▪ қилыспалы инфекцияның алдын алу үшін науқуастың асқа аурулармен қатынасын
шектеу керек;
▪ фарингитте және трахеитте азапты (қиын), жабысқақ, азөнімді жөтел байқалуы наркоти-
калық емес орталықтан жөтелге қарсы әсер ететін дәрі (синекод) қолдануға көрсеткіш
бола алады.
Күні бүгін вирустық инфекцияның этиотропты емінің мүмкіндігі айтарлықтай
шектелген. Вирусты респираторлы аурудың (ЖРА) алғашқы күні және қатынаста болған
балаларда алдын алу үшін мұрын жолдарына лейкоцитарлық
интерферрон немесе
экзогенді интерферондар (гриппферон, реаферон, интерген, лакферон) тамызады немесе
виферон жағымды майын мұрын қуысына салады, тоқішекке виферонды (1 немесе 2 рет
жасына сәйкес) немесе кипферонды балауыз салады.
Гриппте олармен бірге вирусқа қарсы дәрілер тағайындайды: бір жастан асқан бала-
ларға ремантадин (5 мг/кг 2 рет қабылдауға) немесе альгирем − ремантидиннің сироп
түрінде шығарылатын түрі (1 жастан 10 мл-ден, 4-6 жаста 15 мл-ден; 1-ші күні 3 рет, 2-3-
ші күндері күніне 2 рет, 4-ші күні – 1 рет), «ақ» қызба байқалатын балаларға но-шпа (1
мг/кг әр қабылдауға) қосып, немесе арбидол (балаларға 2 жастан бастап 0,05 г, 5 жастан
0,1г, 12 жастан – 0,2 г күніне 3-4 рет) беріледі. Интерферон индуциялайтын,
басқада
респираторлы инфекциялық аруларда әсер ететін, дәрі балалар анаферонымен (6 айдан
бастап: 1-ші тәуелікте әр 30 минут сайын 1 таблеткадан 5 рет, қалған уақытта 3 рет, тәулі-
гіне барлығы 8 рет, одан әрі 5-7 күн бойына күніне 3 рет беріледі) қосарланып беріледі.
Жоғары тыныс жолдарының бактериальды этиологиялы ЖРА-ларында (бактериаль-
ды отит, синусит, тонзиллит) амоксициллин, амоксициллин/клавуланат (тәулігіне
амоксициллин бойынша есептегенде 40-50 мг\кг) .
Аурудың микоплазмалық және хламидийлік этиологиясында ең тиімді болып
макролидтар есептеледі (эритромицин 30-40 мг\кг 2-4 рет, азитромицин – 10 мг\кг 1-ші
күні, қалған 4 күнге 5 мг\кг есебінен тағайындалады).
Жоғары тыныс жолдарының
вирусты ауруларында антигистаминді дәрілерді тағайындау негізсіз деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: