бірге солқылдап, қозғалып тұрады (мидың тамыр соғысы). Ол тыныс және жүректің түрткі
соғысымен сәйкес келеді. Ми тамырларындағы бір қалыпты қан ағысы тамырлардың иілу
ерекшеліктеріне (сифондарға)
байланысты, бұл иілістер қанның түрткі тамыр соғысының
күшін азайтып, мидың бетіне бірқалыпты таратылуына жағдай жасайды.
Мидың көк тамыр (веналық) жүйесінің ерекшелігі, ол ми көк тамырларының тікелей
көк тамыр үңгірінен өтуі. Көк тамыр үңгірлері мидың қатты қабығының қуыстарынан
(дупликатураларынан) жасалынады. Олардың көк тамырдан айырмашылығы қабырғалары
қатты, тығыз, қуысы ашық болады.
Көк тамыр үңгірлерінің осындай құрылысы бас сүйегінің ішіндегі қанның тез және
бос өтуіне ықпал жасайды.
Дегенмен, үңгірлердің дұрыс жабылмауы (қысқармауы)
қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бас сүйегінің тамырларымен қоса
зақымдалуы.
Баланың қимыл-қозғалысының, оның жүйке іс-әрекетінің дамуы негізінде күрделі
нервтік процестер жатады. Олар тікелей ОНЖ-нің, оның жоғарғы бөлігі – мидың үлкен
жарты шарының қабығының қатысуымен жүреді.
Жаңа туған кезден бастап баланың үлкен жарты шарының қабаты сыртқы, ішкі
тітіркендіргіштерге қарсы шартты реакциялар беруге дайын болады,
бірақ бұл кезеңде
шартты бейнелістер өте шектелген масштабта өтеді. Бұл түсінікті де, себебі жаңа туған
сәбидің көп уақыты ұйқымен өтеді. Әдетте, жаңа туған сәбидің үлкен жарты шарының
қабаты үшін сыртқы тітіркендіргіштер өте күшті болып есептелінеді, сондықтан сыртқы
тітіркендіргіштер
әсерінен ол тез шаршайды, қозуы, тітіркенуі төмендейді және бала тез
физиологиялық ұйқыға кетеді.
Жаңа туған сәбиді және емшектегі бала нашар қозғалғандықтан және ми қабаты
жеткіліксіз жіктелгендіктен олардың сыртқы қабатты иннервациясының жоғары
қозғыштыққа және төменгі жатқан деңгейге таралып жайылатын (генерализациялық)
тітіркену мен іркілуге бейімділік байқалады. Сондықтан, осы жаста күшті тітіркенгенде
тырысу жеңіл пайда болады, ал жәй тітіркенгенде – физиологиялық ұйқы пайда болады.
Дүниеге жаңа келген нәрестеде көптеген шартсыз бейнелістер байқалады.
Оларды
бірнеше үлкен топтарға (түрге) бөлуге болады: тұрақты, өмір бойы байқалатын
автоматизмдер, өзіне тән қимылдың (қозғалыс) анализаторларының дамуының деңгейінің
өзіне тән жағдайын білдіретін және болашақта жойылып кететін өткінші (транзиторлы),
қалдықты (рудиментті) бейнелістер; туылған кезден бастап пайда бола бастайтын,
сондықтан, кейде байқалмаулары да мүмкін бейнелістер немесе автоматизмдер.
Бірінші топқа көздің мүйіздік
қабағының, коньюктивалық, жұтқыншақ, жұту, аяқ-
қолдың, сіңір, қабақ үсті (орбикулопальпебральды) бейнелістер жатады.
Екінші топта ауыз (оральды) сегментарлы автоматизмдері (сору, іздеу, қабу және
алақан-ауыз), жұлын сегментарлы автоматизмдері (ұстау, МОРО, тіреу, автоматты жүру,
еңбектеу, Галант, Перес), жұлын мен мидың қалпын сақтау бейнелістері (лабиринтті,
ассимметриялық және симметриялық мойынның қалып сақтау) жатады.
Үшінші топқа орталық мидан келетін дененің қалпын ұстау автоматизмдері
(лабиринтті, жәй және тізбекті жайын және тұлға бейнелістері) жатады.
1.3.2. ЖҮЙКЕ-ІС
ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ
Бір жасқа дейінгі баланың жүйке-іс әрекеттерінің (нерв-психикалық) даму деңгейін
бағалау үшін арнайы бағалау кестелері
(27 кесте)
пайдаланылады. Онда көру (Бк), есту
(Бе) әрекеттері, сезім билеу-эмоция
(Э),
дененің жалпы қозғалысы (Қж), қолдың қозғалысы
мен жұмысы (Ққ), күн тәртібіне байланысты процестер және оны игеру (И) қабілетінің
пайда болатын мерзімдері көрсетілген. 6 айға дейінгі баланың дамуын тексеру үшін, сөз
түсінуінің дамуына байланысты жолдардан басқалардың бәрі колданылады. 6 аймен 1 жас
аралығында сезім билеу (эмоция), қол қозғалысы емес,
заттарды ұстауға икемділігі
бағаланады.
Жаңа туылған нәрестенің төсектегі қалпы (жатысы) бағаланады. Нәрестенің қалыпты
қалпы төмендегідей: алғашқы айларында аяқ-қолдарын денесіне тартып, бүгіп жатады.
Себебі, бүгілдіргіш бұлшық еттердің тонусы жаңа туылған балаларда шамадан тыс
дамыған.
Жүйке-іс әрекеттерін бағалау үшін төмендегідей зерттеулер жүргізеді.
ҚОЗҒАЛЫС ТҮРІ. Статика және моторика. Алдымен тек қандай қозғалыстар бар
екендігін бағалайды. Егер 1 жасқа дейінгі бала болса, оны шалқасынан, етпетінен, қырынан
жатқандағы қимылдарын, еңбектеуін, ойыншықтармен ойнауын және т. б.
қимылдарын
бақылайды. Барлық, әсіресе қолдағы буындардың, пассивтік және активтік қимылдарын
тексереді.
Бұлшық ет күші (тонусы). Жәй қалыпты жағдайда тексереді.
Еріксіз қозғалыстар. Жаңа туылған балада 2-3 айға дейін атетоидтық (саусақтардың
бір қалыпты қалтырауы) қимылдар байқалады.
Физиологиялық рефлекстер (бейнелістер). 1 жасқа дейін: Баланың қозғалысы бейнеліс
түрінде болады, ол бейнелістер қимыл қозғалысының негізін қалайды да, кейін жоқ болыц
кетеді. Ол бейнелістер алғашқы 2-4 айдан кейін анықтала-тын болса ауытқу (патология)
болып есептелінеді.
СЕГМЕНТАРЛЫ АВТОМАТИЗМДЕР
Алақан - ауыз бейнелісі (Бабкин бейнелісі). Үлкен саусақпен
жаңа туған баланың
алақанын басқанда, бала ауызын ашып, басын иеді
Достарыңызбен бөлісу: