283
бронх қабырғасында созылмалы
процесстің бар екенін морфологиялық тұрғыдан дәлелдеу.
Облитерация байқалатын созылмалы бронхиолиттің клиникалық көрінісі – оның
таралу деңгейіне (толық (тотальды) біржақты – Мак-Леод синдромы), біржақты ошақты,
екіжақты ошақты, бөлікті).
Бронхообструктивті синдром тән. Сыртқы тыныс функциясын (СТФ) тексеру
кеудеішілік және өкпенің қалдықты көлемінің жастық бөлігін және бронх өткізгіштігінің
бұзылғанын
анықтайды.
Бұл
функциялық
бұзылыстар
зақымдалу
көлеміне
пропорциональды болып келеді. Жөтел қайталап білінеді, азөнімді, ылғалды,
аускульацияда зақымдалған ошақтың үстінде әлсіреген дыбыс фонында ұсақ көпіршікті
ылғалды сырылдар естіледі. Олар сол жерде тұрақты естіледі немесе ЖРА байқалғанда
сол бір жерде пайда болады. Бұл жағдай пневмониямен ажыратуды қиындатады.
Тыныс жетіспеушілігі және өкпе-жүрегінің (corpulmonum) белгілері екі жақты
немесе біржақты тотальды зақымдалуда пайда болады.
Емі. Алғашқы СБ өршу кезіндегі емі жедел бронхиттің емідей болады. Ремиссия
кезінде қайталама бронхитпен ауырған балалаға ұсынған бірдей шаралар жүргізіледі.
Сатылы ем қажет (аурухана – қалыптастыру (реабилитация) бөлімшесі – емхана –
шипажай) және диспансерлік бақылау.Облитерация байқалатын созылмалы брохиолиттің
өршу кезінде метиксантиннің ұзартылған (пролонгирленген) түрлері (теопек – 5-10 мг/кг
тәуелігіне), адреномиметиктер және холинолитиктер (оң фармокологиялық сынамада),
муколитикалық ем, кеуде қуысына массаж тағайындалады. Қажет болса, сеуіп анықтаған
флораның түрлерін, сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады.
Эхографияда өкпе гипертензиясы белгілері анықталған жағдайда кардиотроптық ем, шеткі
вазодилататорлармен (фентоламин 2-3 мг/кг, коринфар 5 мг күніне 3 рет 3-4 апта бойына),
климаттық ем, жиі ауыратын балаларға тиісті жоба бойынша ем тағайындалады. Жасы өсе
келе біржақты ошақты және сегментарлық зақымдалуларда жағдайлары жақсарады. Ауыр
түрлерінде тыныс жетіспеушілігідей түсіп, өкпе гипертензиясы дамиды.
7.2. МУКОВИСЦИДОЗ
Термин латын сөзі «mucus» шырышқа байланысты, «viscidus» – тұтқыр деген
сөздерінен шыққан.
Муковисцидоз –
Достарыңызбен бөлісу: