Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны



бет9/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Азамат соғысының салдарлары:
1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты
2) Мал саны күрт азайды
3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
Ашель кезеңі Құдайкөл ескерткішінің орналасқан жерін картадан анықтаңыз. Қазба жұмысы барысында табылған заттай деректерге сипаттама беріңіз.
Құдайкөл– палеолит дәуірінің ескерткіші. Саырарқаның теріскей шығыс бетінде орналасқан. 1963–66 ж. геолог Б.Аубекеров тапқан. Табылған бұйымдар ашель, кейінгі палеолит, голоцен дәуіріндегі тас ғасырына жатады.  Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы кейінгі палеолит осы мәдениеттен бастау алған. Құдайкөл – республиканың орт. бөлігін адамзат баласы ежелгі тас дәуірінде мекен еткендігін, оның мәдениеті үздіксіз дамуда болғанын көрсететін маңызды кешендердің бірі. Құралдардың арасынан тастың екі жағынан өңделген құралдарды (бифас), жануарлар терілерін илеуге және ағаш өңдеуге арналған қырғыштарды, сондай-ақ сындырғыштар мен қалақтар, жарылып алынған нуклеустер-домалақ тастарды атауға болады. 



4-билет

  1. Біржан - Сал Қожағұлұлыныңөмірі мен шығармашылығы.

  2. М.О.Әуезов шығармаларының әлемдік әдебиетте алатын орны.

  3. Мустье кезеңіне жататын Қызылрысбек,Ш.Уәлиханов, Шақпақата тұрақтарының орналасқан жерін картадан көрсетіңіз.



Біржан - Сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін ХІХ ғасырда биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау),.әйгілі Бурабай көлі бас болған Көкшетаудағы сексен көлдің бірі – Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған.
Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары.
Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ, өз жанынан ән шығаруға бейім деі. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ- орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропалв қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметке қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретіне сотталып, Тобыл қаласына жер аударылды. Сонда отырып Батыс-Сібір генерал-губернаторына өзін армияға жәберу туралы хат жолдайды. Тілегі қабыл болып, Тобыл, Орынбор, Қазан, Мәскеу, Новгород, Владимир, Петербург, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің отң.Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады.
Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет