Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет507/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Жасанды тамақтандыру
деп емшек сүті тіптен болмайтын немесе оның мөлшері
тәуліктік тамақтың 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды айтады.
Дүние жүзінде алғашқы айдан бастап сәбиді жасанды тамақтандыру, ол үшін эколо-
гиялық зардап болып есептеледі деген пікір қалыптасқан. Себебі, ана сүтімен жасанды сүт
қоспаларының айырмашылығы, әсіресе биологиялық қасиеттері бойынша, өте үлкен.
Аралас немесе жасанды тамақтандыруға аударуға себеп болатын негізгі көрсеткіш
гипо- немесе а- галактия. Өкінішке орай олардың саны соңғы кезде өсіп келе жатыр.
Дұрысы емшекпен тамақтандыруды бейімделген өнеркәсіптік жасанды сүт
қоспаларымен ауыстыру. Себебі, олардың химиялық құрамы ана сүтіне жақын болып
келеді де, емшек жасындағы балалардың ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне
сәйкес болып келеді.
Бейімделмеген қоспалар қолданғанда ащы қоспалар берген жөн.
 
Себебі, олардың
тұщы қоспаларға қарағанда артықшылығы бар: белок ұйыған күйінде болады, сүт қыш-
қылды бактериялар казеиннің ыдырап, амин қышқылдары мен пептин түзуіне ықпалын
тигізеді. Сүт қышқылды бактериялар ортаның РН 5,0-7,0 болғанда жақсы әсер етеді.
Ащы сүт қоспалары асқазаннан тұщы сүтке қарағанда, баяу және біркелкі ығысады.
Ұйыған кезде түзілген сүт қышқылы асқазанның сөліністік қызметінің артуына ықпалын
тигізеді. Бұл қоспалар оңайлау қорытылады. Бактериялық ферменттік ыдырауда қант
мөлшері азайып, оның жеңілдеу қабылдануына, әсіресе лактоздық жетіспеушілікке ықпал
етеді. Сонымен қатар, ащы сүт қоспалары ішек микрофлорасының қалыптасуына ықпал
етеді.
Қосымша тамақ, табиғи тамақтандырылатын балаларға қарағанда, ертерек беріледі.
Себебі, олар жасында сүт қоспаларының құрамында көптеген жаңа тағамдық заттармен
(белок, полисахаридтер, липидтер және тағы басқалар) ерте танысып, бейімделеді. Осыған
орай жаңадан қосылған 1-2 тағамдық заттарға (жеміс шырыны, пюресі, ботқа және т.б.)
тез үйреніп кетеді.
Сонымен, жасанды тамақтанатын сәбилердің тамақтануы арнайы, жекеленген бақы-
лауды талап етеді. Осыған орай, қосымша тағам оларға төмендегі мерзімдерде беріледі.
Бірінші қосымша тамақ (көк-өніс пюресі) 4,5-5 айдан, екінші қосымша тамақ (дәнді
негізде) 5,5-6 айдан бастап беріледі. Дегенмен, сәбидің жеке ерекшеліктерін ескере оты-
рып, бірінші қосымша тамақ ретінде дәнді тағамдар беруге болады. Жеміс шырындары
мен пюрелерін 3 және 3,5 айдан бастап берген жөн. Жекеленген жағдайларда оданда
ертерек (1,5 айдан бастап) беруге болады. Жұмыртқа сарысын, етті 7 айдан бастап берген
жөн. Айран және басқа ащы сүт тағамдары мен сиыр сүтін қажет болса, табиғи тамақтан-
дырудан, ертерек 7 айдан бастап беруге болады. Дегенмен, бұл балаларды тамақтандыру
үшін арнайы сиыр сүті негізінде дайындалған өндірістік сүт тағамдарын таңдаған жөн.
Жасанды тамақтандыру тәртібі:
1. Тамақтың тәуліктік мөлшері белгілі көлемдік және калориялық тәсілдермен,
сәбидің жасына және дене салмағына сәйкес анықталады.
2. Тәуліктік тамақтандыру санын 1 ретке азайту керек (5-тен аз болмауы керек).
3. Қоспалар емізікпен беріледі.
4. Жаңа туылған және алғашқы 2-3 айда міндетті түрде бейімделген қоспалар
беру керек.
5. Физиологиялық мұқтаждылығы 1 кг дене салмағына бейімделген қоспаны
пайдаланғанда белок 2-2,5 г, бейімделмеген қоспада белок – 3-3,5 г. Май мен
көмірсуларға мұқтаждығы табиғи тамақтанғандағыдай.
320


6. Бейімделген қоспалармен тамақтанатын балалардың энергияға мұқтаждығы табиғи
тамақтанатын балалармен бірдей болады. Бейімделмеген қоспалар пайдаланғанда
энергияға мұқтаждығы 10% артылады.
7. Қоспаларды сәбиге емізік арқылы 35–40
о
дейін жылытып беру керек. Емізіктің тесігі
өте үлкен болмауы (шыныны төмен қаратып ұстағанда қоспа тамшылап ағуы қажет)
керек
(94-а сурет).
Баланы тамақтандырған кезде шынының мойыны ұдайы толып
тұрып, ауа жұтуға мүмкіндік бермейтіндей болуы керек 
(94-в сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет