Балдырлардың клетка құрылысы.
Көк-жасыл және монада құрылысты балдырлардан басқаларының басым көпшілігінде ересек кезіндегі вегетативтік клеткаларының құрылысы басқа өсімдіктердікіндідей біркелкі келеді. Клетканың тірі затын протоплазма деп атайды, ол цитоплазмадан, ядро мен ядрошықтан, пластидтен, митохондриден, рибосомалардан, Гольджи аппаратынан, эндоплазмалық тордан, плазмодесмадан, микротүтікшелерден және қабықшадан тұрады
Улотрикстер класы (Улотриксовые) - Ulothrichophyceae
Улотриксті балдырлар класына талломның құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады.
Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында (коряга) жабысып тұрған ашықкөк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр – улотрикс (Ulothrix). Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді клеткалар тізбегінен тұрады. Осы клеткалардың әрқайсысында бір- бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады
Достарыңызбен бөлісу: |