Неолит дәуірінің тұрақтарының бірі Қараүңгірдің орналасқан жерін картадан көрсетіңіз және сипаттаңыз Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі – Қараүңгір. Бұнда үңгірді мекендеген адамдар өмірін көрсететін археологиялық ескерткіштер көп кездеседі. Қараүңгір Отң.Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Қараүңгір тұрағанынан шақптастан жасалған құралдармен қатар көп мөлшерде сүйек бұйымдары – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жоңғыштар және т.б. табылған.
6-билет ХVІ ғасырдағы қазақ – өзбек қатынастары.
М.Дулатұлының қоғамдық саяси өмірі мен шығармашылығы.
Неолит дәуірінің ең көне тұрақтарының бірі –Сексеулдің орналасқан жерін картадан көсетіңіз.
ХVІ ғасырдағы қазақ – өзбек қатынастары ХҮІ ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп Бұхар ханы ІІ Абдаллах пен қазақ ханы Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты. Бұл халық құптаған тиімді шщара болды. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқөтап, бейбітшілік орнады. Сауда ұлғайды. Шаруашылық бацланыс өрістеді. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға, шарушалықтың оңалуына, өркендеп-өсуіне тиімді әер етті.
1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталады. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуін де қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах оған Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға береді. Баба сұлтан да өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын тарту етеді. Бірақ 1580 жылы баба сұлтан сезіп қойып, жансыздарын жіберіп, ханды және қасындағы сұлтандарды тегіс өлтіреді.
Хақназар қайтыс болған соң Жәнібектің немере інісі Шығай хан отырды. Кек алу үшін абдаллахпен бірігіп Баба сұлтанға қарсы одақтасты. Бұған шығайдың ұлы Тәуекелде де тартылды. Ол Абдаллахтың Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған жорықтарына қатысты, риза болған Абдаллах Тәуекел сұлтанға Ходжент жерін сыйға береді.
1582 жылы маусыма Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласы түбінде шешуші шайқөаста Баба сұлтан әскерін талқандады. Хақназар рмен Жалым сұлтанның кегін қайтарды. Абдаллах осы ерлігі үшін Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға береді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болған соң, таққа Тәуекел отырды (1582-1598 жылдары хан болды). Билік құрған кезден бюастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды. 1583 жылы «ант беріскен шартты» бұзды. Сөйтіп көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төндірді.
1597 жылы Абдаллах пен оның баласы арасындағы шиеленісті тиімді пайдаланып, Ташкент қаласы түбінде Абдаллах әскерін жеңеді.
Тәуекел хан 1598 жылы жазда Мауараннахрға кіріп, Ақши, Искандер, Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алады. Інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырады да, өзі 70-80 мың қолмен өзбек хандығының астанасы Бұхараны қоршауға алады. Бірақ 20 күн бойы қоршауда ұстаса да, қаланы басып ала алмайды. Өзі ауыр жараланып, шегінуге бұйрық береді. Көп кешікпей қайтыс болады. Екі жағы да хансыз қалған Өзбек хандығы мен Қазақ хандығы аға сұлтандары бас қосып, соғысты тоқтату туралы шартына қол қояды. Қазақ хандарының ұзақ жылдар бойындағы жүргізген соғыстарының нәтижесі – сыр бойындағы қамал-қалалар және ірі қала Ташкенттің Қазақ хандығының құрамына қосылуы.