Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет23/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

30 КЕСТЕ 
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Жасы 
1 ай 
2 ай 
3 ай 
4 ай 
5ай 






Көру бағдарлау
әрекеттері
/Бк/ 
Қыска уақытқа көзін жылтырақ 
заттарға тігеді және оларға 
қадағалап қарайды 
Көзімен көз алдында-
ғы ойыншықтарды 
қадағалайды 
Әртүрлі калыпта 
жатып, қозғамайтын
заттарға көзін тігеді 
Анасын
таниды 
Туысқандарын
бөтен адамдардан 
айырады 
Есту-бағдарлау
әрекеттері
/Бе/ 
Қатты дыбыс естігенде шошиды 
және көзін жыпылықтатады 
Құлақ салып,
тыңдайды 
Даусын естиді 
Дауыс шыккан 
жақка басын 
бұрады 
Оған қарап айтылған 
сөздің түрін 
айырады 
Көңіл-күй 
(эмоция) 
(Э) 
Алғашқы жымию
пайда болады. 
Үлкен кісінің оған 
арнаған сөзіне күлкі-
мен жауап береді. 
Онымен сөйлескенде 
қуанышын күкімен, аяқ-
қолының қуанышты 
қозғалысымен білдіреді 
Даусын 
шығарып, 
күледі. 
Жалпы 
қимылдар 
(Кж) 
Етбетіне жатып басын көте-руге 
(ұстауға) тырысады 
Басын тікесінен 
жақсы 1-2 минут 
ұстайды 
Етбетінен жатып басын 
жақсы ұстайды.
Аяғымен тірейді. 
Шалкасынан 
жатып, етбетіне 
аударылады. 
Қолтығының 
астынан ұстағанда, 
аяғын тік басып тұра 
алады. Шалқасынан 
жатып етбетінен 
аударылады 
Қолдарының
қозғалысы және 
заттармен
әрекеті
(Ққ) 
Кеудесінің үстінде ілулі 
тұрған ойыншықтарды 
кездейсоқ ұстайды. 
Ілулі тұрған 
ойыншықтарды 
колымен 
ұстайды 
Үлкендердің 
кеудесінің үстіне 
ұстап тұрған
ойыншықтарын 
колына ұстайды 


Белсенді сөйле-
удің дамуының 
дайындық
сатылары (Сб) 
Уілдеп, дыбыс шығара 
бастайды. 
Ұзак уакыт 
уілдеп, дыбыс 
шығарады. 
Ұзақ уақыт уілдеп, 
дыбыс шығаруды 
жалғастырады. 
Сөзді түсіну 
(Тс) 
Әрекеттердегі 
икемділіктер 
мен іскерліктері
(И) 
Тамақтанғанда, 
қасықтан тамақты 
ернімен түсіріп 
алады 
6 ай 
7ай 
8 ай 
9 ай 
10 ай 
11 ай 
12 ай 



10 
11 
12 
13 
Етбетінен жатып 
арқасына 
аударылады. 
Еңбектей 
бастайды 
Жақсы еңбектейді. Өзі отырады, тіреу-
ден ұстап, жағалап 
жүре алады 
Екі қолынан 
жетектегенде,
жүреді 
Аласа жерлерге өзі
шығып, түсе алады 
Тіреусіз тұра алады. Өзі жүре алады 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әртүрлі
қалыптан 
ойыншықтарды 
өзі алады 
Ойыншықтарды 
біріне-бірін соғып 
ойнайды.Бір қолын-
дағысын екінші 
қолына ала алады 
Ойыншыктармен 
ұзақуақыт ойнайды. 
Ойыншықтардың 
түріне қарап, әрекет 
істеп, ойнайды 
(домалатады, 
дөңгелетеді, т.б.) 
Қораптарды 
ашып, жабады. Бір 
затты екіншісіне
салып жинайды 
Кубиктерді тұрғыза 
алады, пирамида-
ның шынжырын 
алып, сала алады 
Сөздің 
буындарын айта 
бастайды «ма», 
«па» және т.б. 
Сөздің буындарын 
жиі қайталап айта-
ды былдырлап бір-
нәрселер айта 
бастайды 
Бөлек буындарды 
дауыстап, жиі 
қайталап айтады 
Оның сөзінде бар 
буындарды 
естігенде, еліктеп 
қайталайды 
Үлкен кісілердің 
айтқан буындарын 
еліктеп кайталайды 
Бірінші «мама», 
«мяу»деген 
көрсеткіш сөздерді 
айта бастайды 
8–10 сөз айта
алады 
«Бер» деген сұраққа 
тиісті жерде жатқан 
затты табады 
Үлкеннің өтінуімен 
алаканын «шапалақ 
-тайды», «сау бол» 
деп, колын 
бұлғайды 
Дене бөліктерінің 
атын біледі, таныс 
заттарды сұрағанда 
алып береді 
Өзінің атын біледі, 
«қайда?» - деп сұра-
ғанда, көп ойыншы-
ктардың ішінен ке-
регін алып береді 
Үлкендердің 
болымсыз
өтініштерін 
орындай алады 
Түсінетін 
сөздерінің қоры 
көбейеді 
Үлкен кісі ұстап 
тұрған пияладан 
сұйықтықты 
ұрттап ішед 
Нанды өзі ұстап 
жейді 
Пияланы қолымен 
ұстап тұрып ішеді 
Пияладан ішеді 
Пияладан ішеді 
Пияланы өзі алып 
ішеді 


31 КЕСТЕ 
2 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖҮЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Жасы 
1 жас 3 ай 
1 жас 6 ай 
1 жас 9 ай 
2 жас 
Сенсорлық даму 
/Сд/
Ойнап отырып, 2 түрлі 
көлемді затты ажыратады 
/мысалы 2 кубик/. 
Ұсынылған, аты аталған
әр түрлі көлемді заттарға 
сәйкес (3-4) дәл сондай 
заттарды таба алады 
(кубикке - кубик). 
Ойнап отырып, аумағы
3 түрлі затты ажыратады
(3 кубик). 
Үлкендердің сұрауы
бойынша заттың түрін- 
түсін ажыратады. 
Қозғалу
/Қ/
Ұзақ жүреді,еңкейеді,
отырады, т. б. 
Жүрісі үйлесімділеу болып 
келеді де, заттан аттап өте 
алатын (ағаш, таяқ т.б.) 
болады 
Еденнен 15-20 см жоғары 
жалпақтығы 15-20 см заттың 
үстінен аттап өте алады. 
Кедергілерден өтіп,
адымдап жүреді. 
Ойыншық және 
заттармен әрекеті 
/О/
Қуыршақты тамактандыру, 
пирамида жинау т.б.
әрекеттерді орындайды. 
Күнделікті көріп жүрген 
қимылдарды өзі орындай 
алады (қуыршақтың 
шашын тарау, шомылдыру, 
т. б.). 
«Қақпа», «орындық», «үй»
салады. 
Бір-біріне байланысты 
бірнеше қимылдарды
орындайды: қуыршақты 
суға түсіру, сүрту т.б. 
Сөйлеу 
/С/ 
Жеңіл сөздерді пайдалана-
ды (машина – «би-би»,
ит – «ав-ав»). 
Таңғалған, қуанған, 
қызыққан кезде заттың
атын атайды. 
1–2 сөзден сөйлем
құрайды. 
Үлкендермен араласқанда 
2–3 сөзден сөйлем құрап, 
сөйлейді. 
Сөзді түсінуі 
/Ст/
Түсінетін сөздерінің қоры 
көбейеді. 
Сыртқы аумағымен түсі
әртүрлі, бірақ бір-біріне 
сыртқы пішіні ұқсас
2 затты ажыратады. 
Суреттерді қарап отырып,
үлкендердің сұрағына
жауап береді. 
Қысқа әңгімелерді 
түсінеді. 
Икемділік
/И/
Өзі қасықпен қою тамақты 
ішеді. 
Сұйық тамақты қасықпен 
ішеді. 
Үлкендердің аз ғана 
көмегімен киімдерін шешеді 
(аяқ-киімін шешеді). 
Үлкендердің аз ғана
көмегімен киіне алады. 


32 КЕСТЕ
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЖҮЙКЕ-ІС ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ 
Жасы 
2 жас 6 ай 
3 жас 
Сенсорлы дамуы 
/С/ 
Алдындағы суретке қарап отырып, 4 түрді ажыратып, іріктей 
алады (қызыл, көк, сары, жасыл). 
4 негізгі түсті айыра алады. 
Қозғалу /Қ/ 
Жерде жатқан ара қашықтығы 20 см бірнеше 
заттардан аттап өтеді (жіп, таяқ, т. б.). 
Биіктігі 10–15 см заттардан аттап, өтеді. 
Ойыншық және 
заттармен әрекеті 
/О/ 
Жүйелі және байланысты ойнайды (қуыршақты 
тамақтандырады, ұйықтатады және т. б.) 
Ойын кезінде «рольдерді» орындап, ойнайды 
(мысалы: мен «мама», мен – «дәрігер»). 
Сөз сөйлеу /Сс/ 
2–3 және одан да көп сөздерден сөйлем құрады. 
Күрделі сөйлемдер құрастыра бастайды. 
Икемділік /И/ 
Өзі киінеді, бірақ ілгегін сала алмайды және т. б. 
Өзі киінеді, үлкендердің аз ғана көмегімен ілгегін 
салады, аяқ киімінің бауын байлайды. 


55 
1.4. 
БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Баланы тексеру кезінде педиатрлар ересек адамдарды тексеруге қолданылатын 
барлық тәсілдер қолданылады. Бірақ тексеру нәтижелі болу үшін баламен тіл таба білу 
және кейбір арнайы тексеру әдістерін жүргізе алу керек. 
Дені сау және науқас балаларды тексеру сұрастыру және тікелей зерттеуден тұрады. 
Сұрастыру арқылы паспорттық мәліметтер, өмір тарихы, аурудың даму тарихы 
анықталады. 
1.4.1. НАУҚАСТЫҢ АУРУ ТАРИХЫ 
Шежіренің бұл бөлігі науқастың (ата-анасының) шағымдарын, пайда болу тарихын 
және осы аурудың даму тарихын қамтиды. 
АУРУДЫҢ ШАҒЫМДАРЫ. Шағым деп науқастың өзі сезінетін аурулық сезімді 
айтады. Шағымдар негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі, ия бас шағым, әр 
мүшенің (жүйенің) патологиясына тән болады. Мысалы, тыныс мүшелерінің ауруына тән 
негізгі шағымдар – жөтел, қақырық тастау, ентігу және т.б. 
Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы арнаулы емес 
жауабының көрінісін білдіреді. Бұл шағымдар әртүрлі ауруларда бірдей болады. Қосымша 
шағымдарға әлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы және т.б. жатады. 
Мүмкіндігі болғанда әр шағымды жан-жақты талдау қажет. Негізінен шағымды қай 
жері, мезгілі, саны, сапасы, себебі, қосалқы жағдайларды анықтау бағытында талдайды. 
Төменде шағымдарын анықтаудың және жүйелендірудің болжамды естелігін беріп 
отырмыз: 
Қызба байқалатын болса: дене қызуы ұдайы жоғары бола ма, ұстамалы түрде 
көтеріле ме, тәулік бойындағы өзгерістері қандай, қызбаның сипаттамасы (ұдайы, толқын 
тәрізді, үзбелі, екі өркешті және т.б.); Қызбалық кезеңнің ұзақтығы, қызуы ненің әсерінен 
төмендейді, қалтырай ма, оның жиілігі, терлей ме, оның қарқыны және терлейтін уақыты, 
түнде терлей ме? 
Тері, тері асты шелі: терісі қыши ма, жалпы немесе жергілікті қыши ма, қай жері; 
тері жамылғысының түсі. Бөртпелер, орналасқан жері, сипаты. Бөртпелердің тамақпен, 
қабылдаған дәрілерге байланыстылығы. Қан кету, олардың орналасқан жері, сипаттамасы. 
Ісінуі, орналасқан жері, пайда болған мерзімі (ертеңгісін кешке). Баланың арықтағаны 
немесе толықсығаны қай уақытта байқалған. 
Тыныс мүшелері: аяқ-қол, жалпақ сүйектердің, омыртқалардың, буындардың ауруы. 
Мұрыннан сұйықтықтың ағуы: мөлшері, сипаты, иісі. Мұрыннан қан кету, тамақтың 
ауруы. Жөтел – ұдайы немесе мезгіл-мезгіл байқалады. Құрғақ немесе қақырықты, 
қақырықтың сипаты. Ентігу – тыныс алу немесе шығару ауырланған, ненің әсерінен ентігу 
үдейді немесе азаяды, тәуліктің қай мезгілінде ұстайды, денеге салмақ түсуімен 
байланыстылығы. Кеуде қуысының ауруы – орналасқан жері: сыздайды, шаншиды, 
сырқырайды, демалыспен, жөтелмен қалпын өзгертумен байланыстылығы; ауруды не 
жеңілдетеді. 
Жүрек-тамыр жүйесі: жүгіргенде және ойнағанда қатарынан қалып қояма, 
жүгіргенде бұрын өзгерістер байқалды ма, цианоз қашаннан қай жерде байқалады; 
жүрегінің соғуы: ұдайы немесе ұстамалы түрде, ұзақтығы, денеге салмақ түсуіне, көңіл-
күйіне, ортаның қызуының өзгеруіне байланыстылығы. Жүрек тұсының ауруы: немен 
байланысты, сипаты (шаншу, сыздайды, қысады), қарқыны, ұзақтығы, иррадиациясы 
(қайда тарайды). 
Ас қорыту жүйесі. Тәбеті – жақсы, төмен, жоғары, таңдамалы, бұрмаланған. Шөл, 
аузының құрғауы, сілекейінің ағуы. Жұтынғанда төс тұсының ауруы. Лоқсу, құсу, немен 
байланысты. Құсықтың сипаты. Жүрегінің айнуының ішкен тамағымен, аурумен 


56 
байланыстылығы, ұзақтығы, құсуға жалғаса ма. Кекірік: ауамен, ащы, шіріген, жұмыртқа 
иісті. Қыжылдау: ішкен тамақпен байланыстылығы, не жеңілдетеді. Іштің ауруы, 
ауыратын жері, тамақпен, денеге салмақ түсумен байланысы; иррадиациясы, үлкен 
дәретке отыруымен байланыстылығы. 
Ішінің кебуі, газ шығуы, нәжісі: ретімен, ретсіз, қатуы, іштің өтуі: тәулігіне неше рет, 
тамақтың түріне байланыстылығы, байқалатын мезгілі, нәтижесіз дәретке отырғысы келу. 
Нәжістің түсі (қоңыр, ақшыл, жасыл, қара), қан араласқан (ашық қызыл, қара, бетінде 
орналасқан, араласып кеткен), кілегей, ірің, тамақ қалдығы араласқан. Ішек құрттары 
байқалама? Көтеншектің тесігінің айналасы қыши ма, нәжіске отырғанда ауыра ма, тік 
ішектің айналуы. 
Зәр шығару жүйесі: Түзге шығу жиілігі, ауырсынуы, түнде немесе күндіз зәр 
тоқтамауы байқалмай ма, зәрдің мөлшері. Іштің және белдің ауруы, олардың сипаты, 
иррадиациясы, ұзақтығы. Ісіну, пайда болған жері. Зәрдің түсі (ақшыл сары, қара қоңыр, 
сары, «еттің жуындысы» түстес), зәрдің көбігінің түсі, тұнбасының түрі. 
Эндокрин жүйесі: шаштың дамуы (шектен тыс және жынысына сәйкес емес 
жерлерде дамыған, шашының түсуі, оның қаттылығы). Терінің өзгеруі (шектен тыс 
тершеңдігі немесе құрғақтығы, дөрекіленуі, стрия (тілінулер). Дене салмағының өзгеруі 
(семіру, арықтау). Тері асты шел майының орналасу ерекшеліктері. Дене ұзындығының, 
дене пішімінің, дене пропорциясының өзгеруі. Алғашқы және екінші жыныстық 
белгілерінің дамуы. 
Нерв жүйесі және сезім мүшелері: Тәртібінің ерекшеліктері. Көңіл-күйі 
(эмоционалдық тонус), тітіркендіргіштігі. Ұйқысының ерекшеліктері (ұйықтап кетуі, ұйқы 
тереңдігі, тыныш-сыз ұйқы, түнгі қорқыныштар, ұйқылы-ояу жүру). Сөйлеуінің дамуы, 
кекештенуі. Басының ауруы, айналуы, тырысу, қай жастан басталады, сипаты. Жағымсыз 
әдеттері (тырнағын жеу, стереотипті қимылдар, онанизм). Естуі, көруі, иіс сезуі. Мектепте 
шаршауы, үлгерімі. 
Осы аурумен ауру тарихы: Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. 
Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдалу, физикалык 
және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. 
Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшейуі, өзгерістері, өзгешеліктерінің әлсіреуі, 
бегілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бұрынғы (үйде) жасалған емдік 
шаралар және олардың тиімділігі. 
Науқастын өмір шежіресі: Баланың өмір шежіресі немесе «медициналық өмірбаяны» 
оның өзіндік ерекшеліктерін және ауруын анықтауда үлкен іс атқарады. Өмір тарихын 
анықтауды төмендегі ретпен жүргізген жөн: 
Бала нешінші жүктіліктен туылған. Бұдан бұрынғы жүктіліктердің нәтижелері. 
Соңғы жүктіліктің өрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кәсібі, сырқаты). 
Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ұзақ, құрғақ, сусыз кезең, босану кезіндегі 
әлсіздік, қолданылған шаралар), туылған күні. Күн жетіп туған, болмаса шала туған. Дене 
салмағы, ұзындығы. Алғашқы айқалаған уақыты, туған кезде тұншығуы, сарғыштығы. 
Кіндігінің түскен мерзімі. Неше тәуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан 
шығарылды. 
Нәрестелік кездегі ауырған аурулары: а) сарғыштығы, пайда болған мезгілі, 
ұзақтығы; б) басқа аурулары (жоғары тыныс жолдарының қабынуы, құсу, сұйық дәрет 
және т. б.). 
Қоректенуі: а) бірінші рет емізген уақыты; б) емізу тәртібі; в) қосымша тағам 
берілген мезгілі; г) аралас және қолдан қоректендіру кезіндегі қосымша тамақтың берілген 
мезгілі және қолдан қоректендіру себептері; Қоректенуге берілген сүт қоспаларының 
түрлері; д) бір жасқа толғаннан кейінгі қоректенудің ерекшеліктері (жарамдылығы, 
толықтығы, жүйелі, ретсіз). 


57 
Ауру баланың жүйке-іс әрекетінің дамуы: а) жымиып күлген уақыты, былдырлаған, 
уілдеген мезгілі, бірінші айтқан буындары, сөздері, бір жасқа толған кездегі сөз қоры; б) 
бір жастан кейінгі дамуының негізгі мағлұматтары. 
Баланың дене дамуы: а) ай сайын дене салмағының өсуі; б) қай уақыттан бастап 
басын ұстады: отыратын, тұра алатын, еңбектей, жүре алатын болды; в) бірінші тіс 
шыққан мезгілі, бір жасында неше тіс шықты. 
Ауырған науқастары: қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері
асқынуы, жасалған операциялар.
Отбасы жағдайлары: пәтердің көлемі, лайықтылығы, сәйкестігі, от басының әл-
ауқаты. 
Баланың күтімі, баланың іш киімдермен және төсекпен қамтамасыз етілуі. Баланы 
серуендету, суға түсіру, күн тәртібі, ұйқысының ұзақтығының ерекшеліктері, сипаты. 
Эпидемиологиялық анамнезі: Жұқпалы және туберкулез ауруларымен науқас 
адамдармен 
қарым-қатынасы. Алдына 
ала 
туберкулезге, 
көкжөтелге, 
күлге, 
полиемиелитке, қызылшаға және басқа ауруларға қарсы егу. 
Аллергиялық мәлімет (анамнез): Баладағы аллергиялық аурулардың түрлері; 
экссуда-тивтік диатез, ринит, демікпе және т.б. Қандай тағамдар және дәрі-дәрмектер 
жағымсыз әсер етеді. Алдын ала сақтандыру үшін егілген дәрі-дәрмектермен (вакцинация, 
гамма-глобулин) мен қаннан жасалған дәрілердің жағымсыз әсері. Туысқандарында 
кездесетін аллергиялық аурулар. 
Тұқым қуалаушылық: Ата-аналары: аты-жөні, кәсібінің түрі, денсаулығы. Апасы мен 
сіңлілерінің, ағасы мен інілерінің денсаулығы, егер қайтыс болған болса, қай жасында, 
қандай себептерден қайтыс болғаны. Туысқандарының арасындағы созылмалы, тұқым 
қуалайтын аурулардың түрлері. 
ЖАЛПЫ ҚАРАУ 
Дені сау және ауру балаларды клиникалық зерттеу, сұхбаттасудан кейін жүргізілетін, 
жалпы қараудан басталады. Жалпы қарау ең қарапайым әдістерге жатады. Әр саладағы 
лабораториялық, құрал жабдықтық зерттеу әдістерінің жедел дамып келе жатқанына 
қарамастан өзінің диагностикалық маңызын сақтап қалып отыр. Ол тек дұрыс 
пайдаланғанда ғана өз нәтижесін береді. Ол үшін қарау кезінде төмендегідей ережелерді 
мұқият сақтау керек. 
Ауруды табиғи жарықпен қараған жөн. Себебі, жасанды жарықта кейбіреулері 
көрінбей қалады. Егер күн жарығын пайдалануға мүмкін болмаса, ақ жарық электр шамын 
қолдану керек. Ауруға жарық қарсы және бүйірінен түсіп түру керек. Ауруды жылы 
бөлмеде толық шешіндіріп қарау керек. Қарауды бір жүйелілікпен жүргізу қажет. 
Қарау бала бөлмеге кірген бойдан басталып, сұхбаттасу кезінде жалғаса береді. Бұл 
кезде баланың аяғын басуына (егер жүретін болса), оның дене пішінін, бет әлпетін, көңіл-
күйін, айналасындағыларға реакциясын бағалау керек. 
Жалпы қарауда науқастың жалпы жағдайын, сана-сезімін, төсектегі қалпын, сыртқы 
жамылғылардың (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтары) келбетін бағалайды. 
Ауруды мүшелеп қарау тиісті жүйемен жүргізіледі: 
1.
Басты қарау 
2.
Бетті қарау 
3.
Мойынды қарау 
4.
Кеудені қарау 
5.
Қол-аяқты қарау 
1.4.2. НАУҚАСТЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ. 


58 
Науқастың жалпы жағдайын бағалау емдеу шараларының көлемін, кезегін (режимі, 
тамақтануы, дәрі-дәрмектерді таңдау, оларды организмге жіберу жолдарын шешу) 
анықтауда негізгі роль атқарады. Сонымен қатар, тексеру қандай және қай кезекте болу 
керегі де осыған байланысты шешіледі. 
Науқастың жалпы жағдайын көңіл-күйінен айыра білу керек. Себебі, кейде аурудың 
көңіл-күйімен жалпы жағдайы бірдей болып келеді, бірақ көбіне бөлек екені анықталады. 
Мысалы, кейбір аурулар көптеген шағымдар айтады, бірақ жалпы жағдайы қанағат-
танарлық болып қала береді. Керісінше кейбір аурулар ешқандай шағым айтпайды, бірақ 
жағдайы қатқыл болуы мүмкін де, қарқынды емдік шаралар қолдануды қажет етуі мүмкін. 
Әсіресе, жаңа туылған науқас нәрестенің жалпы жағдайын бағалау қиын болып келеді. 
Ауру 
баланың 
жалпы 
жағдайының 
ауырлығын 
үш 
дәрежеге 
бөледі: 
қанагаттанарлық, орташа, ауыр.
Кейбір жағдайларда науқастың жағдайының нашар екендігіне көңіл бөлу үшін 
«қатал», «мүшкіл» 
немесе 
терминальды (предагональды) 
деген терминдер қолданылады. 
Аурудың жағдайын дәрігер әрбір қараған сайын бағалауы керек, өйткені, науқастың 
жағдайы күн сайын емес минут сайын өзгеруі мүмкін (әсіресе жаңа туылған және сәби 
жасындағы балаларда). 
Акушерлік және педиатриялық тәжірибеде жаңа туылған нәрестелердің жағдайын 
Апгар шкаласы бойынша бағалайды (тиісті бөлімді қара). 
Балалардың жалпы жағдайын бағалауда 2 негізгі шектер (критериялар) 
қолданылады. 
1.
Токсикоз синдромының айқындық дәрежесі. 
2.
Әртүрлі жүйелердің қызметінің (функциялық) бұзылыстарының айқындығы. 
Жедел дамыған ауруларда науқастың жалпы жағдайын бағалаудың негізгі көрсеткіш 
токсикоздың айқындылық дәрежесі болып есептелінеді. Керісінше, созылмалы, ұзақ 
дамитын ауруларда бірінші орынға әр түрлі жүйелердің функциялық бұзылыстарының 
белгілері, яғни, олардың жетіспеушілігінің белгілерінің айқындығы, шығады. 
Организмде улану процесі дамығанда алғашқы болып орталық нерв жүйесі 
азаптанатын болғандықтан, токсикоздың алғашқы клиникалық белгісі баланың көңіл-
күйіндегі өзгерістер болып табылады. Токсикоздың ауырлығы келесі клиникалық 
белгілердің даму реті мен айқындық дәрежесі бойынша анықталады: енжарлық (апатия), 
кейде мазасыздықпен ауысып отыратын адинамия, ұйқышылдық, ступор, сопор, кома, 
тырысу синдромы. 
Дені сау баланың көңіл-күйі жарқын, айналасындағыны қызықтап, белсенді қозғалып 
ойнайды. 
Жағдайы қанағаттанарлық болғанда жоғарыда көрсетілген белгілер (енжарлық және 
адинамия, мазасыздану болуы мүмкін) болмайды немесе шамалы байқалады. 
Жағдайы орташа науқаста енжарлық, апатиямен қатар әруақытта ұйқышылдық 
байқалады. Жағдайы ауыр балаларда ұйқышылдықпен қатар сана-сезімінің бұзылуының 
әртүрлі сатылары (ступор, сопор, кома) және тырысу байқалады. 
Орталық нерв жүйесіндегі өзгерістермен қатар токсикозда басқа жүйелердің 
зақымдалу белгілерін анықтауға да болады. 
Бұның ең бірінші тыныс алу және қан айналу жүйелеріне қатынасы бар. Токсикозға 
тыныс алудың жиілеуі немесе керісінше сиректеуі, өкпенің эмфизематозданып үрленуі, 
әдетте тамыр соғысының жиілеуі (сиректеу сиреуі), оның кернеуі (қатаңдығы) мен 
толықтығының өзгеруі, жүрек үндерінің әлсіреуі, артериялық қысымның төмендеуі тән 
болып келеді. Ерте жастағы балаларда токсикозда іштің кебуі, бауырдың өсуі және т.б. 
байқалады. 
Бала ауруханада жатқан болса, токсикоз ауырлығын құрал-жабдықтармен зерттеу 
әдістерімен анықтауға болады. Уланудың кейбір түрлерінде қанда улы заттардың 
мөлшерін анықтауға болады (мысалы, барбитураттар және басқа). Пневмония мен 
вирусты ауруларда қышқылды-сілтілік жағдайларды (рО
2
, рН, ВЕ, SВ), ЭКГ-дегі 


59 
өзгерістерді (аритмия, К, Т тісшелерінің вольтажының өзгерістері және т. б.) анықтау 
арқылы бағалауға болады. Эндокриндік ауруларда жалпы жағдайын қандағы гормондар, 
қант, кетондық денелер, электролиттер, глюкозурия мөлшері бойынша бағалайды. 
Жүрек-тамыр жүйесінің ауруларында токсикоз ауырлығын ЭКГ, ФКГ, 
реографиядағы және тағы басқа өзгерістер бойынша, қан ауруларында қанның 
коагуляциялық активтілігінің арту немесе төмендеу (геморрагиялық синдромдарда) 
дәрежелері, гемоглобин, гематокрит деңгейі, эритроциттер (анемиялық синдромда), 
бласты клеткалар (лейкозда) мөлшері және т.б.; бүйрек ауруларында азотемияның, 
электролиттердің, бұзылыстардың және басқалар; ішек-қарын патологияларында дене 
салмағының төмендеуі дәрежесіне (сусыздануда), нәжістің көлемі мен сипатына 
(полифекалия), қанның биохимиялық көрсеткіштерінің бұзылыстарына (қан белогінің, 
гематокриттің, электролиттердің және басқалардың деңгейі) сәйкес бағаланады.
Ұзақ және созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың жағдайын бағалау әртүрлі 
жүйелердің өзіне тән, қызметінің жетіспеушілігінің анықтылығының немесе 
зақымдалуының тереңдігі мен жайылу дәрежесіне байланысты жүргізіледі. 
Тер ауруларының ауырлық дәрежесін бағалау негізінде, әсіресе ерте жастағы 
балаларда, жайылу дәрежесі (дене бетінің зақымдалу проценті) немесе жергілікті қабыну 
процессінің айқындық дәрежесі (гиперемия, сулануы, инфильтрациясы және т.б.) және 
жалпы құбылыстар (интоксикация, қышу және басқалар) жатады. 
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруларында жағдайының ауырлық дәрежесін бағалау 
негізінде бір жағынан жергілікті қабынулық өзгерістерінің айқындық дәрежесі (ісіну, 
ауырсынуы, гиперемия), буындар қозғалысының шектелуі, қанқа сүйектерінің 
деформациялары жатады. Рентгенологиялық зерттеулер қосымша мәліметтер береді 
(сүйек тканының бұзылу дәрежесі, остеопороздың айқындылығы және т.б.). 
Бұлшық еттер жүйесі зақымдалғанда (миопатия) жағдайының ауырлығы процесстің 
тыныс бұлшық еттерін (тыныс бұзылуы дәрежесі) қамту дәрежесі, белсенді қимылдар 
жасау мүмкіндігі бойынша бағаланады. 
Бұлшық ет тонусы және жиырылу күші, миография нәтижелері және т.б. қосымша 
мәліметтер береді. 
Тыныс мүшелерінің ауруларында жалпы жағдайының ауырлық жағдайы тыныс 
жетіспеушілігіне (тыныштықта немесе салмақ түскенде) байланысты анықталады: 
тыныстың жиілеуі, пульс пен тыныс жиілігінің қатынасы (қалыпты жағдайда бір жасқа 
дейін – 3:1, одан ересек балаларда – 4:1), цианоздың орналасуы мен айкындылығы, 
тахипноэ (инспираторлы, экспираторлы, аралас), жабысқақ тердің пайда болуы, 
артериялық қысымның өзгеруі, сонымен қатар, лабораториялық, құрал-жабдықтық 
зерттеулердің көрсеткіштерінің (рН, рО
2
, рСО
2
, ВЕ, өкпенің тіршіліктік сиымдылығы, 
тыныстың минуттық көлемі және пневмотахометрия) өзгерістері. Ауырлык дәрежесін 
бағалағанда клиникалық (перкуссиялық және аускультациялық өзгерістердің ауырлық 
және жайылу дәрежесі) және рентгенологиялық (өкпедегі инфильтрациялық немесе 
деструкциялық өзгерістің дәрежесі) зерттеулердің нәтижесімен анықталатын өкпе 
зақымдалуының дәрежесі, сипаты міндетті түрде қолданылуы керек. 
Қан айналымы мүшелерінің ауруларыда науқастың жалпы жағдайының ауырлық 
дәрежесін бағалағанда жүрек-тамыр шамасыздығының дәрежесін (пульсінің жиілігінің 
орташа қалыпты керсеткішке пайыздық қатынасы), цианоз, ісінудің айқындылығы, 
бауырдың өсуі және т.б. басшылыққа алынады. Клиникалық (жүрек шектерінің өсу 
дәрежесі, шулар мен ырғағының бұзылуының айқындылығы және т. б.) және құрал-
жабдықтық зерттеулер (ЭКГ, ФКГ, рентгенография) нәтижелерінде көңіл аудару қажет. 
Қан ауруларымен ауырған балалардың жалпы жағдайын бағалағанда функциялық 
өзгерістердің айқындылығымен жеделдік дәрежесін есептеу қажет: постгеморрагиялық 
анемияларда гемоглобиннің деңгейі, туа болған коагулопатия, тромбоцитопения және 
тромбоцитопатиялардағы тромбоциттер мөлшері. 


60 
Гемолитикалық криз пайда болған жағдайларда гемоглобин және эритроциттер 
деңгейінің төмендеу жылдамдығы, дене жамылғыларының сарғаюы дәрежесі, жедел 
лейкозда және қатерлі лимфомаларда токсикоздың, қызбаның, цитопенияның, лимфа 
түйіндерінің үлкеюінің айқындық дәрежелері. 
Жедел пайда болған ауруларда (геморрагиялық криз, қан кету, буындарға, бұлшық 
еттерге, жұмсақ тканьдарға үлкен мөлшерде қан кету, мұрыннан, бүйректен, жатырдан 
қан ағу, қайталап құсу, ауру синдромы, дене қызуының көтерілуі) жағдайының ауырлығы 
токсикозбен (жедел лейкозда, геморрагиялық васкулитте), дене қызуының күрт 
көтерілуімен (жедел лейкозда, буындарға қан құйылғанда, ауру синдромымен) 
геморрагиялық васкулитте абдоминалдық синдром, іш пердесінің сыртындағы гематомада 
нерв будасының басылуы, буындарға қан құйылғанда буын капсуласының созылуы, 
гемодинамикалық бұзылыстармен (тахипноэ, тахикардия, мазасыздану, жедел қан 
кеткенде артериялық қысымның құлдырауы, басының ауруы, есінен айырылуы, тырысу), 
яғни қан жасау жүйесінің зақымдалуы дәрежесінің айқындылығымен байланысты. Бұл 
зақымдалулар клиникалық (бозару, сарғаю, геморрагиялық және гиперпластикалық 
синдромдар) және лабораториялық (эритроциттер санының 1–2 млн, гемоглобиннің 30–50 
г/л-ге дейін төмендеуі, ретикулоцитоз немесе, керісінше ретикулоциттердің жойылып 
кетуі, қанда бласты клеткалардың пайда болуы, нейтрофилез, лимфоцитоз, 
тромбоцитопения, гипербилирубинемия, сүйек майының бластық трансформациясы, 
көкірек аралық қуысының лимфа түйіндерінің үлкеюі белгілері бойынша анықталады. 
Ұзақ байқалатын туа және жүре пайда болатын қан ауруларында (гипопластикалық 
және гемолитикалық анемиялар, созылмалы тромбоцитопениялық пурпура, тромбоцито-
патиялар, гемофилия) аурудың жағдайының ауырлығы қан жүйесінің қызметінің бұзылуы 
дәрежесімен анықталады. 
Бүйректің жедел жетіспеушілігінде науқастың жағдайының ауырлық дәрежесі 
токсикоздың айқындық дәрежесіне (дене қызуының көтерілуі енжарлық, делсалдық, 
комаға ұласатын ұйқышылдық немесе керісінше, науқастың өте мазасыз болуы) және 
бүйректен тыс белгілермен (бозару, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек-тамыр 
жүйесінің өзгерістері және т.б.), сонымен қатар, зәр зерттеулерінің (протеинурия, 
гематурия, лейкоцитурия және басқалар) және диурезді анықтаудың (олигурия, анурия, 
полиурия) нәтижелеріне байланысты анықталады. Ұзаққа созылатын бүйрек зақымдалу-
ларында (созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит, метаболикалық нефропатиялар) 
жағдайын бағалау шектері болып, клиникалық белгілерімен (шөл, полиурия, олигоурия, 
аузынан зәрдің иісінің шығуы, жалпы делсалдық, бас ауруы және басқалар) білінетін және 
қосымша зерттеу тәсілдерімен (Зимницкий сынамасы, қанның қышқылды-сілтілік 
жағдайы, қалдықты азот, креатинин, мочевина, электролиттер, клиренс және басқалар 
көрсеткіштері) анықталатын бүйрек жетіспеушілігі және оның айқындық дәрежесі 
есептелінеді. 
Жоғарыда көрсетілген белгілер болмаса, науқастың жағдайы қанағаттанар-лық деп 
бағаланады. Егер бұл белгілер бар, бірақ онша айқын болмаса (орташа білінсе) жағдайы 
орташа, айқын білінетін болса жағдайы ауыр, ал өте айқын білінетін болса жағдайы қатал 
(өте ауыр) болып есептелінеді. 
Жедел пайда болған ішек-қарын ауруларында науқастың жағдайы токсикоз 
белгілеріне және құсу мен іші өту жиілігіне, сусыздану (дене салмағының азаю пайызы, 
көзінің шүңіреюі, бетінің ұштануы – Гиппократ беті, кішкене балаларда көзінің 
қарашығының лайлануы, терісінің құрғауы және т.б. ), іш пердесінің қабыну белгілеріне, 
гепатомегалия дәрежесіне және басқаларға байланысты анықталады. Ұзаққа созылатын 
ауруларда полифекалиямен, кахексияға дейін арықтауымен, дене дамуының тоқырауымен 
және басқа зәрулік синдромдарымен (белоктың, электролиттердің, витаминдердің және 
басқалардың) белгіленетін мальабсорбция синдромының айқындық дәрежесімен 
анықталады. 


61 
Бауыр ауруларында, токсикалық белгілерден басқа, наукастың жалпы жағдайын 
бағалауда бауырдың өсу, сарғаюдың, геморрагиялық синдромның айқындылық дәрежесі, 
портальды гипертензия белгілері (іш шемені – көк тамырдың варикозды кеңеюі), 
функциялық жағдайын белгілейтін биохимиялық өзгерістер қолданылады. Мысалы: 
цитолиз дәрежесін анықтайтын ферменттер (трансаминаза, альдолаза және басқалар) 
деңгейі, холестаз дәрежесін бағалайтын холестерин, бетта-липопротеидтер, сілтілік 
фосфатаза, лейцинаминопептидаза және басқалар деңгейі; гепатоциттердің синтездеу 
функциясының бұзылуын анықтайтын билирубин, жалпы белок, альбуминдер, қан ұйыту 
әсерлері; қабыну процесінің дәрежесін білдіретін гаммаглобулин деңгейінің, тимолды 
сынаманың артуы және басқалар. 
Өңеш ауруларына тән негізгі шектер болып, төс асты ауруы айқындылығы, дисфагия 
сипаты, регургитация (сілекеймен, кілегеймен, тамақпен лоқсу, құсу), жеген тамағын кұсу, 
аузынан шіріген иіс шығу, науқастың азу дәрежесі сияқты белгілер есептелінеді. 
Гастродуоденальды аймақтың ауруларында науқастың жағдайын бағалау үшін іш 
бұлшык етінің дефансымен байқалатын ауру синдромының айқындық дәрежесі, 
мәжбүрлік қалпы, аурудың мойнингановтық ырғағы; ішек қарыннан қан кету белгілері 
(кофе түстес құсық, мелена); диспепсиялық құбылыстардың айқындылығы (қыжылдау, 
кекіру, лоқсу, кұсу, жүрегі айну) сияқты мәліметтер пайдаланылады. Жара ауруларында 
аурудың қайда берілетіндігін (иррадиациясын), оның күшін, барысын (динамикасын) 
ескеру кажет. Жаралық тыртық деформацияларда құсықтың сипатына, оның жиілігіне, 
араласқан заттарға, су-тұз алмасуының бұзылу дәрежесіне көңіл аудару керек. 
Қозғалыс функцияларын бағалау. Қозғалыс жүйелерін зерттеу көңіл-күйі ақыл-есі, 
бұлшық ет тонусының, шартсыз бейнелістер жағдайларын, спонтанды, енжар, белсенді 
қимылдар көлемін, тарамыс, сүйек қабы және беткейлі бейнелістерді анықтауды қамтиды. 
Баланың тәртібінің маңызы, оны тыныш жағдайда сөйлесіп, тексеруде ғана емес, 
сонымен қатар оны сипаттауда да (бұлшық еттер тонусы, рефлекстер, ес-түсі) тексеру 
кезіндегі баланың тәртібінің маңызы үлкен. 
Тәртібін бірнеше түрге бөлу, ол үшін төмендегі белгілерді қолдану ұсынылады: 
1.
Тыныш, көзін жауып, ырғақты демалып, қозғалмай ұйыктайды; 
2.
Активті ұйқы. Көзі жабық, тынысы бір қалыпты емес, әр түрлі бұлшық ет 
топтарында кептеген кішкене қимылдар байқалады; 
3.
Бала ұйқыдан ояу, бірақ тыныш. Көзі ашық, үлкен қимылдар мен айқай жоқ. 
4.
Сергек және активті. Көзі ашык, аяқ-қолдарында, тұлғасында әртүрлі қозғалыстар 
байқалады. 
5.
Айқайлайды. Көзі ашық немесе жабық болуы мүмкін, әдетте қимылдар 
байқалады. 
6.
Баланың тәртібінің басқа да түрлері де болуы мүмкін. 
Баланың ес-түсін бағалауды онымен сөйлесу арқылы шешу тек ересек балаларда ғана 
мүмкін болады. Сондықтан, көп нәрселерді сұрастыру және тікелей қарау кезінде шешу 
қажет. Осыған орай, науқастың көңіл-күйін, ақыл-есін бағалауды жүйелі ретпен жүргізу 
керек. 
Көңіл-күйі және ақыл-есі қалыпты. Ата-анасы көңіл-күйінің өзгермегенін, 
жақындарымен әдеттегідей сөйлесіп, ойнап күлетінін, ұйқысының тыныш екендігін 
тәбетінің жақсылығын, шағымының жоқтығын, себепсіз жылап мазасызданбайтындығын 
хабарлайды. 
Көңіл-күйінде қозу мен жәй табу (эйфория) байқалуы. Қимылдық активтілігі және 
ойын кезінде қозғалысы артады, «жыбырлап» сөйлегіш болып кетеді. Жақындарымен 
қарым-қатынасы нашарлайды (бала оған айтқан сөздерді, нұсқауларды, өтінішті 
естімейтін сияқты болады), тәбеті нашарлайды, ұйықтап кету және ояну уақыты ұзарады.
Көңіл-күйінде қозу мен мінезсіздіктің (негативизмнін) байқалуы. Жалпы қозумен 
бірге жақсы көңіл-күйі (эмоциясы) жойылады, бала кез-келген нәрсеге ашуланып, айқай-
лап жылайды, тамақтан бас тартып, ойыншыктарын лақтырады. Нені қажет ететінін өзі де 


62 
білмейді. Ұйықтай алмайды, көтеріп жүруді өтінеді. Терісінің сезімталдығы артады, сәл 
тигенде күрт жауап береді. Көрпесін ашып тастайды. Тері және сіңірлік бейнелістері 
артады. 
Қозудың есінің қараюымен қосарлануы. Қозу кезеңдері уақытша тынышталумен, 
енжарлық және ұйқышылдыкпен алмасып отырады. Бала басын сүйеп отырады. Терісінің 
сезімталдығының жоғарлығы сақталады, рефлекстер жоғары немесе қалыпты болуы 
мүмкін. 
Есінің қараюы (сомноленттігі). Енжарлық және ұйқышылдық ұдайы байқалады, 
бірақ ұйқысы қысқа және беткейлі болып келеді. Айқалап жылаудың орнына жәй 
ыңқылдайды, күтім жасаған адамға жауабы білінбейді. Қарағанда және құндақтағанда 
әлсіз ғана жауап береді. Тері сезімталдығы және сіңірлік рефлекстер төмендейді. 
Есеңгіреу (ступор). Науқасты мелшиіп қатып қалған жағдайынан қозғау қиынға 
түседі, тек қатты жұлқылап қана қозғауға болады. 
Көбіне қимылдық мазасыздану кезеңдерімен атетоз тәріздес қимылдар байқалады. 
Рефлекстер төмендейді. Ауырлық қоздырғыштарға жауабы айқын, бірақ қысқа болады. 
Сопор. Терең «ұйқы», есінен танып қалу. Баланы жұлқылап, ояту мүмкін емес. Тері 
сезімталдығы толық жойылады, сіңірлік рефлекстер үлкен күшпен анықталады, бірақ 
ұзаққа бармайды. Ауыртқанға (егуге) жауабы айқын болмайды. Көз қарашығының, 
мүйізді қабығының рефлекстері сақталады. Ақыл-есі өте әлсіз, жұтына алады.
Кома. Науқас ессіз-түссіз болып келеді. Рефлекстер, тері сезімталдығы, егуге жауабы 
толық жойылады. Қарашығы кеңейіп, жарыққа жауабы жойылады, мүйізді қабығының 
рефлексі жойылады. 
Команы 3 сатыға бөледі: 
Кома – 1. Көзін ашпайды. Қорғаныстық қимылдары координациясыз болады. Қарашық-
тық рефлекс сақталып қалады. 
Кома – 2. Аурулық рефлекстер мен қарашықтық рефлекстер жойылады. Тыныс алуы мен 
жүрек қызметі сақталады. 
Кома – 3. Тынысы дөрекі өзгереді, систолалық кысым 60 мм сынап бағанасынан төмен 
түседі, көз алмасы қозғалмайды. 
Күнделікті өмірдегі әрекетінің белсенділігіне қарай науқас балалардың төсектегі 
қалпын 3 топқа бөледі:
1. Еркін немесе активті (әрекетті). Науқас төсекте еркін қозғала алады. Бұл жағдай
баланың жасына байланысты қозғалыс мүмкіншіліктеріне сай шешілуі керек (мысалы: 
жаңа туылған нәрестелер). 
2. Қимылсыз не пассивті (енжар) қалып. Төсекте жатқан науқас өз бетімен қоз ғала 
алмайды. Төсекке қалай жатқызса солай жата береді. Бұл жағдайда да баланың жасына 
байланысты қозғалыс мүмкіншілігіне сай анықтау керек. 
3. Мәжбүр қалып. Науқас баланың жағдайын жеңілдететін қалпын қабылдауы. 
Мысалы: жүрек ауруларында амалсыз оң бүйіріне жатады, менингитте бір бүйіріне, 
басын шалқайтып екі аяғын ішіне тартып, жатады, амалсыз төрттағандап отыру 
перикардитте байқалады. 
1.5. МҮШЕЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
1.5.1. ТЕРІ 
Балалардың терісінің, әсіресе жаңа туған, емшек жасындағы балаларда, 
морфологиясының және қызметінің (функциясының), үлкен кісілерге қарағанда, көптеген 
ерекшеліктері бар. Балаларда терісінің жалпы ауданы салмақ мөлшерімен салыстырғанда, 
үлкен кісілерге қарағанда, едәуір үлкен болып келеді. 
Баланың терісі өте жұқа, нәзік, жұмсақ, барқыт тәріздес болып келеді, және ересек 
адамдардікіндей 3 қабаттан тұрады: 


63 
1. Беткі қабаты – эпидерма. 2. Терең қабаты – дерма. 3. Тері асты шел майы –
 
Hipо-derma 
(гиподерма). 
Терінің беткі қабатының, яғни дерманың өзі 5 қабаттан тұрады: 
1. Беткі мүйізді қабаты жаңа туған балада 2–3 бірімен бірі нашар байланысқан 
(ересектерде 10–13 қатар) және жеңіл қабыршақтанып түсіп отыратын, қабыршақтар 
қабатынан тұрады. 
2.
Эпидермалық немесе жылтырауық мөлдір қабат – жазық клеткалардан және 
жарықты жақсы қиятын зат – эллидиннен тұрады. Эллидин деген май (элей – май) 
болса керек. 
3.
Түйіршікті қабат – клеткалардың бірнеше (1–7) қабатынан тұрады. Жасуша түрі 
ромба тәріздес, құрамында теріге сәбіз тәріздес түс беретін, кератогиалин бар. 
4.
Тікенек тәрізді қабаты бірнеше клеткалар қабатынан тұрады. 
5.
Базальды немесе негізгі қабат эпидермистің ең тереңдегі қабаты. Базальды және 
меленоцит клеткаларынан тұрады және өте жақсы дамыған. Осы қабатта бөлініп 
жаңа клеткалар пайда болу процессі жүреді. Балаларда бөліну және жаңа клеткалар 
пайда болу активтілігі, ересектерге қарағанда, өте жоғары. Осыған байланысты 
балаларда грануляция және эпителизация процесстері тез жүреді де, регенераторлық 
(қалыптасу) қабілеті жоғары болып келеді. 
Базальды немесе тікенек тәріздес қабат түйіршікті қабатпен қосылып эпидермистің 
мальпигий қабатын құрайды. Эпидермиспен дерманың арасында базальды мембрана 
(негізгі жарғақ) орналасқан. Дәнекер тін мен икемді (эластикалық) талшықтардың нашар 
дамуына байланысты негізгі жарғақ жұмсақ болады, сондықтан эпидермис дермадан 
қатпарланып, айырылып тұрады. 
Дерма немесе өзіндік тері коллагендік және икемдік талшықтардан, аморфты негізгі 
заттардан (гиалурон қашқылы, кератосульфат) және клеткалық элементтерден 
(гистоциттер, Эрлих клеткалары, бірең-сараң лимфоцит пен лейкоциттерден, пигмент 
клеткаларынан) тұрады. 
Туылған мерзімде дерма өте анық болмаса да, екі қабаттан тұрады: бүртікті және 
торлы қабат. Балаларда дерма нәзік, клеткалық элементтерге бай келеді. Дерма қан және 
лимфа тамырларына бай болады. Онда май және тері бездері орналасқан. Капиллярлар, 
ересектерге қарағанда, кең болып келеді де, балаларда терінің регенераторлық қабілетінің 
жоғары болуына әсерін тигізеді. Коллагенді, созылмалы және бұлшық ет талшықтары 
шамалы дамыған, ересектерге қарағанда, жұқа, жұмсақ және мөлшері аз болып келеді. 
Баланың терісінде май және тер бездеріне баратын регенераторлық және 
секреторлық нерв тіндері көп орналасқан. Баланың жасының ұлғаюына байланысты, 
эпидермис пен дерма ұлғая түседі. Сондықтан, баланың 7 жасында терісінің 
қалыңдығының ересектерден айырмашылығы жойылады. 
Май бездері ұрықтық кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Баланың бес 
айлығында толық өсіп жетіледі де, көп секрет бөліп шығарады. Бұған мұрынның ұшында, 
маңдайында, екі бетінде орналасатын, майдың ақ түйіршіктері – mіllіа куә. Олар бала 
өмірінің бірінші аптасының аяғында жойылып кетеді. 
Туылған мезгілде тер бездерінің құрамы толық жетіледі, бірақ мидағы тер бөлу 
орталықтарының нашар дамығандығына байланысты 3–4 айға дейін жұмыс істеуі нашар 
болады. Сонымен қатар, тер бездерінің түтікшелері өте қысқа және тар болып келеді. 
Жаңа туған баланың басындағы шашы жақсы дамыған, бірақ орталық 
талшықтарының жоқ болуына байланысты жұмсақ болады. 
4-аптадан кейін туғандағы шаштары түсіп жаңа шаш шығады. Мезгіліне жетіп туған 
балаларда ұрықтық кезеңдегі шаштар аяғына және арқасында жауырындардың ортасында 
орналасқан. Ал, шала туған балаларда денесінде шаш тығыз, көбінесе аяқ-қолдарында 
және бетінің терісінде орналасады. 
Балалар организмінде тері көптеген маңызды қызмет атқарады. Ол қызметтердің 
жаңа туған және емшек жасындағы балаларда көптеген ерекшеліктері бар. 


64 
Жұқа және жұмсақ терінің мүйізді қабаты жаңа туған және емшек жасындағы 
балаларда, ересектерге қарағанда, механикалық және химиялық факторлар әсер еткенде, 
жеңіл зақымдалады. Қан тамырларымен бай келетін жұқа мүйізді қабат арқылы улы 
химиялық заттар тез өтіп (сорылып), бала организміне әсерін тигізеді. Сондықтан, бұл 
жастағы балаларға құрамында улы, қоздырғыш, тез сорылатын заттар бар майларды 
(скипидар, йод, формалин және т.б.) қолданбаған жөн. 
Эпидермистің базальды қабатында орналасқан моноциттер шығаратын тері пигменті 
меланиннің ультра күлгін сәулелерді жұту қабілетінің нәтижесінде, тері организмді күн 
сәулесінің зақымдау әсерінен қорғайды. Балаларда меланин шығару процессі толық 
жетілмеген, пигментті түйіршіктер саны, ересектермен салыстырғанда, көп болып келеді. 
Осыған байланысты емшек жасындағы балаларға ультра-күлгін сәулелерін ем ретінде 
қолдану үлкен сақтықпен жүргізілуі керек. 
Баланың терісі туған кезде стерильді болып келеді. Туғаннан кейін бірден терісінің 
бетін микробтар жайлай бастайды. Теріде көбіне патологиялық әсері жоқ стафилококк, 
диплококк және ішек таяқшасы кездеседі. Тері бетінде 2–10 күн аралығында микробтар 
көп болып келеді. Содан кейін, терінің бактериоцидтік әсеріне байланысты, азаяды. 
Терісінің нәзік және беріксіздігіне қарамастан, дені сау балаларда микробтар қанша көп 
болса да, тері ауруларымен сирек ауырады. Үйткені, терінің дербес стерилизациялық 
қасиеті жақсы дамыған. Микробтардан қорғауда терінің реакциясының қышқылдығының 
(РН-5,0) маңызы өте зор. Бірақ, балаларда терінің реакциясының бейтарап болуына 
байланысты, микробтардың дамуына жақсы жағдай жасалынады. Терінің бактериоцидтік 
қасиеті спиртпен, эфирмен сүрткенде, салқын тигенде төмендейді. Мүйізді қабаттың 
қабыршақтанып түсуі ересектермен салыстырғанда, 4–5 рет тез жүреді. Терінің нәжіс 
түсіп былжырауы, тер бездерінің активті секреті эпидермистің су мен майдан (липидті) 
тұратын қабығының (мантия) босаңсуына әсерін тигізеді. 
Терінің тыныстық қызметі көмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару 
арқылы орындалады. Терінің бұл қызметінің маңызы өте үлкен және, ересектерге 
қарағанда, 8 есе артық. Терінің ауданының 2/3 бөлігінің зақымдалуы (күю, ауа өткізбейтін 
майлар жағу және басқалар) баланың тұншығып (демалысы жетпегендіктен) өлуіне әкеліп 
соктыруы мүмкін. 
Терінің жылуды реттеу қызметі жетілмеген, әсіресе, жаңа туған және емшек 
жасындағы балаларда анық байқалады. Осыған орай, балалар тез тоңып немесе тез қызып 
кетеді. Терінің беті үлкен, эпидермис жұқа, капиллярлары көп, және олар орталық нерв 
жүйесінің реттеу әсерінің толық жетілмеуіне байланысты, жеңіл, бірақ нашар тарылатын 
болғандықтан, дене жылуын көп және тез жояды. Сондықтан, ерте жастағы балалардың 
денесі тез салқындайды. Қоршаған ортаның қызуы жоғарылағанда капиллярдағы қан 
мөлшері көбейеді, жылуды шығару және өткізу жолымен беруі молаяды. Терімен 
қоршаған ортаның жылуы теңескенде жылу беру процесі тоқтайды. Қоршаған ортаның 
қызуы одан әрі көтеріле берсе, тері қызу жоғалтудың орнына өзі қыза бастайды. Бұл 
жағдайда жылуды өткізу және сәулелену арқылы шығару тоқтап, тек қана булану арқылы 
жүреді. Бірақ, бір жасқа дейін булану арқылы жылу шығару мүмкіндігі жетіспейтін 
болғандықтан, дене қызуы көтеріледі. Тек қана 2–3 жастан бастап дене қыза бастағанда, 
булану арқылы қызу шығару жеткілікті болады. 
Тері – сезім мүшесі болып түйсіну, ауру және қызу қоздырғыштарын қабылдайды. 
Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай 
алады.
Терінің су алмасуда атқарар маңызы зор. Емшек жасындағы балалардың терісінде су 
10–17% болса, ересектерде 6–8%. Терінің фосфор мен кальций алмасуда маңызы зор. 
Теріде ферменттер, иммундық денелер, витамин «Д» түзіледі. Бұл процесстің, әсіресе 
емшек жасындағы балаларда, маңызы үлкен. Теріде организмді сенсибилизациялау 
процесіне қатысатын гистамин түзіледі. 


65 
ТЕРІНІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ 
Теріні зерттеуді (тексеруді) сұрастырудан бастайды: аурудың қашан басталғандығы, 
қышыну, тершеңдік, ауыру, науқастың қайталануы немесе өршуі туралы деректер 
жинайды. 
Одан әрі жағдайы, көңіл күйі, ақыл-есі бағаланады және қарау. Баланы жылы, жарық 
бөлмеде қараған дұрыс. Ең дұрысы жанынан түсетін жарықты пайдалану. Жас сәбилерді, 
егер жағдай көтерсе, жалаңаштап, шешіндірген дұрыс. Ересек, әсіресе, кыз балаларды 
жартылай шешіндіріп қарайды. Жас сәбилер тез тоңатын болғандықтан тезірек қарау 
керек. Қарау жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Терінің түсіне (бояуына), патологиялық 
факторлардың бар-жоғына көңіл аудару керек. Ерекше көңіл бөлетін жерлер: бөксе асты 
және арасы, саусақтар арасы. Қыртыс, қатпарларды жәйлап тартып, ашып, қарайды. Бас 
терісін, алақанды, табанды, көтеншекті мұқият қарау керек. 
Сау баланың терісі тегіс бозғылт-қызыл болады. Жаңа туған сәбидің терісі ғана 
қызарып (эритема немесе физиологиялық қабыну), немесе сарғайып (физиологиялық 
сарғаю), түлеп, қабыршақтанып, қайызғақтанып (физиологиялық қабынудан кейін 2–3-ші 
тәулікте) тұрады. Жаңа туылған нәрестенің кіндік аймағы үлкен ұқыптылықпен қаралады. 
Жаңа туылған балалардың мұрнының ұшында, мұрын қыртысында, май безінің 
қызметінің жоғары екендігінің дәлелі ретінде, кішкене ақ түйіршіктер (милиа) байқалады. 
Жаңа туған нәрестенің терісін ақ-сұр түсті шарана жауып тұрады. Ол кұрсақ ішінде 
жатқан кезеңде теріні құрсақ ішіндегі судан қорғайды және ананың босану жолы арқылы 
баланың өтуін барынша жеңілдетеді. Шарананы алып тастағаннан кейін көп жағдайда 
баланың терісінде қызарған, кейде шамалы көкшіл, белгілер байқалады. Мұны терінің 
физиологиялық қатары деп атайды. Тері капиллярларының елеулі түрде кеңеюі 
нәтижесінде пайда болатын бұл қызару негізінде қолдын басында, табанында бірнеше 
сағаттан 2–3 тәулікке дейін сақталады. Қызару қайта бастаған кезде, сол араның терілері 
түлеп түседі. 
Бала өмірінің алғашқы күндері оның бүкіл денесін, айңаласы қызғылт, ақшыл 
түйіндер қаптап кетуі тым жиі кездеседі. Қалақайдың күйдіргенін еске түсіретін, бұл 
бөртпелер токсикалық эритема деп аталады. Екі күндей тұрады да, орнына дақ қалдырмай 
жоғалып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет