Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Кеңес еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Кеңес үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.
Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты: 1) Большевизмді қоршауға алып, жою. 2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Ресейді әлсіретуді көздеді. 3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті. 4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды. 5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңекріске қарсы күштерге дем берді.
Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.
1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.
Интервенттер Ресейге басып кіргеннен бастап ішкі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.
1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.