|
.
Эпилепсия, истерия, босанғаннан кейінгі психозБайланысты: ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ7
.
Эпилепсия, истерия, босанғаннан кейінгі психоз
.
1.9.3. ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ НӘРЕСТЕЛЕРДІ ТАМАҚТАНДЫРУ
Жаңа туылған нәрестелерді күн тәртібі бойынша емес – нәрестенің талабы бойынша
тамақтандыру керек. Емшек сүтінен басқа ешбір сусын бермеу керек, әрине, медициналық
көрсеткіштер болмаса. Анасы мен нәрестенің бір бөлмеде болуын іске асыру қажет.
Емшек еметін нәрестелерге ешбір тыныштандырғыш дәрілер, болмаса, емшекті
ауыстырушы заттар (емізік және т.б) беруге болмайды. Арнайы дайындалған медицина
қызметкерлері анасына емізудің артықшылығы туралы ақпарат беріп, емізудің тәсілін
үйретулері қажет.
Анасы жағынан нәрестені ерте емізуге болмайтын көрсеткіштерге операциямен
босандыру, көп мөлшерде қан кету жатады.
Нәресте жағынан ерте емізуге болмайтын белгілерге Апгар шкаласының 7 ұпайдан
(баллдан) төмен көрсеткіші, нәрестенің тұншығуы, бас сауытының ішінің босану
жарақаты жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|