1989 жылғы Қарағанды мен «Жаңаөзен» оқиғалары Қарағандыкеншілерінің ереуілі, (1989 ж. 20-22 шілде), Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырын, «Тентек», «Долинка», КСРО-ның 50 жылдығы, «Абай» шахталарының жұмысшылары 20 шілдеде жұмысты токтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жетілдіру, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде біркатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көгі адам катысқан митингілер болыгі өтті. Ереуілдің негізгі себептері КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждарын елемеуі, Қарағанды бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің үнемі орындалмауы, шаруашылық реформасының баяу жүзеге асырылуы болып табылады. Ереуіл кезінде қалалық, облыстық ереуіл комитеттері (кейін жұмысшы комитеттері) құрылып, олар кеншілердің негізгі талаптарын үсынды. Оларды талқылауға Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Н.Ә. Назарбаев, КСРО Мин. Кеңесі төрағасының орынбасары В. X. Догужиев, одақғық министрліктің өкілдері, республиканың, облыстың басшылары катысты. 47 пункттен тұратын талаптар Облыстық ереуіл комитегі мен Қазақстан КП ОК-нің, КСРО Министрлер Кеңесінің, КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінің және ВЦСПС-тің комиссиясы арасындағы келісілген шаралардың хаттамасында көрініс тапты. Кейбір талаптар орындалды, ал өзгелерінің орындалысы ауық-ауық қаралып, нөтижесі облыстык баспасөзде жарияланып тұрды. КСРО Министрлер Кеңесінің 03.08.1989 ж. №608 каулысымен, т. б. шешімдермен 1989 ж. қазан айына дейін талаптардың жұмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлеу, 30% белдеуік қоэффициент белгілеу, басқару аппаратын қысқарту, жоспардан тыс пайданың 70%-ын кәсіпорын қарамағына калдыру, мед. қызметті жақсаргу т. б. жөніндегі шахтерлердің барлығы 25 талабы орындалды. Көптеген талаптар КСРО-ның «Зейнетақымен қамтамасыз ету» және «Демалыс туралы» зандарының жобасына енгізілді, ал Қазақстанда ядролық қаруды сынауды тоқтату жөніндегі талап одақтық органдарға тапсырылды. Ереуілшілер сенім керсетоегендіктен, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры Н. А. Дрижд қызметінен босатылып, баламалы бес кандидатурадан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Г. Саламатин бас директор болып сайланды. Облыстық жұмысшы комитегінің құрамында белсенді қызмет аткарып, кеншілер талаптарының орындалуына барынша күш салған М. М. Нұртазин Қазақ КСР халық депутаты болып сайланып, алғашқы сессияда Эқология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы, ал П. П. Шлегель және М. М. Рамазанов көмір өнеркөсібі қызметкерлері кәсіподағы аймақғық комитетінің тиісінше төрағасы және хатшысы болып сайланды.