«Балабақша -біздің үйіміз» №9 баяндама
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп
жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің,
достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға
тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал- мәтелдер,
ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты
міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі
қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған
соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін
тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат
қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік
жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен
тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің
қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді
құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз. Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы,
адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.
Өз – өзіне қызмет ету;
- Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір- біріне
көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу,
балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша
мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына,
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
- Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза
ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б
дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа,
кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
- Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету.
Бірде серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 - 3жапырақ жинаған соң
«жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс
жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына
гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде