиндер әсері (қорғасын және басқалар);
дәрілік препараттардың әсері
(доксорубицин және басқалар); жануарлар шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар); жүрек
жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром.
Патогенезі.
Миокардиттер патогенезінде, патологиялық
процессте өзіндік жеке
ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі:
1.
Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі
(инфекциялық,
паренхиматозды миокардит).
Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды
байқалады.
2.
Миокардтың тамырлық зақымдалуы
келесілермен: а). Кейбір қоздырғыштардың
«эндотелиотроптығы» (грипп вирусы,
аденовирус, микоплазма және басқалар);
б). Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер
тіннің иммунопатологиялық аурулары).
3.
Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген
лимфоциттердің зақымдау әсері
. Бұл механизм, өз патогенезі
бойынша ревматикалық
миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын,
постстрептококкты миокардитке тән.
4.
Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы
септикопиемиялық
процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі.
Жіктелісі.
Миокардиттердің жалпы қабылданған жіктелісі педиатрияда жоқ. Н.А.
Белоконь мен М.Б. Кубергер ұсынған жіктеліс (1987)
92 кестеде
берілген.
92 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: