Табиғатты аялайық Баяндама № 8
Бүгінгі таңдағы заман талабы жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат-ұлттық
рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. Сондықтан да
балаларды айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың
ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі мектепке
дейінгі мекеменің тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен
таныстыру- балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың басты құралдарының
бірі.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты- табиғатты аялап, оған қамқорлық жасай білу, тірі
және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдармен таныстыру болып
табылады. Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылығы, жаңашылдығы және әр тәрбиешінің
көп ізденісі қажет.Ал мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмыстарын сан алуан, қызықты,
тартымды, баланы қажытып алмайтыңдай етіп ұйымдастыру тәрбиешіден шеберлікті
талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің сан-салалы
жолдары, жоспарлы оқу-тәрбие бағыттарына сәйкес, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану
арқылы жүйелі жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие беру жоспарлы жүргізу бағыттары:
1.Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі.
2.Мерекелік іс-шаралар.
3.Бақылау, тәжірибелер жасау.
4.Экологиялық ойындар.
5.Серуен түрлерін ұйымдастыру.
6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі.
Аталған бағыттағы жоспар жұмыстары балалардың жас еркешеліктеріне сәйкес
бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие берудегі мақсат-міндеттері.
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
қамқорлыққа ала беруге тәрбиелеу.
Өз өлкеміздің аң-құстарын,өсімдіктерін таныту, оны қорғауға, әсемдігін көре білуге
тәрбиелеу. Табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділіқ сезімдерін қалыптастырып, оны
аялап, қорғап, сақтай білуге үйрету.
Тәрбиеші экологиялық тәрбие беруде неге көңіл бөліп, еске сақтау керек.
Балалар таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында көтеріңкі көңіл-күймен
қатар, табиғат сұлулығын сезіне білетіндей қызықты етіп ұйымдастыруды:
Табиғат аясында еңбек түрлерін ұйымдастыру арқылы табиғатқа деген қамқорлық
сезімдерін қалыптастыруға көңіл болуді.Табиғат орталығында «Экологиялық дамытушы
орталық» ашып, оны толықтыруға ата-аналармен балаларды қатыстыруды. Жыл
мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктері мен түрлі құбылыстарын бақылатып, ойын әрекетімен
ұштастыру. Тірі табиғаттағы процесін балалармен бірлесіп жүргізу үшін жоба
жұмыстарын жүргізу. Мектеп жасына балаларға экологиялық тәрбие бағытындағы
жоспарлы жүргізілген оқу-тәрбиежұмыстары баланың өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған
табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарай білуге үйрету де үлкен ықпал
етеді.Мектеп жасына дейігі балаларға әрбір өткен тақырып түсінікті болу үшін оқу-тәрбие
жұмыстарында дамытушы ойындар мен сөздік ойындар ерекше орын алады.
Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:
Балалар экологиялық тәрбиенің маңыздылығын түсінеді. Қоршаған ортамен тығыз
байланыс жасай білуді меңгереді. Жалпы қоршаған ортаның не екендігі жөнінде
түсініктері қалыптасып,оны күтіп-баптап, қорғай білуге үйренеді.
Қорыта келгенде айтарымыз - қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап
қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын
табиғатты аялай білейік.
|