Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз



бет18/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз

Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. 
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер (ұзындығы 1-2 см ұсақ тастардан жасалған құралдар) - ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Көбіне құрамалы құралдар пайаланылды. Мысалы, пышақтың сабы ағаштан немесе сүйектен жасады, оның жарық өзегіне жүзі өткір ұсақ тастарды желімдеп орналастарды. Кейде ағаш сапқа үшкір тастары екі жақ басынан тарамыс жіппен байлап бекітті.


8-билет

  1. Тәуекел хан тұсындағы қазақ – орыс қатынастары.

  2. «Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси ұстанымдары.

  3. Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз.



Тәуекел хан тұсындағы қазақ – орыс қатынастары
Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасау үшін Құлмұхаммед басқарған қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі Ондан сұлтанның баласы Ораз Мұхамедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.
1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығының «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетітін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір ханы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелімізге жол салатын боласыздар».
Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет