Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет15/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

СБК =
Туылғандағы салмағы(г)
Туылғандағы дене ұзындығы(см)
Бірінші 3–5 күнде жаңа туған баланың алғашқы 6–8% немесе 150–300г салмағы 
кемиді. Бұндай салмақтың кемуі барлық балаларда кездеседі де, балалардың организмінде 
ешқандай ауытқулар болмайды және болашақта баланың денесінің дамуына әсерін 
тигізбейді. Сондықтан бұл процесс салмақтың физиологиялық төмендеуі деп аталады. 4–5 
күннен бастап оның салмағы қайта өсіп, екінші аптаның соңына қарай салмағын қалпына 
келтіреді. Біразырақ балаларда (әлсіз, емшекті ықылассыз аз еметін балалар) бастапқы өз 
салмағын қуып жету мерзімі 15 күнге дейін созылуы мүмкін. 
Дене салмағы алғашқы қалпына келген соң, тез өсе бастайды. Бір жасқа дейінгі 
балалар неғұрлым жас болса, салмағының өсу қарқыны соғұрлым жоғары болады. 
1. Туғаннан кейінгі бірінші айда бала 600 г салмақ қосады. 2–3 айда 800 граммнан, 4 
айда – 750 г, 5 айда – 700 г. Әрі қарай әр ай сайын 50 г кем қосып отырады. 
Бір жасқа дейінгі баланың дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + ай сайынғы 
салмақ қосуы
.
Мысалы: 3 айлық бала, туылған салмағы 3500 г. Тиісті салмағы = туылған салмағы 
+ ай сайынғы салмақ қосуы = 3500 + 600 + 800 + 800 = 5700 г.
2
. Тиісті дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + 800 г х п. 
800 г 
— бірінші жарты жылдықта ай сайын қосатын орташа салмақ; 

– аймен есептелген жасы. 
Екінші жарты жылдықта бұл формула өзгереді: 
Тиісті дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + бірінші жартыжылдықта 
қосылған салмағы (800 х 6) + 400 (n - 6). 

– аймен есептелген жасы, 
400 г 
– екінші жартыжылдықта ай сайын қосатын орташа салмақ. 
3. Алты айлық баланың салмағы 8200 г. 
Әрбір жетіспейтін айға 800 г алынып 
тасталады
:
8200 г 

 (6 
– 
п) х 800;
Әрбір артық айға 400 г қосады
:
8200 

(п 
– 
6) х 400.
п 
– аймен есептелінген жасы. 
Бір жылдан кейін салмақ қосу. Екінші жылда дене салмағы 2,5–3,5 кг артады. 3-тен 7 
жасқа дейін жыл сайынғы салмақ қосуы 2 кг болады, сондықтан бұл жастағы балалар арық 
келеді. Бұл процесс, кейбір оқымыстылардың көзқарасы бойынша (И.А.Арянов) зат 
алмасуын үдететін қалқанша бездің жұмысына байланысты. Әсіресе, қалқанша бездің 
белсенділігі 5–7 жаста көрінеді. Олардың әсерімен тотығу процесстері, организмдегі 


қоректік заттардың зат айналысы үдейді де, май қыртыстарының пайда болуына мүм-
кіншілік болмайды. Сонымен қатар, қалқанша бездің гормондары баланың қозғалысына 
әсерін тигізеді де, қоректік заттардың пайдалануын, олардың сіңімділігін арттырады. 
8 жастан бастап салмақ қосуы ұлғая түседі, яғни, жыл сайын 3-кг-дай салмақ қосады. 
Әсіресе, салмақ қосу процесі ер балаларға 13 жастан бастап үдей түседі. Бұл мезгілде жыл 
сайынғы салмақ қосуы 5–6 кг-ға дейін жоғарылайды. Қыз балаларда салмақ қосудың үдеуі 
ертерек – 11–14 жаста басталады да, 4 кг-ға жуық болады. Содан соңғы жылдарда салмақ 
қосу шапшаңдығы едәуір төмендейді. 
Жастан асқан баланың салмағын бір жастағы салмағына, жыл сайынғы қосатын 
салмағын қосу арқылы табуға болады. 
2–11 жастағы балалардың салмағын шамамен төмендегі формула бойынша табуға 
болады: 
10,5 кг + 2п. 
п 
— 11 жасқа дейінгі баланың жасының жыл саны,
10,5 кг 
— бір жастағы баланың орташа салмағы. 
12–15 жастағы баланың тиісті орташа салмағы төмендегі формуламен табылады:
п х 5п 

 20,
п 
– 12 жастан үлкен баланың жасының жыл саны. 
Туылғаннан кейін дене ұзындығының дамуы. Дене ұзындығы баланың денесінің 
дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып есептеледі. Мерзіміне жетіп туған дені сау 
баланың дене ұзындығы 48–52 см, орташа 50 см. Кейбір жағдайда жаңа туған балалардың 
дене ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін. 
Бірінші жылы дене ұзындығы, I кварталда ай сайын 3 см-ге өседі. II кварталда – 
айына 2,5 см., III кварталда – ай сайын 2 сантиметрден, IV кварталда – 1,0–1,5 см қосады. 
Бір жасқа дейінгі балалардың тиісті дене ұзындығын табу үшін туылғандағы дене 
ұзындығына ай сайын қосатын ұзындығын қосады. 
Мысалы: 3 айлық бала. Туылғандағы ұзындығы 50см. Тиісті ұзындыгы = туылғандағы 
ұзындығы + 3 айда қосатын ұзындығы = 52 см + 3 х 3,0 = 61 см. 
Бірінші жылы ұзындығына 25см, екінші жылы 10–11 см, үшінші жылы – 8см 
аумағында, 4 жастан 7 жасқа дейін жылына 5–7 см қосады. 11 жасқа дейін ер балалар мен 
қыз балалардың бой ұзындығы бірдей, орташа жыл сайын 4–5 см-ге өседі. 11–12 жастан 
бастап бой ұзындығының дамуы қыз балаларда ер балалардан асып түседі де, жыл сайын 
7–8 см қосады. Ер балалардың дене ұзындығының өсуінің жылдамдығының үдеуі кейінірек 
13–14 жастан басталады да, 15 жастан бастап қыз балалардың бой ұзындығынан аса 
бастайды. Бұл айырмашылық өмір бойы сақталып қалады. 
Негізінде дененің өсуі қыз балаларда 18–20 жаста аяқталса, ер балаларда 20–25 жаста 
аяқталады. 
Жастан асқан балалардың дене ұзындығын әртүрлі тәсілдермен анықтауға болады: 
1. Тиісті дене ұзындығы = 1 жастағы тиісті дене ұзындығы + жыл сайын қосатын 
дене ұзындығы. 
Мысалы: 6 жасар бала. Туылған дене ұзындығы 52 см, бір жастағы тиісті дене 
ұзындығы 77 см. Демек, 6 жастағы дене ұзындығы = 77 см + 10 см + 8 см + 6 + 6 + 6 = 
113 см. 
2. 75 см + 5n 
75 
– 1 жастағы баланың тиісті дене ұзындығы.
п 
– жасының жыл саны. 
Мысалы: Жоғарыдағы баланың тиісті дене ұзындығы = 75 см + 5 х 6 = 105 см. 
3.
4 жасар баланың тиісті орташа дене ұзындығы 100 см. 
4 жастан кіші балалар үшін әр жетіспейтін жасқа 8 см шегеріледі: 
100см – 8 (4 – п).
4 жастан үлкен балаларға әр келесі жылға 6 см қосылады

100 см + 6 (п – 4), п 

 жылмен есептелген жасы. 


4. 
2-15 жас аралығындағы балалардың тиісті дене ұзындығы 8 жасар балаға 
байланысты табылады. 8 жасар баланың тиісті дене ұзындығы орта есеппен 130 см-ге тең. 
Әрбір жетіспейтін жылға 7 см шегеріледі

130 
– 
7 х (8 
– 
п). Әрбір артық жылға 5 см 
қосылады:
130+5 (п–8), n
– жылмен есептелінген жасы. Баланың тиісті ұзындығын 
төмендегі формулалар бойынша да есептеп шығаруға болады (И. Н. Усов). 
2

8 жастағы балалар үшін = 74 + 7 х п
8

15 жастағы балалар үшін = 90 + 5 х п. 
п 
– жылмен есептелген жасы. 
Шамамен бас шеңберінің тиісті көрсеткіштерін төмендегі формулалар бойынша 
есептен шығаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет