«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Талап етілетін депозиттер



бет35/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Талап етілетін депозиттер бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты əр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тəжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :
- мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.
Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу жəне оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етілетін шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етілетін депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Қазақстандық көптеген коммерциялық банктерде талап етілетін депозиттердің үлесі тартылған қаражаттар құрылымында өте жоғары болып келеді. Бұл өте арзан ресурс болғанымен банктерде оларды ұзақ мерзімге орналастыруға байланысты қиындықтар туындайды. Халықаралық банктік тəжірибеде оларды ұзақ мерзімді активтерге айналдыруда депозиттік базаны сандық талдау əдісі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет