Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны



бет3/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Алғашқы діни түсініктер
Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларғаөсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі.
Анимизм - (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi.
Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.
Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.
Магия – тылсым күш арқылы бір нәрсеге сиқырлы әсер ету әректеі. Алғашқы адамдар табиғатты түрлі дүлей күштердің (от, су, найзағай т.б.) себептерін түсіндіре алмады, бұның бәрін бір ерекше тылсым күш – магияның әсер деп білді.
Фетешизм – байырғы адамдардың белгілі бір материалды затқа ерекше қасиетті деп табынуы. Мысалы – бойтұмар.


2-билет

  1. Энеолит заманындағы қоғамдық еңбек бөлінісі.

  2. Желтоқсан оқиғасысипаты мен тарихи маңызы (1986ж.)

  3. Андрон мен сақтардың антропологиялық пішіндерін салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет