Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Энеолит заманындағы қоғамдық еңбек бөлінісі



бет4/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Энеолит заманындағы қоғамдық еңбек бөлінісі
Мыс-тас дәуірі қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі қалыптасып, аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың – егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Әуелде теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан мал шаруашылығымен, аң аулау, балық аулаумен айналысуға тура келді.
Бірақ еңбек құралдарының жетілуі барысында еңбек бөлінісі толық орнықты. Адамзат даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Тесені мыстан, ағаштан жасалған соқаның алмастыруы егіншіліктіңмаңызын күшейтіп, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті. Адамның жасағаны, ойлап тапқаны бәрі еңбек өнімі деп талды. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің — әрмешілдік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың дамуына әкелді.
Алдыңғы дәуірлерде қоғамда әйелдердің рөлі рлерге қарағанда үстемдік етті. Қоғамдық еңбек бөлінісі, мал шаруашылығының маңызы артуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарлатты. Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық ("pater" — әке, "агсһе— билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық белгілеріне және шаруашылық ортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға, еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді
Андрон мен сақтардың антропологиялық пішіндерін салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.



Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1 -мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуроиеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.
Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.
Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар еуропеоидтерге ұқсасған. Олардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Сырт бейнесін академик В.П.Алексеев былай сипаттайды: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады.
Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.
Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау.
Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.

3-билет

  1. VІІІ ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі дінинаным –сенімдер.

  2. Интервенция мен Азамат соғысына анықтама беріп, сипаттаңыз.

  3. Ашель кезеңі Құдайкөл ескерткішінің орналасқан жерін картадан анықтаңыз. Қазба жұмысы барысында табылған заттай деректерге сипаттама беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет