ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (І-сатысы) жібереді
(17 сурет).
Содан соң,
тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (ІІ-сатысы)
(18 сурет).
Бұл
бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Керниг бейнелісі – шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе
буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып,
екінші қолымен
өкшесінен ұстап, жәйлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық
жазылмайды
(19 сурет).
Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Бабинский бейнелісі – баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға
қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш
тәрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейің сақталады.
Тіреу бейнелісі – баланы 2 қолтығының астынан және
сұқ саусақтармен басын арқа
жағынан ұстап көтеріп, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады (1-сатысы).
Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге тірейді
(20
сурет).
1–1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді.
Автоматты жүру бейнелісі – баланы тіреу бейнелісі
пайда болатындай етіп ұстап,
жәйлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды
(21
сурет).
Жаңа туылған дені сау балаларда 1–1,5 бойы сақталады.
Жазғыштардың (бұлшық еттердің) қиылыспа бейнелісі – Бір аяғын жәйлап, тізесінен
басып жазып, табанына жәй ғана түйреуіш тығып алса, екінші аяғы өзінен өзі жазылып, сәл
ғана ортаға қарай тартылады (келтіріледі).
Тартып қалу бейнелісі. Табанның терісіне ине шаншып алса – саны, балтыры және
яғының басы бір уақытта бүгіледі.
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері. Лабиринтті тонус бейнелісі: бала
шалқасынан жатқанда мойын, арқа, қол-аяғының бүгу бұлшық еттерінің тонусы артады.
Ассимметриялық мойындық тонус бейнелісі (Магнус-Клейн бейнелісі). Басын бір
жағына бұрғанда (жағын иықтың бойында ұстау керек), беті бұрылған жағындагы аяқ-
қолдары жазылып, қарсы жактағылары бүгіледі. Жаңа туылған балаларда бұл
бейнеліс ұдайы анықтала бермейді. Көбіне қолдарының қатынасы байқалады.
9 сурет.
Достарыңызбен бөлісу: