5. Сүттің тоқырауы
(сүт өзектерінің бітеліп қалуы) сүттің көбеюімен қатар
емшегі ауырады. Кейде дене қызуы көтеріледі. Бұл белгілер сүттің түзілуімен бала еметін
сүттің мөлшері теңелгенде, жойылып кетеді. Егер бұл белгілер жойылмай ұзақ байқалса,
емшекті сауып тастауға тура келеді. Бұндай жағдайда сүт безіне жылы спиртті жылытқыш
салған, ішетін сұйықтық мөлшерін ұлғайтқан жөн.
6. Галакторея
– сүттің өзінен өзі ағуы, 2 түрлі болады:
а)
емшектен сүт сәби екінші емшекті еміп жатқанда ғана ағады,
б)
сүт емшектен өзінен-өзі емізу аралықтарында да аға береді. Баланы емізе беру
керек. Тек жиі емген сүт мөлшерін тексеріп, қажет болса үстеме тамақ беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |