Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


VІІІ ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі діни наным –сенімдер



бет5/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

VІІІ ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі діни наным –сенімдер
Дін ежелден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Адам баласы алғаш жаратылғаннан бастап табиғаттан тыс жаратушы бар деп ойлап, сол белгісіз күштерге сенген. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған. Алғашқы адамдар көптеген табиғат күштерінің алдында дәрменсіз болды, сондықтан табиғи күштерге табыну да кең орын алды. Бірақ адамдар осының бәрін бір Жаратушының ісі деп ойлады.
Сонымен дін адам баласының жаратушыға табынуы, оған деген нанымы болып табылады. Алғашкы діни түсініктер ерте заманда, яғни тас дәуірінде пайда болған.
Тас дәуірінде адамдар сонымен қатар табиғат күштеріне және отқа табынған. Қола дәуірінде адамдардың діни түсініктері одан әрі дамиды.
Ерте кезде қазақ халқында да түрлі наным-сенімдер орын алған.

  • Қазақстан жеріндегі алғашқы жүйелі діни наным -Заратуштралық. Оның негізін б.з.б. II ғасырда (3500 жылдай бұрын) алғашқы діни-философиялық ағымды таратушы Заратуштра (Зәрдүш) қалаған. Бұл діндегі жоғары құдай — Ахурамазда. Қасиетті кітабы — «Авеста». Бұл дінді алғаш рет сол кездері Қазақстан жерін мекендеген тайпа арийлер қабылдаған.

  • Ұлы Жібек жолы арқылы қазақ жеріне христиан, будда, манихейлік діндер тараған.

  • Ежелгі түркі халқының діни нанымының негізі Тәңірге табыну. Тәңірді түркілер Көк деп білген. Көктен кейінгі сыйынатын күш отбасы мен балалардың қорғаушысы Ұмай құдай-ана, яғни Бай ана болып есептелген.

  • VII-VIII ғасырлардан бастап қазақ жеріне арабтар арқылы жаңа дін ислам діні ене бастаған. Азғана уақыттың ішінде ислам діні Қазақстанның көптеген жерлеріне тарап үлгерді.



Интервенция мен Азамат соғысына анықтама беріп, сипаттаңыз


Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1918-1920


Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады. 
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет