Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


«Алтын адам» мен «Қарғалы диадемасы» бас киімдерінде бейнеленген элементтер негізінде сақтар мен үйсіндердің мифологиялық көзқарастарына талдау жасаңыз



бет34/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары
10с 4т БЖБ-2 Қозғалыс. Биосфера
«Алтын адам» мен «Қарғалы диадемасы» бас киімдерінде бейнеленген элементтер негізінде сақтар мен үйсіндердің мифологиялық көзқарастарына талдау жасаңыз




Алматы аумағындағы ірі қорымдар, “алтын адам” жерленген Есік обасы. Сақтың киімі алтын тоғалар мен жапырақшалар, жылқы, барыс, тауешкі, құс күйінде және қиял-ғажайып мүсіндермен әшекейленген. Ежелгі көшпелілердің өнері мен мифологиясында бейнеленетін жыртқыштардың функциясы—ол шек-шекараны қорғау болып табылады. Тұяқты жануарлардың мүсіндерінің салынуы ол жануарлардың құрбандық мал ролін атқарғанын көрсетсе керек.
Алматы қаласына жақын Қарғалы шатқалынан табылған тәті б.з.б. ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергердің туындысы. Ол аң, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Тәті үш бөліктен тұрады. Әр бөлік тұғыр үстіне қанатты тұлпар бейнелері арқылы ажыратылған. Қақ ортасында айдаһар.тәті көгілдір, ақық т.б. түрлі тастар орнатылып безендірілген.
Қарғалы тәтісінің басты тақырыбы – әлем бейнесі. Үйсіндер жан-жануарлар арқылы әлемді, жер бетіндегі тіршілікті бейнелеген: олардың түсінігінде құстар – аспанның, қанатты тұлпар – күннің белгісі саналған.


14-билет

  1. М.Х.Дулати мен Қ. Жалайыри еңбектері.

  2. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының қазақ жерін біріктірудегірөлі.

  3. Түрік қағанатының саяси жағдайын кесте бойынша толтырыңыз.



М.Х.Дулати мен Қ. Жалайыри еңбектері
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы.
"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті—Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.
Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет