Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Қызылрысбек – ежелгі палеолит ескерткіші. Ол Талас ауданында Ақкөл ауылынан 18 км оңтүстікте орналасқан. Ш ақпақата –



бет12/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары
10с 4т БЖБ-2 Қозғалыс. Биосфера
Қызылрысбек – ежелгі палеолит ескерткіші. Ол Талас ауданында Ақкөл ауылынан 18 км оңтүстікте орналасқан.
Ш ақпақата – Батыс Қазақстанда, Маңғыстау жерінде.
5-билет

  1. Андрондықтардың қонысы, кәсібі мен тұрмысы.

  2. Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуына сипаттама беріңіз.

  3. Неолит дәуірінің тұрақтарының бірі Қараүңгірдің орналасқан жерін картадан көрсетіңіз және сипаттаңыз.

Андрондықтардың қонысы, кәсібі мен тұрмысы
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері ҚазақстанОрта АзияСібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Андрондықтар Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоынстанған.
Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірі қала үлгісіндегі тұрақ. Мысалы: Қостанай мен Челябі шекарасында Арқайымды ғалымдар алғашқы қалаға ұқсатады. Орталық Қазақстан аумағында 30 қоныс, 150 қорым зерттелген.
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазғанда осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқ киім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшекейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет