Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі Кожмагамбетова А.Ж.
Мазмұны
Түсінік хат........................................................................................................3
1-сыныпта өткенді қайталау.Сөз,сөйлем,дыбыс ........................................4-6
Дауысты, дауыссыз дыбыстар тақырыбы бойынша тапсырмалар...........7-8
Мәтін тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................................................9-11
Сөйлем тақырыбы бойынша тапсырмалар..................................................12-14
Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбы бойынша тапсырмалар......15-17
Сөз және оның мағынасы тақырыбы бойынша тапсырмалар...................18-20
Сөз құрамы тақырыбы бойынша тапсырмалар..........................................21-23
Қайталауға арналған деңгейлік тапсырмалар............................................24-26
Деңгейлік тапсырмаларды бағалау критерийлері........................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................28
Түсінік хат.
Тіл – адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу – үлкен өнер.Оқушы қазақ тілі сабағында алған білімдерін іс жүзінде толықтырып,шығармашылық жұмыстармен жалғастырып отырса ғана тілді толық игереді..
Мемлекеттік тілдің іргетасы бастауыш мектепте қаланады.Өйткені қазақ тілін оқыту арқылы - бастауыш сынып оқушылары өз ұлтының мәдениетімен терең танысып, қазақ тілінде таза сөйлеуге үйренеді. қызыушылығын қалыптастыруға бағытталады. Оқушыларға оқу материалын жан - жақты терең ұғындырып,оқушының қызығушылығы арту үшін түрлі әдістерді пайдалана білу қажет. Әр сабақтағы дұрыс қолданылған әдіс оқушылардың назарын аударумен қатар, қызығушылығын, ынтасын да арттырады.
Ұсынылған дидактикалық тапсырмалар жинағының мақсаты:
- Тапсырмаларды орындау барысында қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру,
- есте сақтау, ой - өріс қабілеттерін арттыру;
- ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
- сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Міндеті:
- Сабақтағы материалды оқушыларға меңгерту, тәрбиелеу жұмысын іске асыру;
- оқушылардың қазақ тілі материалын толық меңгерту;
- өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру;
- ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектесу.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының жалпы ой - өрісін кеңейеді.Есте сақтау қабілеті артады.Дарындылық қабілеттері ұшталады.Оқушының өз ойын дәлелдей білуіне мүмкіндік жасалады.
Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп және буынды қайталау.
Мақсаты: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп және буын тақырыптары бойынша
1 сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; Сауаттылыққа, ұқыптылыққа, көркем жазуға баулу.
Тапсырма №1
Ойын: «Адасқан дыбыстар».
Шарты: Оқушылар орындары ауыстырылып берілген дыбыстардан сөз құрастырулары керек.Құрастырылған сөздеріне сөйлем құрау.
1 і к а п т
|
2. м ұ а м ғ л і
|
о ш қ у ы
|
4.ү л г
|
м к е г т е п
|
кітап
|
мұғалім
|
оқушы
|
гүл
|
мектеп
|
Бағалау критерийі:
Қритерий
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Берілген дыбыстардан сөз құрастырады
|
1.Берілген дыбыстармен сөз құрастыра алады.
2.Құрастырған сөздерін қатесіз жаза алады
|
1
1
|
Құрастырған сөздеріне сөйлем құрайды
|
1.Жазған сөздерден сөйлем құрай алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады.
|
1
1
|
|
|
«4»ұпай-5
«3»ұпай-4
«2»ұпай-3
|
Тапсырма №2
Кестені толтыр.Берілген дыбыстан басталатын сөз,сөйлем құрау.
Дыбыс
|
Сөз
|
Буын
|
Сөйлем
|
Кк
|
|
|
|
Нн
|
|
|
|
Бағалау критерийі:
Қритерий
|
Дескриптор
|
Ұпай
|
Берілген дыбыстардан сөз құрастырады
|
1.Берілген дыбыстардан сөз құрастыра алады.
2.Құрастырған сөздерін қатесіз жаза алады
|
1
1
|
2.Құрастырған сөздерін буынға бөледі.
|
Құрастырған сөздерін буынға бөле алады.
|
1
|
3.Құрастырған сөздерден сөйлем құрайды.
|
1.Құрастырған сөздерден сөйлем құрай алады.
2.Сөйлемдерді қатесіз жаза алады.
|
1
1
|
|
|
«5»ұпай-5
«4»ұпай-4
«3»ұпай-3
|
Тапсырма №3
Суреттегі заттардың аттарын жаз.
Әр сөзде неше дыбыс,неше әріп,неше буын барын анықта.
