БАОӨЖ
Психолингвистика мен нейролингвистика
Психолингвистика— психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер ХХ ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.
'Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.
Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.
жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология нейро және патопсихологиямен байланысты.
Нейролингвистика (грек, неұрон жүйке, французша лінгұістіқұе лингвистика, латынша лінгұа тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан — фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. КСРО-да Н. дамуы Л. С. Выгодскийдін психологиялык кон- цепциясына сүйенген А. Р. Лурия енбектерінде көрсетілген. Нейролингвистикалық зерттеулер неврология мен тіл білімі теориясының дамуымен бірге дамыды. Нейролингвистика емдеу орындарында диагностикалык міндеттерді шешу кажеттілігінен туған. Мұндағы негізгі әдіс — әр түрлі жағдайда науқастың қалай сөйлейтінін байқау. 20 ғасыр 2-жартысында нейролингвистика зерттеуге психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, психоакустика, кибернетика т.б. ғылым салалары ықпалын тигізеді. Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |