«Балдәурен» (5-6жас) Мектепалды тобы Ата – аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата25.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#159854
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Ата аналар жылдык жоспар балдәурен-1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


« Менің отбасымдағы бақытым» баяндама №5
Отбасы деген нәзік те жүрек тебірентер сөзді естіген кезде көз алдыма асқар тау-
әкем, аяулы-анам, бар бағым-бауырларым, бір сөзбен айтқанда жаныма жақын 
жандарым елестейді. «Жанұясыз адам-жеміссіз ағаш секілді» дегендей мен отбасымсыз 
өз өзімді елестете алмаймын да. Барым да нарым да-отбасым. Отбасымда төрт адам 
болса да,осы төрт адам менің аяулы да ардақты асылдарым. Осы төрт адамнан биік 
тұрар ешкім жоқ. 
Әкем-асқар тауым. Мені мақтайтын да,бар еркеліктерімді көтеретін де, анда санда бір 
ұрсып алатын да-әкем. «Қыз бала әкесіне жақын болады» деген рас екен. Бір ағаттық 
жасасам да,бір зат қажет болса да ылғи әкеме айтамын. «Әкеден-ақыл,анадан-мейір» 
дегендей отбасымызда әкем әрқашан да өз ақылын айтып отырады.Отбасыда әке 
ерекше рөл атқарады. Себебі:әке отбасының бар ауыртпалығын көтеріп, барлық 
жағдайын жасап, балаға тәлім-тәрбие үйретіп отыратын адам. Қыз балалар көбінесе 
«әкемнің қызымын» деп мақтана айтады. Бұл әрине «Қыз бала әкеге жақын болады» 
деген сөзді растайды. Отбасыда ешкім әкенің орнын баса алмайды. Себебі: әкеміз біздің 
ақылшымыз да,қорғанымыз да, тірегіміз де. 
Өмір жолдың болса да көп астары, 
Әкелермен биік елдің аспаны. 
Қашанда да құрмет тұтқан аналар 
Шаңырақтың иесі олар,бастауы. 
Солар жайлы болса кейде жыр басы, 
Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы. 
Өзгерсе де уақыттың сан өрнегі, 
Аласармас Әкелердің тұлғасы! 
Ғабиден Қожахметтің осы өлең жолдарын өз әкеме арнағым келеді. 
«Анасыз үй-көңілсіз күй» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Ана-отбасының жүрегі. 
Менің анам-жаныма жақын,асыл жанды ардақты адамым. Кішкене кезімнен бастап 
менің қасымнан табылып, түн ұйқысын төрт бөлген, маған барлық ізгі қасиетерді 
үйреткен- анам болатын. Ана сөзі мәңгі жүрегімде сақталады және ешқашан өшпейді. 
Ана деген сөзді естіген кезде ет-жүрегім елжіреп, әп сәтте анам есіме түседі. Әрине,қыз 
баланың әкесіне айта алмайтын бөлек сырлары болады. Осы сырларымды бүкпесіз 
анама айтамын. Қазірге сәтте анам менің досым,құрбым,сырласым. Анам қашан да 
өзінің тәжірибелерімен бөлісіп,маған үйретіп отырады. Анамды шын жүрегіммен жақсы 
көремін! 
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, 
Бар шуағын баласына арнаған. 


Бір өзіңнен қуат алып өмірде 
Сенің салған сара жолды жалғағам. Берикболова Бекзаттың осы өлең жолдарын жан 
анама арнаймын. 
Бар асылдарым- бауырларым. Менің жалғыз ғана ағам бар.Ағам менің әкемнен кейінгі 
қорғанышым,тірегім,қорғаушы батырым. Маған өзінің ақылын айтып,дұрыс емес 
істерімді ескертіп отырады. Ағам менің әрқашанда қорғаушым,батырым,тірегім болып 
қала береді. «Ағасы бардың жағасы бар» дегендей ағам менің әрқашанда қолдаушым. 
Міне, осы үш-ақ адамның менің өмірімде алатын орны өте ерекше. Осы үш адамды 
шексіз жақсы көремін. «Отбасының сәні-сыйластық» дегендей әр отбасыда 
бірлік,татулық,сыйластық,сүйіспеншілік болу міндетті. Дүниедегі барлық адамдарға 
айтарым отбасымызды сыйлайық,жақсы көрейік, құрметтейік,әрқашан да қадірін 
білейік. Дүниеде отбасымыздың орнын ешкім де,еш нәрсе де баса алмайды 


Ата-ана үлгісі үлкен сабақ Баяндама №6 
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және 
кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып 
жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын 
білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты 
отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, 
берілген тәрбие сенімді және негізді. 
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. 
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – 
дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп 
баулыған жөн. 
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: 
«Ана – үйдің берекесі, 
Бала үйдің – мерекесі. 
Бұтағымен ағаш сымбатты, 
Ұрпағымен адам қымбатты. 
ала болсаң балғындай бол. 
Айналаңа қорғандай бол» – 
деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп 
өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында 
жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны 
бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне 
қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады. 
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың 
отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер 
ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті 
түрде тәрбиеленуі туралы айтады. 
Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін 
себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда 
ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. 
Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң 
талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола 
алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер 
жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар. 
Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды 
тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» 
бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен 
немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде 
көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің 
жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. 
Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім 
болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында 
өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – 
өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп 
тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала 
тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық 
байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет 
етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық 
даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ. 


Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – 
барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін 
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің 
қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов 
өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: 
«Отбасы –шағын мемлекет, 
Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар. 
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы 
өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, 
ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған 
орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, 
өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін 
құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында 
болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың 
қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен 
дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, 
оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін 
жолынан өтуге тиіс. 
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, 
Өнермен қуантады түбінде. 
Бала нені білсе жастан, ұядан – 
Өле-өлгенше соны таныр қиядан. 
Өнер – білім берем десең басынан, 
Бер оқуға балаларды жасынан, 
Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-
аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар 
тәрбие берудің маңызы ерекше. 
Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің 
негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. 
Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: 
отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос 
отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы 
мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола 
алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз 
маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл 
жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы. 
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші 
дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» 
Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің 
мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте 
кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары 
өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан 
қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік. 


Наурыз жыл басы Баяндама №7 
Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. 
Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген 
мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атап жүр. 
Қазақта науқан және ырыздық деген сөз бар. Осыған қарағанда, жаңа жылдың ырыздығы 
дегенді білдіруі де мүмкін ғой. 
Қазақ ұғымында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, 
жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың 
аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары 
келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» 
деп атаған. Наурызды мереке ретінде тойлау дәстүрі жер бетіндегі халықтардың бір 
қыдыруының тұрмыс салтында бар әдет. Бұл үрдіс бағзы заманңан бері қарай жалғасып 
келеді. Мәселен, гректер «Патрих» бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», 
хорезмдіктер «Наусатж», татарлар «Нардуган», буряттар «цаган сар», ұйғырлар «гүл 
наурыз», қазақтар «Наурыз» деп түрлі — түрлі атап келген. 
Қазақ халқы Наурыз тойын өткен ғасырларда өте үлкен мейрам ретінде дабыралы 
өткізген. Осы кезде оның дәстүрлі әдебиеті мен мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өткен 
тарихы, бүгінгі мен болашағы көгенкөз жас буын ұрпаққа үгіттеліп отырған. 
Қазақ халқы наурыз күнінен бір күн бұрын үйлерін қағып-сілкіп тазалайды. Мереке күні 
киетін сәнді киімдерін әзірлейді. Кірлерін күнілгері жуады. Мейрам күні кір жумайды. Кір 
жуса үйден «құт үркеді». Бастан бақ таяды. Егер сол күні білмей кір жуса, қолы қалтақ 
болады деп нанады. Ескі-құсқы киімдері болса жаға түймесін үзіп алып қалады. 
Қалғандарын отқа жағып жібереді. Қоқысқа тастамайды. Қоқысқа тастаса тастаған 
киімнің иесіне жын-жыбырдан дерт жабысады. Жазылмас ауруға жолығады. Ісі ілгері 
баспайды деп қорқады. 
Қазақ бұрынғы көне заманда 21-наурыз күні түнде үйінің төріне қос шырақ жағып қояды 
екен. Онысы үйдегі ерлі-зайыпты екі адамның өмірі сол қос шырақтай жарық болсын, 
бақыты баянды болсын, бағы өрлесін, дәулеті артсын, ғұмыр жастары ұзақ болсын, 
өмірінде қиындық көрмесін, көңілдері сол шамдай маздап жанып тұрсын деген ізгі 
тілектің бейне белгісін білдіреді. Қазақтың ежелгі ұғымында 21-наурыз күні жер иесі 
Қызыр ата даланы аралайды екен. Таң бозарып келе жатқанда, мейірі түскен бір үйге келіп 
қонады. Қызыр қонған үйге құт береке дариды, деулеті шалқиды. Қызыр баба аралаған 
ауылға «бақ оралады», «ырыздығы молаяды» деп сенеді. Бұл түні ауылдағы көңілі жақын 
ағайын адамдар топтасып алып, Қызыр қонады-ау, деген бір үйге жиналады. Олар әуелі 
босағадан оң аяқтарымен аттайды. «Босаға құтты, ірге мықты болсын, таңмен таласып 
үйіңе Қыдыр қонсын» -деп жақсы тілек айтады. Сол үйге арнап алып келген сыйлықтарын 
үй иесіне ұсынады. Қазақ мереке түні үйіне шақырылмай келген құдайы қонаққа ерекше 
қуанады. Себебі, қазақта мынадай бір ұғым бар. «Үйге қонақ келуден бұрын оның дәмі 
өзінен бұрын кіреді, қонағы көп үй «берекелі болады», қонақпен ілесіп үйге құт қонады, 
бірі Қыдыр, осы келген қонақтың бірі Қыдыр болуы мүмкін» — деп сенеді. 
Ал, сол күні жиылған топ түні бойы ұйықтамайды, ән айтады, күй шертеді, би билейді, 
әралуан әзілді әңгіме дүкен құрады. Олар өте көңілді отырады. Қызырдың келуін күтеді. 


Жаңа күннің шығуын қарсы алады. Үй иесі қонағына бір ақсарбас қойын атап сояды. Мол 
да бай шүлен дастархан жаяды. Қонақтарын жайраң қаққан қабақпен күтіп алады. Әсте 
ренжімейді. Жиылған топ та бірін-бірі ренжітіп алмауға мұқият назар аударады, ерекше 
көңіл бөледі. Бұл түні ренжісіп қалса, біріншіден, Қызыр баба шамырқанады, үйге келмей 
кетіп қалады. Қызыр келмесе үйден құт кетеді, алдыдан ас кетеді, қорадан мал кетеді-деп 
үрейленеді. Енді бірі жыл басында ұрысып-қағысып, ренжісіп қалса, жыл басындағы 
жанжал жыл аяғына дейін жалғасады, — деп ырым етеді. Сондықтан бұл түні жұлдызы 
жараспайтын адамдар бір жерге жиналмайды. 
Қазақ халқындағы Наурыз қүнінің тағы бір басты ерекшелігі сол күні бір-біріне жолыққан 
адамдар ерекеше жылы жүзбен сәлем береді, төс қағыстырып амандасады. Бір-біріне жаңа 
жыл тілегін білдіріседі. 
Қазақ Наурыз күні таңмен таласа тұрады. Өйткені, «Ұлыс күні, Алланың жанындағы 
жақсылық періштесі жерге түседі. Таңмен таласып, жақсы іс істеген адамдарға бақыт 
нұрын шашады, құт береке дарытады. Күн шыққанша ұйықтаған адам, сол бақытпен, 
бақтан құр қалады» деп нанады. Атам қазақта «ерте тұрған ердің ырыздығы артық, ерте 
тұрған әйелдің бір ісі артық» деген мақал бар. Осы мақалдың мәнін мықтап ұстанған 
аталарымыз бен аналарымыз Наурыз күні ерте тұрған. Ерлер қолдарына кетпен, күрек 
тағы басқа құралдар алып, бұлақ көздерін ашады, су жолдарын аршиды. Ағаш егеді. 
«Бұлақ көрсең көзін аш, жақсы көрсең сөзін аш», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», 
«ағаш еккенге сауап көп» деп ағаш егеді, жақсы — жақсы істер істейді. Ал, қыз — 
келіншектер шелекке айран, сүт құйып алып, қолдарына ожау алып, үйдің босағасын 
ақпен аптайды. «Сүт көп, көмір аз болсын, жауын — шашын мол болсын, көк — құт көзін 
ашсын» деп Алладан тілек тілейді. Мал мен бастың амандығын сұрайды. Олар әдейі 
ырыммен бұлақ көзіне май тамызады. Жаңа еккен ағашқа ақ бүркеді. Ырымдап ақ 
шүберек байлайды. Мұны қазақ «көк — құттың көзін ашу» деп атайды. Ұлыс күні таңмен 
таласып тұрған аналарымыз жаңа шыққан күннің нұрына жүздерін тосатын болған. Күнге 
қарап төу етіп «Армысың, қайырымды Күн ана!», «Қайырлы ұлыс, таң ана!», «Кеудесі 
түкті, жер Ана — құт дарыт, өзің жарылқа!» деп күнге, де таңға да, жерге де сәлем береді. 
Оң тізесін иіп, жерге тигізеді. Тізесі тиген жердің бір шым — шым топырағын алып келіп, 
үйінің оң жақ босағасына тастайды. Мұнысы босаға құтты, шаңырақ биік, ірге кең, 
табалдырық таза, төр құтты болсын дегені. Табиғаттың әр алуан тілсіз апаттарынан қалас 
болайық дегені. Осы түні жаңа туған айға да сәлем береді. «ай көрдік аман көрдік, айдан 
аман, жылдан есен өттік» деп табиғат дүниесіне ізет білдіреді. Айға сөлем беріп тұрған 
жерінен бір уыс шөп жұлып алып, отқа әкеліп салады. Онысы көк -құт қаулап өссін, 
қуаңшылық болмасын дегені. Ата -бабаларымыз өздері өмір сүрген ортасын, табиғат 
дүниесін, жаратылысты тіптен ертеден -ақ, қорғап келген. Балаларына көк шөпті 
жұлғызбайды, ағаш, бұтақтарды сындырғызбайды, құстардың жұмыртқасын шағып, 
балапандарын өлтірт-кізбейді. Мәселен, көкті жұлғанды «көктей орыл», «көктемей қал» 
десе, құстардың балапанын өлтіріп, жұмыртқасын шаққандарға торғай аузынан мынандай 
қарғыс сөз береді. «Торғай, торғай атым бар, бір жапырақ етім бар. Жұмыртқамды 
шақсаңдар, ұямды қопарып бұзсаңдар, өкең жауға кеткенде, шешең өліп жетім қал». Ал, 
суды лайласа су иесі Сүлейменнің киесі атады,- деп әртүрлі жаман іс пен әрекеттен батыл 
тежеп, қатаң тыйым салып отырған. Осы Ұлыс күні балаларына «ұят болады», «обал 
болады», «жаман болады», «күнә болады» деген төрт сөзді қазақ аналары үнемі айтып 
отырған. Осы төрт сөзді үнемі естіп өскен бала, есейгенде анасының сөзінен асып, еш 
уақытта жаман нәрсеге барған емес. 
Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйе қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Осы 
күні ел ішіндегі дуалы ауызды батагөй, әулие ақсақалдарды арнайы дәмге шақырады. Не 
арнайы іздеп барып ақ батасын алады. Ол қарияларға шапан-шақтық жейде не тақия сыйға 
тартады. Қазақтың «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалы осы 


шындықты растайды. Өйткені қазақта наурыз күнгі тілек қабыл болады деген наным бар. 
Жақсы адамнан бата алсаң, жолың жақсылыққа оңғарылады деп ырым етеді. Сүйтіп, 
жақсы сөздің уыз батаның, ақ тілектің күшіне көміл сенеді. Бата алған жастардың жүрегі 
қуанып, жылдар бойы көңілді жүреді. 
Қазақ халқында наурыз күні хан-қара, үлкен-кіші, ер-әйел демей барлық адам тең тұрады. 
Әзілдесіп, ашық-жарқын жүреді. Кеуде көтеріп астамсымайды. Жай күндері ренжісіп, 
өкпелескендер болса, дәл осы күні іздеп барып кешірім сұрасады. «Алдыңа келсе, 
атаңның құнын кеш», «жақсылыққа жақсылық жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер 
адамның ісі», «тас атқанға ас ат». Мұсылманның ерекшелігі «ашуы — торғын шыттың 
дымы кепкенше тарқайды», «Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының ашуы 
бар, кегі жоқ» — деп өкпе-наздарын кешіріседі. Ынтымаққа келеді, бірлікке жүгінеді. 
Сөйтіп, бірінің үйінен бірі дәм татады, қол алысады, төс қағыстырады, дос болады. Ал, 
араларына жік түскен екі рулы ел болса, онда ауылдағы беделі жоғары елге тілі өтетін, 
беделі жүретін ауыл ақсақалдарының бірі араға түседі. Ақсарбас қой, көкқасқа тай, не 
атан өгіз сояды да екі рулы елдің басын қосады. Әдейі ырыммен сойылған малдың етін 
үлкен тайқазанға асады. Оларды жылы сөзбен мәмілеге келтіреді. Ұлыс күні әрқандай 
араздықты кешу керек. Араздасқан екі рулы елді шақырады да, орталарына ұзын көне 
қара арқанды тастап қояды. Екі жақ ауыз бірлігіне келген соң, тайқазандағы астан ауыз 
тиген соң ортада жатқан әлгі арқанға май тамызып, өртеп жібереді. Сонымен арадағы 
араздық көне арқанмен отқа жанып, күлге айналып жоқ болады. Қазақ бастан үлкен 
болсаң астан үлкен емессің,- деп тайқазан дәмін арадарына берекенің дәмі етеді. 
Наурыз мейрамы күні қазақ ауыл ауылдағы өнерпаз қыз-жігіттерді жинап, ауыл ортасына 
ақ орда тігіп үлкен жеребе жасайды. Мұндайда наурыз тойына арнап ақ түйе, ту бие, атан 
өгіз, не көкқасқа тай, кемінде ақсарбас қой сояды. Қазан толы көже жасайды. Мұның үш 
түрлі мәні бар. Бірі — «Көк тәңірі қорғайды, жерді дәу көк өгіз көтеріп тұрады. Ол бір 
мүйізі талғанда екінші мүйізіне жерді аударып көтереді. Сол күні жер сілкінеді. Міне, 
ұлыс күні шалынған өгіздің қаны жер сілкінуден қорғайды деп нанады. Алланың өмірімен 
көк өгіздің киесі сақтайды» — деп сенеді. Міне осы ұғымның құрбандығына көк өгіз 
шалады. Енді бірі қазақ халқы көк сөзіне ерекше мән береді. Мәселен көк қасқа тай, 
көкжал, көкбөрі, көк дөнен, көк серкеш, ақсарбас қой дегендер аталы, киелі, шарапаты 
бар, текті тұқым деп қаралған. Сондықтан оларға беталды соқтықпайды, оларды беталды 
қырса тәңірі налиды. Адамдар басына пәле тауып алады. Олардың киесі соғады деп 
сенген. Осы көк сөзіне байланысты хандық, батырлық, білімдарлық, тағы басқа да халық 
өнеріне қатысты ұрпақ жалғасқан. Отбасының адамдарын көкжалдың тұқымы, қаракөктің 
ұрпағы деп жататыны содан. 
Қазақ жалпы көк түсті Алланың шарапаты қонған нәрселер деп біледі. Самарқанның көк 
тасы деп отырғаны да, жеті қат жердің астындағы тақ тасты айтады. Енді бірі Әмір 
Темірдің басына орнатылған Самарқан жеріндегі құлыптасын айтады. Тағы бірі қыстан 
аман қалған мал мен бастың құрбаны жан садақасы жарық пен қараңғы, ескі мен жаңаның, 
өлім мен өмірдің, үміт пен үрейдің куәсі жақсы тілектің, дұрыс ниеттің жаршысы тілеу 
көженің майлы да жайлы қатығы осындай киелі көк тұқымды малдардан алынған ғой. 
Қазақ халқы Наурыз күні әйелдерді ерекше құрметтейді. Қас қабағын күзетіп өтеді. Себебі 
ер адамдарды отағасы, әйелдерді отанасы, балаларды отбаласы деп атаған. Бұл атаудың 
төркіні әріден басталады. Діни бір рауаятта жер бетінде, ошақ қасында ең алғаш от жаққан 
әйел Хауа ана екен. Хауа анамыз бір күні күн көзіне әбден қызып жатқан екі тасты қолына 
алып үйкестіріп көрсе, одан от шығыпты. Содан бастап, ошаққа от жағу басталған екен. 
Қазақтың «Қалауын тапсаң қар жанады, тас тамызық болады» деген тәмсіл сөзі содан 
қалыпты. 


Қазақ наурыз мерекесін ұлыс тойын, үш күннен тоғыз күнге дейін жалғастырып тойлаған. 
Наурызды құт мейрамы немесе көктем мерекесі деп атаған. Бастапқы үш күнде құт басы, 
ортаңғы үш күнді құт ортасы, соңғы үш күнді құт аяғы деп білген. Осы үш үштен тогыз 
күнде үйіне қонақ көп келсе, ырысымыз тасыды, бағымыз жанды, адамдар арасындағы 
бет-беделіміз өсті, тілегіміз қабыл болды деп қуанған. Одан біз қазақ халқының өте 
қонақжай, кең пиғылды, дана халық екенін түсінеміз. Ол ғана емес-ау уақыт, өмір деген 
тағылымды дәстүрді өзінің әлеуметтік тіршілгімен қоса отбасындағы күнделікті тірлігіне 
айналдырып жіберген. Қорытып айтқанда, сонау Нұқ пайғамбар заманынан басталған сан 
ғасыр санағынан өтіп, бізге жеткен Наурыз мерекесі қазақы салт-дәстүр, ырым-жырым, 
наным-сенім, кәделік жол-жоралғыларымен өңделіп, бүгінгі таңдағы ұрпағымызға мирас 
болардай, басқа ұлттарға даңқымызды көтеретін үлкен мереке, тіпті береке екеніне көзіміз 
жететін де болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет