1.2.8. ДЕНЕ ДАМУЫН ЦЕНТИЛЬДІК БАҒАЛАУ
Баланың денесінің дамуының әртүрлі көрсеткіштерінде байқалатын түрленулерді
ескере отырып, қалыпты көрсеткіштерді анықтау керек.
Дене дамуын бағалау әдістері өте көп. Практикалық жағдайда көбіне 2 әдіс қолданы-
лады: параметриялық немесе сигмальды және параметриялық емес немесе центильды.
Әдетте, антропометриялық өлшеулердің қорытындыларын бағалау үшін клиникалық
тәжірибеде орташа көрсеткіш (М) деген түсінік қолданылады. Балалар денесінің дамуын
орташа арифметикалық сигмальды ауытқу
(σ-сигма)
негізінде бағалауда бес топ болып
бөлінеді.
Дамудың орташа деңгейі деп орташа арифметикалық мөлшерден (М) ауытқы –1 сигма
мен +1 сигманың аралығында болған жағдайда айтамыз (М± 1 сигма).
Дамуы орташадан жоғары
–
М +1σ
–
2σ
Дамуы жоғары (биік)
–
М
+
2 σ
-
дан жоғары
Дамуы орташадан төмен
–
М
–
1 σ
-
2 σ
Дамуы төмен (аласа)
–
М
–
2 σ -ден төмен.
Баланың денесінің дамуын бағалағанда
1σ
тиісті көрсеткіштің (салмағы, ұзындығы,
кеуде және бас шеңбері) 10%-ына тең деп алуға болады.
Баланың денесінің дамуын центильдік ауытқулар тәсілімен бағалау үшін центильдік
кестелер пайдаланылады. Центильдік кестелер бойынша сау балалардың белгілерінің
орналасуын дәлірек анықтайды; күнделікті жұмысқа пайдалануға қолайлы және қарапайым
болып келеді.
Центильдік кестелер коридорлары әртүрлі жастағы әр жынысты балалардың белгілі
бір пайызының (центилінің) сандық шекара белгілерін көрсетеді. Мұнда орта немесе
қалыпты шартты сандар үшін беріліп отырған белгілі жастағы және белгілі жынысты сау
балалардың жартысына сәйкес келетін сандарды пайдаланады. Ол 25 пен 75 центиль
аралығы. Толық түрінде центильді шкалалар төмендегідей болады: ол балалардың жастық
жыныстық топтарында одан төмен тек қана 3, 10, 25, 90 және 97% жағдайда ғана
кездесетін, белгілі мазмұнын көрсететін; 6 цифрдан тұрады. Сандар арасындағы ашық жер
(аймақ немесе «коридор») балалар топтарының 3%-ына (0-ден 3 центильге дейінгі аймақ)
немесе 7% (7 центильге дейін) немесе 15% (10-нан 25-ке және 75-тен 90-ға дейінгі
центильді аймақ) немесе бүкіл жастық-жыныстық топтардың 50% (25-тен 75 центильді
аралығы) анықтайтын аралықпен әртүрлі белгінің мазмұнын көрсетеді. Коридордың қай
жерде орналасуына байланысты дәрігерлік қорытынды жасалынады. Мынадай варианттар
болуы мүмкін
(4 кесте):
4 КЕСТЕ
ЦЕНТИЛЬДІК КОРИДОРЛАР СИПАТЫ
№ 1 аймақ немесе «коридор» (3
центильге дейін)
«өте төмен сандар» аймағы сау балалар арасында сирек
кездеседі (3%-дан көп емес). Бұндай балалар арнайы
консультация қажет болған жағдайда тексеруден өткізілуі
қажет.
№ 2 аймақ немесе «коридор»
(3-тен 10-ға дейінгі центиль)
«төменгі» аймақ, сау балалар арасында 7% жағдайда
кездеседі. Басқа әртүрлі ауытқулар анықталған жағдайда
консультация және тексеруден өткізілу қажет.
№ 3 аймақ немесе «коридор»
(10-нан 25 центильге дейін)
«орташадан төмен» аймақ, сау балалар арасында 25 %
жағдайда кездеседі.
№ 4 аймақ немесе «коридор»
(25-тен 75 центильге дейін)
«орташа сандар» аймағы, сау балалар арасында 50 %-ға тең
келеді, сондықтан осы жастық-жыныстық топқа сәйкес
болады
№ 5 аймақ немесе «коридор»
(75-тен 90 центильге дейін)
«орташадан жоғары сандар» аймағы, сау балалардың 15%
байқалады
№ 6 аймак немесе «коридор»
(90-нан 97 центильге дейін)
«жоғары сандар» аймағы сау балалардың арасында 7%
жағдайларда кездеседі. Медициналық қорытынды басқа
мүшелер мен жүйелердің белгілеріне байланысты
шешіледі.
ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТОПТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІПТЕРІ
Бағалау кестелерін пайдалану үшін баланың толық жасын анықтап, оны қажетті топқа
келтіру керек.
Бір жасқа дейінгі баланың жасы:
1
ай — 16 күннен – 1 айда 15 күнге дейін.
2
ай — 1 ай 16 күннен – 2 ай 15 күнге дейін.
3
ай — 2 ай 16 күннен – 3 ай 15 күнге дейін,
және одан әрі 12 айға дейін де осылай.
Бір жастан 3 жасқа дейін (36) ай:
1
жас 5 ай (18 ай) — 1 жас 3 айдан – 1 жас 8 ай 29 күнге дейін.
2
жас (24 ай) — 1 жас 9 айдан – 2 жас 2 ай 29 күнге дейін.
2,5 жас (30 ай) — 2 жас 3 айдан – 2 жас 8 ай 29 күнге дейін.
3
жас (36 ай) — 2 жас 9 айдан – 3 жас 29 күнге дейін.
Үш жастан жоғары жылдың интервалдары бойынша:
4
жас — 3 жас 6 айдан – 4 жас 5 ай 29 күнге дейін.
5
жас — 4 жас 6 айдан – 5 жас 5 ай 29 күнге дейін
және осылайша әрі қарай есептелнеді.
МЫСАЛДАР:
СОМАТОТИПТІ АНЫҚТАУ
Р. Н. Дорохов пен М. М. Баурах схемалары бойынша сау балалар (семіру және
гипотрофия белгілері жоқ) дене даму деңгейі бойынша 3 түрге бөлінеді: микросомальды,
мезосомальды, макросомальды. Баланың қай түріне жататыны дене ұзындығы, салмағы
және кеуде шеңберінің центильды шкала бойынша аймақ немесе «коридорларының» реттік
сандарының қосындысына байланысты аныкталады. Осы қосынды көрсеткіштері 10-ға
дейін болған балалар микросомальды (орташадан төмен), 11
–
15 аралығындағы
мезасомальды (орташа) және 16–21 аралығындағы макросомальды даму деңгейінде деп
есептелінеді. Яғни, Л. 9 балл жинаған, Н. 18 балл жинаған. Демек, Л. дене дамуының
микросомальды, ал Н. макросомальды түріне кіреді.
ДАМУДЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН (ГАРМОНИЯЛЫҒЫН) АНЫҚТАУ
Бұл да центильді кестелердің көрсеткіштері бойынша анықталады. Егер аймақ
(коридор) бойынша 3 көрсеткіштің үлкенімен кішісінің айырмашылығы 1-ден аспаса –
тепе-тең (гармониялық) даму, егер 2 болса – тепе-теңдіксіз (дисгармониялы), ал егер одан
жоғары болса – өрескел тепе-теңдіксіз (дисгармониялы) даму деп табылады. Л. атты балада
тепе-теңдіксіз (дисгармониялық) даму, яғни кеуде қуыс шеңберінің және бойының
айырмашылығы 2-ге тең. Л. атты қыз балада тепе-теңдікпен (гармониялық) даму, яғни
барлық бағалары 6, айырмашылығы 0.
Age (Completed weeks or months)
Le
ngth
(c
m
)
Length-f or-age BOYS
Birth to 6 months (z-scores)
-3
-2
-1
0
1
2
3
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9 10 11 12 13
3
4
5
6
W eeks
Months
45
50
55
60
65
70
45
50
55
60
65
70
ЕРБАЛАЛАР «Дене ұзындығының жасына» қатынасы
Жасы (толы
қ апталар немесе айлар
)
Д
ен
е
ұзы
н
д
ы
ғы
(
см
)
апталар
айлар
ДЕНЕ САЛМАҒЫ МЕН ҰЗЫНДЫҒЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
Шамамен баланың қоңдылығын білуге мүмкіндік береді. Арнайы топтағы кестелер
пайдаланылады. Бұл кестелер әртүрлі жастағы топтарда кеңінен қолданылады. Кестелердің
жолдары дене салмағының центильді қатарының белгілі ұзындығы мен бойға қатысатын
болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай бұл жағдайда табылып отырған
салмақ саны бірінші коридорда (3 центильге дейін) болса – «өте темен» қоңдылық
(тамақтану), 2 коридор тұсында болса (3-тен 10 центильге дейін) – «төмен» және 3 коридор
тұсында болса – ортадан төмен қоңдылық деп есептелінеді және т. б. Салмақтың
статистикалық антропометриялық бағасы тамақтанудың клиникалық бағалануымен дәл
келетінін ұмытпау керек.
Сонымен, Л. атты ер баланың
кесте
бойынша бойы № 4 коридорға (25–75 центиль)
кіреді, яғни «орташа» немесе бойы қалыпты болып есептелінеді. Ал, Н. атты қыз баланың
салмағы
кесте
бойынша № 6 коридорға (75–90 центиль) кіреді, яғни ортадан жоғары.
ДЕНЕ ҰЗЫНДЫҒЫ МЕН КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
ДДҰ ұсынған антропометриялық стандарттарда жас арасының стандарттарында ер
балаларда 145 см-ге дене ұзындығы қолданса, қыз балаларда 137 см дене ұзындығы
қолданылады. Сондықтан центильдік кестелерде дене салмағын ұзындығы бойынша
бағалау үшін дене ұзындығы 140–145 см-ге дейін ғана берілген. Одан үлкен мектеп
жасындағы балалар ересек адамдар үшін қолданылатын коэффициент, яғни, дене салмағы
индексі (ДСИ) немесе «Кетле-2 индексі» қолданылады.
Дене салмағы, (кг)
ДСИ = ————----------------
Дене ұзындығы (м
2
)
Туылғаннан 6 айға дейін (Z-көрсеткіші)
«Дене
ұзындығының
жасына»
қатынасы
графигі
медианамен
(«0» санды
сызық)
салыстырғанда
қол жеткен дене
ұзындығын
көрсетеді
«Дене
ұзындығының
жасына»
қатынасы
«2»-
сызықтан
төмен
баланың
дамуы
кідірген
‘–3’ – тен т
өмен
болса дамуы
айтарлықтай
кідірген
|