Балдырлардың көбею ерекешеліктері мен эволюциясы Орындаған: Ақтай. Н. Р тексерген: Дүрмекбаева Ш. Н


Көк - жасыл балдырлар бөлімі - (Cyanophyta)



бет6/8
Дата05.09.2020
өлшемі0,56 Mb.
#77286
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
слайд систематика

Көк - жасыл балдырлар бөлімі - (Cyanophyta)


Бір клеткалы, колониялы және көп клеткалы жіп тәрізді балдырлар. Бұлардың талшықты қозғалғыш кезеңі, клеткада белгілі қалыптасқан ядросы және хромотофорасы болмайды. Түсі атына сай көк-жасыл немесе сарғыш; крахмал жиналмайды, жыныс процесі жоқ. Бір клеткалы көк-жасыл балдырлар вегетативтік жолмен клетканың тең екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

Вольвоксты – балдырлар - (Volvocales)

  • Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір клеткалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір клеткалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын клеткалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқты болады. Мұндағы клеткалар саны 500-ден 60000-ға дейін барады. Вольвоксты құрайтын клеткалар құрылысы жағынан хламидомонадаға ұқсас, олардың әрқайсысының хлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесі және екі талшығы болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет