Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз



бет20/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз
Темір дәуірі. Үйсін қоғамында жіп иіру, тоқымашылық өнері, киіз басу, киім тоқу, тігін тігу де өрістеген. Кәдімгі «өрмекке» ұқсас тоқыма кермесі қолданылған.
Ыдыстарды әйелдер сазбалшықтьан жасаған. Ағаш ұсталар қайыңнан астау, табақ, тостағандар мен ожауларды шауып, ойып жасаған.




9-билет

  1. Темір дәуіріндегі көшпелілердің ат әбзелдері.

  2. 1822,1824 жылғы реформалар бойынша қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістері мен ерекшеліктері.

  3. Суретте көрсетілген заттардың қай дәуірге жататындығын анықтап, сипаттама жасаңыз.

Темір дәуіріндегі көшпелілердің ат әбзелдері
Ертедегі сақ дәуірі ұсталары ат-тұрмандарын жсауға ерекше назар аударды. Ат әбзелдерінен жүген, ауыздық, құйысқан, айылбас жасауды өте шебер меңгерді. Ертедегі көшпелілердің жүгендері күрделі болатын. Оның қола ауыздықтары екі ұшты кішкентай үзеңгі тәріздес етіліп жасалды. Б.з.б. Ү ғасырдан бастап жүгендер барынша ыңғайлы болып жасалы. Қарапайым болды.
Алғаш рет көшпелілер үзеңгіні пайдаланды. Үзеңгі адамның ат үстінде өзін еркін ұстауға мүмкіндік туғызды. Үзеңгіге аяғын тіреп, соғыс кезінде қаруларын шебер пайдаланды. Үзеңгіні ойлап табу адамзат баласының даму кезеңіндегі ең ірі жетістіктерінің бірі болды.


1822,1824 жылғы реформалар бойынша қазақ даласындағы басқару жүйесіндегі өзгерістері мен ерекшеліктері
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет