айтып,мақтамай бетіне басатын болсаңыз бала төмендеуі мүмкін. Психологтардың айтуы бойынша тұйықтықты олардың салған суреттеріненде байқауға болады .Бұл тәжірибені 4 жастан салғызуға болады. Бала өзін ақ бетке қалай салады? Егер ол өзін өте үлкен қылып салса,онда ол еркеліктің белгісі. Керісінше,үйде үлкені бола тұра өзін кішкене қылып салса,онда ол өз орнын маңызды деп санамауы. Егер өзін анасынан не әкесінен алшақ қылып салса,онда ол мүмкін әке-шешесінің көп көңіл аудармауы. Егер ата-ананың жұмысы көп болып,балаға деген көңілінің болмауы немесе істеген ісінің жемісін көрмеуі,жақтырмай немғұрайлы қарай салу;Бала санасында өз ісінің бәрібір қате болатынын,үлкендерге тек кедергімді тигіземін деген ой қалыптасады.
Кейбір ата-аналар баланың жағаласпауы үшін немесе уақыттарын амауы үшін тек материалдық жағын қамтамасыз етуге тырысады.Баланы тек әдемі,қызықты ойыншықтар сатып беріп,алдап отырады. Міне, осыдан бала өз бөлмесінде тек ойыншықтармен ойнайды. Ата-анасы үйде бола тұрсада бала олардың бар екенін елемейді.Өйткені Олар баламен бірге емес,әркім өз ісімен шұғылданады.Осындайда ата- анаға деген сезім,махаббатта болмайды.Бала үшін өзінің қатарластарымен достасып ойнау өте маңызды.Егер бала бірден тіл табысып кетуге қысылса,оған көмектесуге тура келеді.Оны қолынан жетектеп балалардың ортасына барыңыз.Содан кейін балаңыздың атын айтып таныстырыңыз,олардың қандай ойын ойнап жатқанын,тағы бір жаңа қатысушы керек емеспе ,соны сұраңыз.Әдетте сол балалардың арасынан жаңадан келген баланы ортаға тартатын бір бала табылады.