«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет34/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Бақылау сұрақтары:

1. «ҚР-ғы Ұлттық банк туралы» ҚР заңы 30.03.1995.


2. «ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы» ҚР заңы / 31.08.1995.
3. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңы// 06.08.2003.
4. Валюталық бақылау және реттеу туралы ҚР заңы. 18 декабрь 2005ж
5. «Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу және қадағалау туралы» ҚР заңы. 04.07.2003.
6. «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңы 29.06.1998
ДӘРІС 3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ


Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға коммерциялық банктердің депозиттік портфелі мен депозиттік саясаты туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: депозит, депозиттік қаражаттар, ресурс, депозиттік саясаты, жинақ сертификаттары, талап етілетін депозиттер, мерзімді депозиттер

3.1 Депозиттік операциялардың мәні және олардың түрлері. Депозиттерді жіктеу.


3.2 Депозитті саясаты


3.1 Депозиттік операциялардың мәні және олардың түрлері. Депозиттерді жіктеу.

Банктік тəжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тəсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:


- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік қаражаттар – бұл клиенттердің (жеке жəне заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозиттік операциялар активті жəне пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте жəне өзге корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа жəне пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозите пассив жағының көп бөлігін алады жəне банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тəжірибеде салымдардың, депозиттердің жəне депозиттік емес ресурстардың шоттарының əр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бəсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға жəне олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етілетін депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар түріндегі (депозитік жəне жинақ сертификаттары) депозиттер.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу жəне қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тəсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай және т.б.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кəсіпорындар жəне акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтарының шоттарына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет