237
арасан суы не 0,5-1 %-тiк натрий гидрокарбонатын пайдалану тиiмдi. Әрбiр 10-15 минут
сайын сұйық зат iшкізу керек. Тамақ баланың сұранысына қарай, көбiнесе оңай сiңiрiлетiн
көмiрсу мен майы өте аз тағамдар есебiнен (сұйық
манна ботқасы, картоп не көкөнiс
пюресi, айран, сүт) берiледi. Мiндеттi түрде, iшектен кетон денелерiн шығару үшiн,
тазалайтын клизма жасалады. Эссенциале-форте (күнiне 1-2 капсуладан 1-2 апта бойы)
немесе В
12
витаминi (бұлшықетке 10-300 мкг, күнара, барлығы 3- 5 рет) тағайындалады.
Ацетонемиялық құсу кезiнде ацидоз, дегидратациямен күрес, кетон денелерiн
шығаруды күшейту мен ыдырату бағытында жүргiзiледi.
Осы мақсатпен ауыр ұстама
кезiнде 5% глюкоза ерiтiндiсiн немесе оның 10%-тiк, ерiтіндісінің жарты мөлшерiн 0,9%-
тiн натрий хлоридiнiң ерiтiндiсiмен толықтырып, аскорбин қышқылын, кокарбоксилаза,
эссенциале-фортенi қанға жiбередi. РН 7,2 не
одан кем болса, 4%-тiк натрий гидро-
карбонаты қолданылады. Мiндеттi түрде тазарту клизмасы жасалып, асқазан шайылады.
НаД-дi балаларға патогенетикалық көрсеткiш ретiнде кальций пантотенаты
(тәулiгiне 100-150 мг), калий оротаты (50-100 мг/кг тәулiгiне), аллопуринол (тәулiгiне 10
мГ/кг) курстарын қайталап, урикозурикалық (этамид не атофан,
бояушы марена, цитрат
қоспасы, гепатотроптық (ЛИВ-52, эссенциале т.б.) дәрiлермен қоса беру тиiмдi. Бұл
балалардағы субфебрилитет арнайы емдi қажет етпейдi, тек инфекция ошақтарының
жоқтығына
көз жеткiзген соң, режим, диетаны орайластырылып, седативтiк дәрiлер
берiлсе, жетедi.
Алдын алу. Баланың күн тәртiбiн сақтау,
тиiмдi тамақтану, қиын психикалық
жүктемелерден қорғау қажет.
5. ТОРЛАНУДЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Торланудың созылмалы бұзылыстары – дистрофия (грекше dys – бұзылыс, (trophe –
нәрлену) – торлану жене тiндер трофикасының созылмалы бұзылысы,
осыдан сәбидiң
дұрыс, үйлесiмдi дамуының қалпынан таюы. Сәбилерде оның екi түрiн ажыратады; артық
торлану (ет алуы) – толықтық, семiздiк пен жеткiлiксiз торлану (ет алуы) – гипотрофия.
5.1. ГИПОТРОФИЯЛАР
Гипотрофия (грекше hуро – асты, trорhе – нәрлену, қоректену) –
торланудың
созылмалы бұзылысының салмақ кемiстiгiмен білінуі.
Жеткiлiксiз тамақтанудың ен
негiзгi, әрi жиi түрі белоктық-калориялық жеткiлсiздiк (БКЖ). Әдетте, мұндай балалар
организмiне витаминдер (гипоавитаминоздар) мен кейде микроэлементтер түсуiнiң
кемiстiгi де болады.
Достарыңызбен бөлісу: