«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Банк пассивінің жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесі 12 % -дан 20 %-дейінгі аралықты құруы қажет



бет33/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Банк пассивінің жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесі 12 % -дан 20 %-дейінгі аралықты құруы қажет.
2.3 Банктерді пруденциалдық реттеу


ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы», ҚР Азаматтық кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржылық лизинг туралы», «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қаржы рыногымен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңдарын және ҚР Ұлттық банкінің, ҰБ Қаржылық қадағалау комитетінің нұсқаулық-нормативтік актілерін басшылыққа алады.
Меншікті капиталды тиімді басқару үшін және оларды тиімді жүмсау үшін оның көлемі мен қүрылымын нақты анықтау керек. Банктік тәжірибеде оны анықтаудың бірнеше варианттары қолданылады. Соның ішінде кеңінен қолданылатын ең қолайлы вариант бойынша есептегенде банктің меншікті капиталының көлемі банктің активтері мен оның міндеттемелерінің айырмашылығына тең болады. Бірақ қазіргі уақытта меншікті капиталдың нақты көлемін есептеу үшін оның екі деңгейлі құрылымдық концепциясына негізделген әдістемесі қолданылады. Бүл концепция «Банктік капиталды өлшеу мен оган қойылатын талаптардың халықаралық келісімі» деп аталады, оны Банктік қадағалау бойынша Базель комитеті 1988 жылы қабылдап бекіткен. Халықаралық келісім капиталдың жеткіліті деңгейі мен қадағалау үшін қолайлы түрін айқындайды, нормативтерінің халықаралық стандарттарын белгілейді.
ҚР екінші деңгейлі банктерді пруденциялық реттеу халықаралық есепайырсудың банктер үшін бекітілген Банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің принциптері негізінде жүзеге асады.
Комитет 1974 жылы Базель қаласында құрылған, оған G10 елдерінің орталық банктерінің президенттері басқарған. Қазіргі кезде G10 (Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Франция, Швейцария, Швеция, Япония), сонымен қатар Люксембурга және Испания елдерінің қаржысын реттеу органдары мен орталық банктерінің жоғары шенді мүшелері қызмет жасайды. Еуропалық Комиссия комитеттің тек бақылаушы ретінде қатысады.
Комитет жылына 4 рет жиналады. Базель қаласында халықаралық есеп айырсудың Банк ішілік хатшылығы тұрақты жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тəртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу жəне қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
ҚР Ұлттық банкі халықаралық банктік тəжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді жəне орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сəйкестігі туралы мəселені шешу мақсатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқада нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу əдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін жəне оларды есептеу тəртібін, резервтік талаптар нормасын жəне оларды есептеу əдісін, есеп берудің сəйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сəйкес, ҚР Ұлттық банкі бекіткен тəртіпте күмəнді жəне үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелермен басқада активтерді жіктеуге міндетті.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сəйкес оларға мыналар жатады:
1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға келетін тəуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) ашық валюталы қпозиция лимиті;
6) негізгі қорларға жəне басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар жəне лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
Меншікті капитал (К) – бұл І деңгейлі капиталмен ІІ деңгейлі капитал (І деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы – акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) жəне еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы. Банктің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сəйкес келетін, банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;
2) банктің немесе онымен байланысты аффилиирленген тұлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етуілмеуге тиіс;
3) алдынала (толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;
4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында).
Банктің субординарлық қарызы - бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз. Облигация субординарлық қарызға жəне меншікті капиталға жатуы мүмкін егер, ол ҚР-ның заңдылықтарына сəйкес шығарылса.
Банктердің пруденциалық нормативтерді орындауына Қаржылық қадағалау комитеті бақылау жасайды. Əр айдың алтыншы жұмыс күнінде банктер Қаржылық қадағалау комитетіне пруденциалық кормативтердің есебін жүргізу үшін қажетті мəліметтерін, сондай-ақ əр айдың бірінші күніне Банктің активтері мен міндеттемелерін мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін тапсырады.
Пруденциялық реттеу жүргізу нəтижесінде анықталған банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сəйкес жүзеге асырылды.
Банктер пруденциалық нормативтер мен орындалуы міндетті басқа да нормалар жəне лимиттерді, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің нормативтік - құқықтық актілерін бұзса, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері банктің қаржылық жағдайына жəне тұрақтылығына, немесе депозиторларымен клиенттерінің мүддесіне қауіп төндіретін заңсыз əрекеттер жасаса, онда ҚР Қаржылық қадағалау комитеті шектелген ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:
а) міндеттеме-хатты талап ету;
ə) банкпен жазбаша келісім жасау;
б) ескерту жасау;
в) орындауға міндетті бұйрық хат беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет