Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы


сурет.  Жұлынға пункция жасау әдістері



Pdf көрінісі
бет19/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

8 сурет
Жұлынға пункция жасау әдістері

Ликвордың ерекшелігі – оның құрамындағы белоктық заттар өте жоғары концентрацияда, 


үлкен адамдардікінен шамамен 20 есе жоғары болады. 
Ликвор мөлдір болып келеді. Егер 1 мкл ликвордағы цитоз (клетка саны) 600-ден 
арытса, ликвор лайланады. Жұлында цитоздың (клеткалардың) көбеюі плеоцитоз деп 
аталады. Бұндай өзгеріс ірінді менингитте байқалады. Ликвордағы қан кездейсоқ болса
ликвор жарты сағаттай пробиркада тұрғанда, 2–3 қабатқа бөлінеді. Ең үстіңгі қабаты 
мөлдір және таза болады. Ал, миға немесе оның қабығына қан құйылған жағдайда, ликвор 
қабатқа бөлінсе де, қоңырлау түсін сақтап қалады. 
Сонымен қатар, жұлын суын биохимиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, 
иммунологиялық зерттеуден өткізеді. 
Бала өмірге келген қарсаңында мидың тамыр жүйесі ересек адамдардікіне сырттай 
ұксас болады. Ми қанмен 4 артерия жүйесімен қамтамасыз етіледі. 2-уі ішкі ұйқы 
артериясы және 2 омыртқа артериясы. Сол жақ ми қан тамырларымен жақсырак 
қамтамасыз етілген, себебі сол ұйқы артериясы қолқа доғасынан бөлінеді. Ересек 
адамдарға қарағанда, ұрық пен жаңа туған сәбидің ми бетіндегі тамыр ұштастары 
(анастомоздар) саны көп болады. 
Өмірінің бірінші жылы еңбегі жабылғанға дейін, еңбегі жабылғаннан кейінгімен 
салыстырғанда, мидағы қан айналу өзгеше болады. Сәбидің миы қатаймаған бас сүйекпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет