Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз Қола дәуірінде ыдыс жасау үшін ең алдымен балшық өте мұқият таңдап алынды. Одан кейін балшық жібітіліп, иленетін болды. Ақырында, иленген балшықты таспалап есіп, жіңішкерте созған. Жіңішке таспаларды бірінің үстіне бірін қолмен жапсыру арқылы әртүрлі ыдыстар жасаған. Ыдыстар түрлі өрнектермен безендірілген. Екінші суретте қоладан жасалған найзаның ұшы мен пышақтар және орақ. Қола дәуірінің соңына қарай қола және мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Олар Шығыс қазақстанда Мало-Красноярка, Батыс қазақстанда Алексеев, Солтүстік Қазақстанда Степняк және Жетісу жерлерінен табылған. Бұл қоныстардың тұрғындары негізінен кетпенді, теселі егіншілікпен айналысқанын байқауға болады.
10-билет Х-ХІІ ғғ. тіл білімін дамытудағы ғалымдардың еңбектері(М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А. Иүгнеки)
ҚР мемлекеттік рәміздері(ту, ән ұран, елтаңба).
Батыс түрік қағанатының саяси жағдайы бойынша кестені толтырыңыз.
Х-ХІІ ғғ. тіл білімін дамытудағы ғалымдардың еңбектері (М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А. Иүгнеки) Махмұд Қашқари ( 1030-1090) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қашқаридің ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп қана қойған жоқ. Бұл еңбектен ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайы, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады.Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев аударды.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма.
Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.