Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет79/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Диспансеризация 
алдын ала денсаулықты сақтау талаптарына сай келетін жұмыстың 
ең бір жетілген әдісі. Диспансерлік жұмысқа сау және ауру балаларды диспансерлеу 
жатады. Диспансеризация жасына, денсаулығына, анықталған ауруына қарай жүргізіледі. 
Диспансеризация – бұл баланың жағдайы мен саулығының даму деңгейіне динамикалық 
бақылау, дамыған лабораториялық, құрал-жабдықтық зерттеулер арқылы баланың 


155 
денсаулығындағы ауытқуларды ерте анықтап, уақытылы сауықтыру және қалыптастыру 
шараларын жүргізу және баланың дұрыс дамуына тиімді жағдай жасау.
Диспансеризация сатылы жүргізіледі: 
І – емхана бақылауындағы балаларды кешенді 
бағалау өткізіледі; ІІ – патологиялық ауытқулар анықталған балаларға емдеу-сауықтыру 
шараларын ұйымдастыру. Санақ арқылы алдын-ала қарауға мына топтар бойынша 
жоспарланады: 

нәрестелер; 

мектеп 
жасына 
дейінгі 
ұйымдасқан ұжымдардағы балалар; 

мектеп жасына дейінгі балалар, 
мекемелеріне ұйымдаспаған балалар; 

16 жасқа дейінгі оқушылар. 
Бұл бақылауды іске асыруда көңілді негізінен 3 жасқа дейінгі және 1-ші сыныпқа
баратын балаларға аударады. Диспансеризация ҚР денсаулық сақтау министрлігі №219 
05.04.2007 жылы бекітілген «Балаларды алдын-ала қарауды жүргізу» жетілдірлген 
әдестемелік нұсқау (Астана-2007) негізінде жүргізіледі. 
Алдын-ала қарауды келесі түрлерге бөледі: баланы тұратын мекеніне байланысты 
немесе балалар мекемесінің дәрігерінің қарауы; дәрігерлік қараудың алдында кейбір 
функциялық-диагностикалық зерттеулер жүргізілетін терең алдын-ала қарау; маман 
дәрігерлер бригадасы баланың денсаулығын бағалайтын, кешенді алдын-ала қарау. 
Алдын-ала қарау жүргізгенде міндетті түрде 3 саты қарастырылу керек: 
1.
Дәрігерге 
дейінгі 
сатыда 
балалардың 
денсаулық 
жағдайына 
скрининг 
ұйымдастырылады. Ол үшін арнайы анкеттік тест-сұрақ қолданылады. 
2.
Педиатриялық сатыда педиатр (отбасылық дәрігер / жалпы тәжрибелі дәрігер) 
дәрігерге дейінгі мәліметтерді талдап, қарайдыда, балының десаулығына баға береді. 
Бұл саты дәрігерлік-педагогикалық сипатты болады. Бұл сатының жүргізілуіне 
психологиялық статусты, оқуға және оқуға бейімделуге функциялық дайындығын 
бағалау мақсатында педагог, психолог қатынасады. 
3.
Диспансеризацияның арнайы сатын жеке мамандар бригадасы жүргізеді. 
Алдын-ала қарау аяқталғаннан кейін денсаулық жағдайына кешенді баға беріліп,
денсаулық жағдайы туралы қортынды жасалады. Баланың денсаулық жағдайы бойынша 
қортындыға қауіпті факторлар бар-жоғы, дене және нервтік-психикалық дамуы
резистенттілігі, динамикалық бақылау тобын анықтау кіреді. Қортындыда санитарлық-
гигиеналық ережені сақтау, күн ережесі, физикалық тәрбие және шынықтыру, психолого-
педагогикалық шаралар, алдын ала егу, аралық жағдайлардың және аурулардың алдын алу 
бойынша ұсыныстар енеді. 
Динамикалық медициналық бақылау тобын анықтау үшін, дәрігер балалар 
денсаулығын кешенді бағалау жолымен 5 топқа бөліп, тиісті бақылау жүргізеді.
Дене (физикалық) дамуын центильді кестелер бойынша, ал басқа мүшелерді 
(нервтік-психикалық, жыныстық даму, тері, сүйек бұлшық ет, тыныс алу, жүрек-тамыр, 
асқорыту, несеп жүйесін, шеткі қан жүйесін және т.б.) оқулықтың алдыңғы жақта тиісті 
бөлімшелерді қарап, білуге болады.
Гинекологиялық зерттеу. Дәрігер акушер-гинеколог бойжеткендерді 15 жастан 
бастап, ата-анасының (қамқоршысының) рұқсаты болғанда ғана, қос қолмен ректоабдоми-
нальды зерттеу жүргізеді. Бұндай жағдай болмағанда, қарау кезінде міндетті түрде екінші 
медицина қызметкері қатысып тұруы міндетті және ол туралы медициналық құжатқа 
жазып қою керек («Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын-ала гинекологиялық көмек 
көрсетуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» бұйрық, Астана, 2005 жыл). 
Гинекологиялық зерттеу зерттелушінің несепқабын және ішегін босатқаннан кейін, 
гинекологиялық креслоға жатқызып жүргізіледі.


156 

Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда, олардың даму деңгейін, қынаптың кіреберісін, 
қыздық пердесін, оның бүтіндігіне, қоршаған тіндердің жағдайына, жыныс 
жолдарының бөліністеріне көңіл аударып қарайды.

Қынаптан жұғынды алу әртүрлі құрал-жабдықтар мен (шпательмен, пипеткамен,
шыны қасықшамен, науа тәріздес зондпен) жүргізіледі, алынған зат шынысына 
орналастырылып, кептіріліп, бекітіп (фиксациялап), сырлап, микроскопия жүргізеді.

Жатыр мойнын, қынап күмбезін, қынап қабырғасын қарау үшін балалар айнасын 
қолданады. Вагиноскопия – қынапты және жатыр мойнының қынаптық бөлігін әртүрлі 
сәулелі жүйемен жабдықталған әртүрлі айналармен қарау. Вагиноскопияға 
көрсеткіштер: жарақаттану, жатыр мойнының ісігіне күмәндану, мойын каналының 
полипі, қынап ісігі, қынапта бөгде денені болуы, белгісіз себепті қанкетулер.

Қос қолды тікішектік-ішқабырғасы арқылы зерттеу зерттелуші баланың тік шегіне 
кішкене (5-ші саусақты) енгізу арқылы жүргізіледі: жатырдың орналасуына, оның 
мөлшеріне, қозғалу қабілетіне, жатырдың денесі мен мойнының бұрыштың бар-
жоғына көңіл аударады. Жатыр қосымшаларын пальпациялағанда, оның мөлшерлеріне 
және аналық бездің түріне, олардың жұмсақтығына, қозғалғыштығына, жатырдың 
қосымшалары 
орналасқан 
аймақта 
жасқақатардың 
бар-жоғына, 
олардың 
пальпациялағанда ауыратындығына көңіл аударады. 
1.7. ДЕНІ САУ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ 
Жойылған энергияны толықтыратын және негізгі зат алмасуды қамтамасыз ететін 
заттарды организм тамақпен қабылдайды. Сонымен қатар, адам организміне тамақпен 
тканьдар құруға кажетті құрылыс (пластикалық) материалдар түсіп отырады. Бұның, 
әсіресе, өсіп келе жатқан организм үшін маңызы үлкен. Түбінде баланың денсаулығын, 
дұрыс өсіп, жетісуін анықтайтын бірден-бір фактор болып келеді. 
Емшек жасындағы бала үшін негізгі тағам ана сүті. Оның кұрамы айтарлықтай 
өзгермейді. Бірақ, оның құрамы ананың тамағының құрамына тығыз байланысты. 
Емшектен айырылғаннан кейін баланың тамағының құрамы өзгерімпаз болады. 
«Физиологиялық тамақтану» деген термин тағамдық рационмен тиісті жастағы 
баланың қалыпты өмір сүруін, оның даму және өсуін қамтамасыз етуді қарастырады. 
Балалардың физиологиялык тамақтануының ересек адамдардың физиологиялық 
тамақтануынан айырмашылығы, оның өсумен дамуды қамтамасыз етуге бағытталуында. 
Балалық шақ диетологиясы (нутрициологиясы) ең бірінші даму диетологиясы 
(нутрициологиясы) болып келеді. 
Балалық шақтың ерте кезеңінде, кейінгі кезендерге қарағанда, нерв және ми 
тканьдарының толық жетілуін, сүйек тканіның, тамырлардың, каңқа бұлшық еттерінің, 
миокардтың, репродукциялық, эндокриндік аппараттарының дамуын диетологиялық 
тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері өте жоғары болып келеді. Кіші мектеп, тіптен үлкен 
мектеп жасындағы балаларды темір, селен, йод, мырыш, кальций және тағы басқалармен 
сүтпен тиімді деңгейде қамтамасыз етудің өзі баланың ақыл-ойының, тіреу-қимыл 
аппаратының қалыптасуында айтарлықтай ақаулар пайда болуын әкеліп соқтыруы 
мүмкін. 
«Тамақтандырудың 
үйлесімділігі 
(адекваттылығы)» 
тағамдық 
рационының 
жеткілікті және үйлестірілгендігімен қатар, әртүрлі жастағы балаларда өзгеріп отыратын, 
көптеген қосымша шарттарды сақтауды қамтиды. Тағамдарды таңдау, оларды кулинарлық 
өңдеу тәсілі көлемі немесе консистенциясы, дәмділігі, осматикалық немесе 
иммуноаллергиялық сипаты баланың жасына немесе жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуі 
немесе келмеуі мүмкін. Бұндай құбылыс, тіптен, тамақтың құрамы мен оның 
үйлесімділігі жоғары деңгейде болғанда да байқалуы мүмкін. 


157 
Балалардың көректік жағдайын бағалаудың негізгі принциптері. Тиімді 
тағамдандыру балалардың көректік жағдайын алдын ала бағалауды талап етеді. Ол үшін 3 
тәсіл қолданылады: 
1. Балалардың көректілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергияның жойылуына 
сәйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сұрастыру және салмақты өлшеу әдістері 
қолданылады. 
Анкеталы-сұрастыру әдісі. 1-7 күн ішінде күнделікті тағам рационын балалардың 
ата-аналарынан арнайы сұрақтардан тұратын анкеталарды толтыру арқылы жүргізіледі. 
Салмақтық әдіс. Күн бойына баланың ішкен тағамын өлшеу арқылы бағалау, 3-7 күн 
бойына жүргізіледі. 
Емшек жасындағы балалардың ішкен тамағы тамақтандырғанға дейін және онан 
кейін баланың салмағын өлшеу арқылы анықталады. 
Жасанды және аралас тамақтандыру берілетін қоспа, қосымша тағамдар 
мөлшерленеді. Бұл алынған мәліметтерден соң тағамдардың энергиялық құндылығы, 
химиялық құрамы, баланың жасына сай қалыпты физиологиялық мұқтаждығымен 
салыстырылып, тексеріледі. 
2.
Дене дамуы, денсаулық жағдайы баланың тамағының сапалылығы туралы мәлімет 
береді. 
3.
Балалардың тағамдық маңызды заттармен қамтамасыз етілғендігін биохимиялық 
тәсілімен анықтайды. Организмнің қажетті нутриенттермен қамтамасыз етілгендігін 
анықтауға арналған биохимиялық әдіс организмдегі биологиялық сұйықтық пен 
тканьдердегі нутриенттерді және олардың әрі қарай биотрансформацияланған 
метаболиттерін есептеуге негізделген. Организмнің белокпен қамтамасыз етілгендігін 
қандағы жалпы белоктың жалпы мөлшерін, ауыстырылатын, ауыстырылмайтын 
аминқышқылдарын, альбумин, азот балансын, және зәрмен экскрецияланған жалпы 
азоттың, мочевинаның, креактининнің, аммиактың мөлшерін анықтау арқылы 
жүргізіледі. Бала организмінің липидтермен қамтамасыз етілуін май қышқылының 
метаболизациялық коэффициентімен анықтайды. 
Витаминдермен және минеральды заттармен қамтамасыз етілуін олардың 
экскрецияланған мөлшерін қалыпты мөлшерімен салыстырып тексереді. 
Балалардың тамақтану жағдайына бағалау комплексті түрде клиникалық, 
биохимиялық зерттеу нәтижесінде берілуі тиіс. 
1.9.1. БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет